Осылайша, формулалар жолында формула пайда болады: =ЕСЛИ(D6=5;1;0). Бұл дегеніміз: егер бірінші студенттің бағасы «5» (біздің жазуда D6=5) болса, онда F6 ұяшығында 1, ал кері жағдайда 0 пайда болады.
Осы түрде келесі ұяшықтарға формулалар енгізіңіз:
G6: =ЕСЛИ(D6=4;1;0)
H6: =ECJIИ(D6=3;1;0)
I6: =ЕСЛИ(D6=2;1;0)
J6: =ЕСЛИ(D6="келмеген";1;0)
Осы формулаларды әрбір студент үшін осылай енгізіп отырмау үшін формулаларды көшіруге болады. Ол үшін F6, G6, Н6, I6, J6 ұяшықтарын белгілеп, саймандар панелінен Копироватьбатырмасын шертіңіз, формулалар орналасуы қажет барлық жолдар мен бағандарды белгілеп, саймандар панеліндегі Вставить батырмасын шертіңіз. Барлық белгіленген ұяшықтар автоматты түрде формулалармен толтырылады. F, G, H, I, J бағандарында студенттің алған бағасына сәйкес 0 мен 1 сандары пайда болады. Формулаларды барлық ведомосттарға көшіріңіз.
Алынған бағалардың нақты бір түрінің суммалық санын анықтау өзгеше орындалады. «Өте жақсы» бағаларын есептеу үшін тышқан нұсқағышын С22 (B22-ге қарсы) ұяшығына орнатыңыз. Функциялар мастерін шақыртып келесі параметрлерді таңдаңыз:
функция категориясы: математикалық;