Экрандаформулалар палитрасы пайда болды. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы (қызыл стрелка) шертіңіз, палитра жинақталады. F6 ұяшығын белсенді етіп, тышқан батырмасын басып тұрып курсорды F бағанының бойымен F20 ұяшығына дейін тартыңыз. Жинақталған палитраны енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы қайта басу арқылы ашыңыз. Палитраның бірінші жолында автоматты түрде жазылған формуланың дұрыс жазылуын және сумманың дұрыстығын тексеріңіз. Егер барлығы дұрыс болса (қате тек ұяшықтар дұрыс белгіленбеген жағдайда болады), ОК басыңыз. С22 ұяшығында өте жақсы бағалардың суммасы немесе =СУММ(F6:F20) формуласы пайда болады. Осы тәсілмен басқа бағалардың санын есептеңіз. Барлық алынған бағалардың суммасын да (БАРЛЫҒЫ) осылайша есептеуге болады немесе Автосуммабатырмасының көмегімен есептеуге болады:
Курсорды С27 ұяшығына орнатыңыз;
«» (Автосумма) батырмасын шертіңіз;
бағалардың барлық түрлерінің суммасын есептеу үшін ұяшықтарды белгілеңіз (С22:С26);