С27 ұяшығында бағалардың жалпы саны (15) немесе =СУММ(С22:С26) формуласы пайда болады.
Барлық формулаларды барлық ведомостьтарға көшіріңіз.
2. Енді «Стипендия» парағын толтырамыз. Формулаларды қолданып стипендия тағайындалуын есептейміз.
«Стипендия» парағын ашыңыз. В1 ұяшығына кесте атын енгізіңіз: «СТИПЕНДИЯ», В2 ұяшығына – «минимум», С2 – «стипендия», D2 - 15000 (минимал стипендия мөлшері). A5 және B5 ұяшықтарынан бастап, А20 және В20 ұяшықтарына дейінгі А бағанын (студенттердің реттік нөмірлерімен) және В бағанын (студенттер фамилияларымен) «Шаблон» файлынан көшіріңіз. Қосымша бағандар қосыңыз: «Орташа балл» (C5 ұяшығы), «тапсырылған емтихандар саны» (D5) және «Стипендия» (E5).
Студенттің орташа балын есептеу үшін С6 ұяшығына орташа балды есептеу формуласын енгізу керек. Бұны келесідей орындаңыз: