Проприорецепторлар мен ноцирецепторларға және олардың түрлеріне анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз


Хромофильді жасушаларға: қызыл түске боялатын ацидофилді аденоциттер және көкшіл түске боялатын базофилді аденоциттер жатады



бет25/27
Дата15.06.2023
өлшемі67,94 Kb.
#178862
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
3 деңгейдегі ОФД

Хромофильді жасушаларға: қызыл түске боялатын ацидофилді аденоциттер және көкшіл түске боялатын базофилді аденоциттер жатады.
Ацидофилді (оксифилді) аденоциттер — соматропин (өсу гормоны), пролактин (лактотропин), адренокортикотропты гормондарды, ал базофильді аденоциттер — гонадотропиндер (ФСГ, ЛГ) мен тиретропты гормондарды бөледі. Туберальды және аралық бөліктерді көгіддір түске боялған, мөлшері мен пішіндері біркелкі келген майда аденоциттер құрайды. Аралық бөліктің безді жасушалары организмдегі пигмент алмасуын реттейтін интермедии (меланотропин) гормонын түзеді. Нейрогипофизде гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін вазопрессин және окситоцин гормондары қан қылтамыршаларына (капиллярларына) өтеді.
Гипофиз — адам мен жануарлар организмдерінің дамуына, өсуіне, сондай-ақ, олар дағы жүретін зат алмасу процесіне әсер етіп, денедегі басқа ішкі секреция бездерінің қызметтерін реттеуге қатысады.
Гипофиз-қақпалық жүйе (гипофизео-портальная система); (грек, hypophysis, porta — қақпа және systema - жүйе) ~ гипоталамустың орталық (медиальды) деңесі мен гипофиз аяқшасының қан капиллярларын аденогипофиздің соңғы бөліктерінің қойнауша капиллярларымен байланыстыратын венулалар топтары.


Эпифиз (epiphysis, грек, ері — үстінде, рһуо — өскін, бүр) — аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады.



Балалардың оқыту процесіне, мектепке бейімделуінің үш деңгейін атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет