Программасы қолданылады



бет5/5
Дата01.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#160820
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лаб жұмыс.

Осциллограф

Осциллограф – жылдам өтетін айнымалы электрлік процестерді зерттеуге арналған радиоөлшеуші прибор. Функциональдық мүмкіндіктеріне қарай осциллограф бір, екі немесе көп арналы болып жасалынады. Зертханалық жұмыстарды орындау үшін 2 арналы осциллографтар қолданылады. Әрбір арна арқылы дербес немесе өзара логикалық байланыстағы түрлі процестерді зерттеуге мүмкіншілік бар.
Осциллографтың екі арнасы (CHANNEL) А және В 10 мкВ/дел (mV/Div) бастап 5 кВ/дел (kV/Div) дейінгі диапазонда сезімталдықты бөлек реттеумен және тігінен ығысуды реттеумен (Y POS) бар. Кіріс режимін таңдау DС, AC түймелерін басу арқылы жүзеге асырылады
Өрістету режимі түймелермен таңдалады:
Келесі өрістету режимдері іске асырылады:

  • тігінен - сигнал кернеуі, көлденең - уақыт;

  • В/А режимінде: тігінен – В арнасының сигналы, көлденеңінен – А арнасының сигналы;

  • А/В режимінде: тігінен – А арнасының сигналы, көлденеңінен – В арнасының сигналы.

Осциллографты жерге қосу аспаптың жоғарғы оң жақ бұрышында GROUND клеммасының көмегімен жүзеге асырылады.
ZOOM түймесін басқан кезде экран өлшемі артады, суретті көлденең айналдыру және оны тік визирлік сызықтардың (көк және қызыл түсті) көмегімен сканерлеу мүмкіндігі пайда болады, оларды курсормен экранның кез келген орнына орнатуға болады


Electronics Workbench-те электрлік сұлбаларды құру
1. Нұсқаға сәйкес сұлба параметрлерін таңдап алу (1.1, 1.2-кесте)
Кесте 1.1.

Вариант

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

R1, Ом

5

10

15

20

25

50

10

5

15

10

25

30

R2, См

10

5

50

10

10

25

25

15

15

5

2

15



Кесте 1.2

Вариант

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

E1, B

100

50

80

20

40

70

25

80

75

50

40

45

E2, В

80

40

100

40

25

50

50

70

50

50

30

15

2. EWB бағдарламасын қосу (Іске қосу - бағдарламалар- Electronics Workbench - Electronics Workbench)


3. 1.1-суретке сәйкес сұлбаны таңдау.
4. Нұсқаға сәйкес сұлбада R1, R2 мәндерін қою, мультиметрді қосу және көрсеткіштерін жазып алу.
5. Кедергілерді тізбектей қосу кезінде есептеуді жүргізу (1.1-сурет);
6. Тәжірибелік мәндерді аналитикалық есептеген шамалармен салыстыру.
7. Кедергілерді паралелль жалғау кезінде есептеуді жүргізу (1.2-сурет);
8. Тәжірибелік мәндерді есептеген мәндермен салыстыру.




1.1-сурет


1.2-сурет

9. 1.3-суретке сәйкес сұлбаны жинау;
10. Сұлбада Е1 және Е2 мәндерін нұсқаға сәйкес қойып, вольтметрді қосу;






1.3-сурет


1.4-сурет

11. Кернеу көздерін тізбектей жалғау кезіндегі есептеулерді жүргізу (1.3-сурет);


12. Тәжірибелі мәндерді есептеген мәндермен салыстыру.
13. 2.4-суретке сәйкес сұлбаны жинау.
14. Нұсқаға сәйкес сұлбада R1, R2 және Е1 мәндерін қойып, қажетті өлшегіш құрылғыларды қосу.

  1. Кернеуді бөлетін әрбір резисторда кернеуді есептеу (1.4-сурет);

  2. Тәжірибелі мәндерді есептеген мәндермен салыстыру;

  3. Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет