PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Педагогикалық қарым –қатынас стильдері



бет29/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Педагогикалық қарым –қатынас стильдері.
Кәсіби педагогикалық қарым–қатынас байланысын шартты түрде ғалымдар бірнеше оқытушылар стилін бөліп көрсетті:
1.Диктаторлық үлгі немесе «монблан», яғни оқытушы студенттерден алшақ, өзінің білімімен шарықтау шегінде болады. Ол үшін студенттер тек тыңдаушылар ретінде қабылданады. Ешқандай өзара қарым –қатынасқа түспейді. Педагогикалық қызметі – ақпарат берумен шектеледі. Нәтижесінде халықаралық контакт болмайды, студенттердің белсенділігі төмен деңгейде болады.
2. Контактылы емес үлгі немесе «Қытай қабырғасы» деп аталады. Бұл өзіндік тұрғыдан монбланға ұқсас, өзгешелігі әлсіз, кері байланыс бар. Нәтижесінде әлсіз өзара байланыс, студенттер тарапынан немқұрайлылық байқалады.
3. Саралап тыңдау үлгісі – «локатор», яғни оқытушы белсенді топтармен ғана жұмыс жасайды. Көпшілігі назардан тыс қалады. Нәтижесінде өзара қатынастың тұтастығы бұзылады. Аудитория толықтай кері байланыс болмайды.
4. Гипорефлексивті үлгі - «Тетерев» деп аталады.Қатынаста тұйық, оның дәрісі бірсарынды, сөйлеу барысында өзін – өзі әрең естиді, тыңдаушыларға мән бермейді, нәтижесінде өзара қарым –қатынас толығымен жүзеге аспайды. Қарым – қатынасқа түсушілер бір – бірінен алшақ,оқу –тәрбие іс -әрекеті формальді іске асырылады.
5. Гиперрефлексивті үлгі – «Гамлет» деп аталады. Бұл алдыңғы «тереровқа» қарама-қарсы дәрісінің мазмұнына мән береді. Бірақ студенттердің меңгеруі қадағаланбайды. Өзінің
іс -әрекетіне үнемі сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан да ашушаң,нәтижесінде әлеуметтік халықаралық сезімі басым. Басқарушылық қызметі төмен, сол себептен көбіне басқарушылық студенттердің қолына ауысады.
6. Сенімсіз – «Робот». Оқытушының студенттерімен қатынасы қатаң бағдарлама арқылы іске асырылады. Оның сөйлеу мәнері, қимылы барлығы алдын ала реттелген. Студенттердің халықаралық жағдайы, жас және этикалық ерекшелігі есепке алынбайды.
Нәтижесінде педагогикалық өзара қарым –қатынастың тиімділігі төмен болады.
7. Авториторлық үлгі немесе «мен - өзім» деп аталады. Оқу тәрбие процесі толығымен оқытушының басымдылығын көрсетеді. Ол маңызды жеке тұлға, студенттермен шығармашылық қарым–қатынас мүлдем болмайды.Тек оқытушы тарапынан ғана белсенділік көрсетіледі. Студенттердің танымдық белсенділігі мен қызығушылығы минимумға дейін төмендейді.Сабақтың шығармашылық сипаты жойылады.
8. Белсенді қарым-қатынас үлгісі немесе «одақ»деп аталады. Оқытушы үнемі студенттермен диалогтық қарым-қатынасқа түседі. Студенттер тарапынан жасалатын ұсыныстарды қолдайды.Студенттердің психологиялық ахуалы, достық қарым-қатынас, рөлдік дистанция сақтайды. Нәтижесі оқу-тәрбие процесін бірлесе отырып, шығармашылық тұрғыдан шешіледі және нәтижесі болады.
Бұл стильдерді талдай келе, М.Толон өзіндік үлгі ұсынған:
1. Сократ үлгісі-ол дискуссия, талас арқылы оқытушы өз қызметін атқарады. Талас
мәселесінде студенттер өзіндік көзқарастарын дәлелдеуге тырысады .
2. Топтың дискуссия жетекшісі, яғни топтардың бір шешімге келуін қадағалайды.
3. Мастер «шебер» деп аталады. Оқытушы үлгіретінде қабылданады.Студенттер оның
әрекетін, тіпті киім үлгісін де үлгі тұтады.
4.Генерал деп аталады. Мұндай оқытушы үшін студент солдат ретінде қабылданады.
Қатаң талаптар қойылады.Студенттен мүлтіксіз бағынуды талап етеді.
5. Менеджер.Студенттің өзіндік ұсыныстар мен іс-әрекеті оқытушы тарапынан қолдау тауып отырады. Мәселені шешуде нәтижесі бақыланып, бағаланады.
6. Тренер. Студентер команда ретінде бәсекеге түседі. Бұл негізі жеңіске бағытталған.
7. Гит деп аталады. Оқытушы нағыз энциклопедист ретінде танылады. Ұстамды,нақты, жауапкершілігі мол.
Қазіргі таңда оқытушының каммуникативтік икемділігін, олардың бір-бірімен қатынаста тез, шапшаң тіл табысу қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория мен тәжірибеде жоғарғы оқу орнына бағытталған диалогтік және пікірталастық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Мұндай әдістемелер жоспардың қатынастың барысындағы икемділігін көрсете білуін және өз көзқарасын дәлелдеп, сұрақтарды нақты, жеткізе білетін қабілетін қалыптастырады.Сондықтанда коммуникативтік икемділікті дамыту, педагогикалық тәжірибе барысында және өзара байланыс жүйесінде теориялық білімді қажет етеді. Ал педагогикалық қатынастың технологияларын толық шешу үшін коммуникативтік міндеттердің орындалу сатысы іске асырылады:
1. Қарым-қатынастық жағына бейімделу.
2. Басқа адамдарды өзіне қарату.
3. Нысананың жандүниесін жаулап алу;
4.Сөздік қатынасты іске асыру;
5. Эмоционалды және мазұнды байланысты іскеасыру.
Педагогикалық қарым-қатынастың педагогикалық үрдіске сәйкес төмендегідей бөліктерді қамтиды:
-мерекелік шарада немесе сабақты дайындау үрдісі кезінде қатынасты қалыпқа келтіру;
-қарым-қатынастың үздіксіздігі;
-қарым-қатынастың басқарылуы;
Педагогикалық қарым –қатынастың кезеңдері:

  1. Болжау кезеңі,яғни педагогикалық іс-әрекеттерге дайындалу процесіндегі педагогпен топ арасындағы қарым-қатынасты үлгіленуі .

  2. Қарым –қатынастың бастапқы кезеңі,яғни аудитория мен топ арасындағы

қатынасты ұйымдастыру .
3.Педагогикалық процес негізінде туындайтын қатынасты басқару кезеңі .
4.Берілген қызметтегі қатынасты үлгілеу және қалыптасқан қатынас жүйесін талдау.
5. Қарым –қатынастың шығармашылық кезеңі. Ол 4 кезеңнен тұрады:
-коммуникативтік құрылымды жоспарлау мәселесі;
-оның негізгі элементарлық іске асырылуы;
-педагогикалық процестің дамуын басқару кезеңі;
-оқытушы өз қатынасының жүйесін талдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет