PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет32/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Шығып сөйлеудің архитектоникасы.
Үнемі не айту маңызды емес
Қалай айту маңызды
М.Горкий
Сабақта, сыныптан тыс уақытта, тіпті кез келген өмірлік жағдайларда бәрінен бұрын әңгімені бастай білу керек.Әрбір сабақтың, тәрбиелік пікірлесудің, ата-аналармен әңгіменің басталуы қызық, бәрінен бұрын тыңдаушыға қызық болуы керек. Әкімшілік әсер етуді пайдаланбай, дауыс көтермей ұйымшылдықты, тәртіпті орнатқан, барлық тыңдаушыларды жұмысқа еліткен, ата-аналар серіктестердің өзінің айтқанына зейіндерін аудартқан мұғалімге мақтау мен абырой. Төмендегі үлгі осыған жетуге көмектеседі. Оның біреуі – байланыстың алғашқы минуттарын, әсіресе алғашқы сөздерді күтпеген әрі қызықты болуы керек. Адамдармен әңгімені басталуының жарқын қажеттілігін бағаламау мүмкін емес.
Сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де алғашқы минутта ерекше ауыр болады. Педагог қобалжиды (егер ол сезім жоғалса, өте ауыр). Сөз бастаудағы қобалжу тәртіпке келтіреді, оның алдын ала дайындалуын, эмоционалды сөйлеуін, оның ойлануын ынталандырады. Мұғалімдер сабақтың және пікірталастың алғашқы минуттарында олар жұмысқа қосыла алмайды және ол заңдылық. Бұл кезде ескерту айту орынсыз. Таң қалдыратын сөздер қажет, сол кезде тыңдаушылар «арнаға» өздері келіп қосылып қана қоймай, жұмысқа кедергі жасаушыларға «тыныш» деп айтады.
Сабақтың басы (шығу, әңгіме) іш пыстыратыны әдетті. Банальды бастау жаңа ешнәрсе айтпайтындай ой қалыптастырады және оны бірден тыңдамай қояды. Керісінше, еліктіруші бастау, сөйлеушінің қызықты фразалары елітіп, зейін тудырып, сөйлеушіге сыни көзқарастарды жояды.
Осыдан сабақтың, лекцияның, пікірталастың басын мұхият дайындау қажеттілігі туындайды. Әңгімені, мысалы, салмақты жұмысты құлықты ұранмен, қатал ескертумен, сабақта болатын бір тонды атап өтумен бастауға болмайды. Дұрыс: «Бүгін біз сабақтан үйреніміз...және түйідейміз...» деген мәселеге көшкен жөн. Аудитория алдына шығатын бастаманы дайындағанда сөйлеу түрін (лекция, доклад, әңгімелесу, сабақтағы материал мазмұндамасы), аудитория құрамын, оның дайындығын, қаралатын мәселе мінезін т.б. ескерген жөн.
Кіріспені қарапайым, әр бір тыңдаушыға жақсы түсінікті фразалардан құрған жөн. Материалдың эффективті қабылдануы, мазмұндама басында ой айтқанда, оқушылардың көңіл күйлерімен үндесе жоғары болады. Тәжірибелі оқытушылар, ережеге сай, аудиторияға шығу бастамасын қалай дайындайтынын біледі.
Шынайы кіріспені пайдаланып, мұғалім әңгімені сол қалпында жалғастыруға ұмтылады. Драмалық момент, барлығына түсіндірілетін негізгі бөлім, бір қарағанда ең іш пыстырарлық материал, тәрбиелік әңгімелер – барлығында жарқын фактілер, мысалдар, теңеулер болуы қажет. Жақсы айтылған мысал сөздік әсер етудің эффектілігін туындатады. Факті арқылы абстрактілі ойлауы жеткілікті дамымаған оқушыларды сендіру оңай. Ежелгі римдіктердің өзі де мысалдарсыз дұрыс үйрету, сәтті оқу мүмкін емес деп есептеді. А.Цицерон фактілермен дәлелдейтін жерге сөз қажет емес дейді. Бұл жөнінде И.П.Павлов, өз жұмысына, адамдарды үгіттеуге өмір бойы факт жинау қажеттілікке көп көңіл бөлді. «Фактілер-бұл білімдінің ауасы, - деп жазды ол. Оларсыз сіздер ешқашан ұша алмайсыздар, оларсыз сіздердің теорияларыңыз – бос жанып-сөнулер» деп тұжырымдаған.
Аудиторияға шығудың негізгі бөлімінің материалының мазмұнын жай бастау ұсынылады. Сонда сөйлеудің эксперсивті дыбысталуын күшейтуге болады. Егер әңгімені жоғары тонда бастап, кейін жай сөйлеп, аудиториямен жұмысқа көшуге көбіне мүмкін болмайды.
«Қазір, бірінші сабақта сендер тоғызыншы сынып материалы нені қамтитынын білесіңдер, қызық, тіпті мен айтар едім, еліктіргіш, бірақ өте қиын экономикалық география бағдарламасынсыз мүмкін емес». Содан кейін, қандай жағдайда бұл мүмкін емес екендігі қарастырылады: егер сабақтарды жіберіп алса, үйде тущты, түрлі қарындаштарды, контур картасын және т.б. ұмытқанда. Қай кезде осы тізім бітсе, сол кезде аудиториямен байланыс орнайды. Зейінді шақырудан, ұны ұстап тұру жеңіл. Әңгімені айтылған сөзді күлкімен аяқтауға болады. Сол кезде сабақ қызықты, тиімді, материалды бәрі қабылдайды.
Әңгімені цитатымен бастауға болады. Мұндай жағдайда цитатыны жатқа білу қажет. Ол мазмұны жағынан терең және аудиторияға беделді автор болуы керек. Және ең қиыны тыңдаушыларға таныс емес болуы керек. Әңгіменің басында әзіл пайдаланған жақсы, шулы кітап, кинокартина жөнінде естеліктер, проблемалық сұрақ.
Кейде жас адамдардың назарын аудару үшін былай бастауға болады: «Мен бір керемет қызық адамды білемін...» немесе «Бұл желтоқсанның 19-да болды...». Стандартты емес бастаулар мұғалімге және оның не айтатынына қызығушылық тудырады. Ал қызығушылық мотивтің туындауына, эффективті сөйлеудің басты жағдайына әсер етті. Тыңдаушыны оятатын және естігенді меңгерудегі ең эффективті мотив – танымдық қажеттілік.
Соңғы жылдары, балалармен, жастармен жұмыс жасау қиын болған жағдайда (информациялық нәрселердің кең дамуы хабардарлықты үлкейітті, балаларды бір нәрсемен қызықтыру, қызықты әңгімемен таңқалдыру қиын болды), әсіресе мынадай сұрақ тұрды: үнемі сөз арқылы әсер ету күшіне ие бола аламыз ба?
Мысалдарға жүгінейік. Мұғалім сыныпқа кіріп тұрған оқушыларға қатал қарап, сәлемдесіп, бірнеше ескерту жасады да кезекшіден мәлімет алды. Сол кезде оқушылар сөйлесіп, кейбір оқушылар парталарында жатыр, қыздар өздеріне берген хатты оқып отыр.
«Әңгімені тоқтатыңдар, - мұғалім талап етті, - сендер не мұғаліммен амандасу керек екендігін білмейсіңдер ма? Қолдарыңды түсіріңдер. Алматов, саған қанша рет айту керек, аузыңды жап. Ділмұратова хатты құрт».
Бұның бәрі – оқушылардың көзіне қараудан бас тартып, балалардың үстінен қарау. Сабақ жүргізуде мұғалімнің балалармен байланысқа түсуге қызықпайтын ой туғызды. Ол сабақты қызықты бастаудың орнына үздіксіз ескерту айтты.
Ал міне басқа мысал. Педагог сыныпқа сенімді, жымыйып кіріп оқушылармен амандасты. Сосын сабақтың тапсырмасын қысқаша түсіндіріп, сабақта не оқылатынын айтып кетті. Мұғалім сыныппен амандасып жатқандағы сөйлеп тұрған екі оқушының іс-әрекетін сабақты қорытындылағанда қаралды.
Мұғалім оқушыларды салмақты сабаққа тез бейімдейді. Бұған оның өзіне сенімділігі, тәртіпке әкімшілік жолмен емес, сабақ мазмұндылығымен жету болды. Іскерлік сөйлеу жымию, сыныппен кездескеніне қуанышты екенін, оқушылардың оқуға ынтасы барына сенімді екенін айтады.
Көбіне қызықты басталған әңгіме, тартымды, пайдалы болады деп есептейді. Егер педагог қызықты бастай білсе, онда ол табиғаты жарқын деп есептелінді. Міне сондықтан қызықты бастау керек.
Тыңдаушыларды қызықтырамын деп, аудиторияға шығудың негізгі мақсаты – оларды проблемаға ендіру, тақырыпты қабылдауға дайындау екенін ұмытпаған жөн. Бақылау барысында оқытушылардың 2%-ы ғана сабақты жарқын, қызықты фактілермен, мысалдармен алдын ала дайындалып бастайды екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет