Бұл тарауды қызығып оқып шықтым және өзімнің оқу ғимаратымда автор ұсынған әдісті сынауға дайынмын.
Ғылыми-зерттеу жұмысының пайдалы екендігін насихаттауға дайынмын.
Ғылыми-зерттеу жаңалықтарын іздеумен айналысар едім.
Жаңалықтарды міндетті түрде ашқым келеді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарын жасап, оны күнделікті қолданысқа енгізгім келеді.
Өзіңіздің мүмкіншіліктеріңізді 10 баллдық жүйе бойынша бағалаңыз.
15 балл – ғылыми-зерттеу жұмысына өзіңізді сынап көріңіз;
30 балл – зерттеу жұмысын сенімді бастай беріңіз;
45 балл – жұмысты оның нәтижелерін үнемі жариялау немесе педагогикалық конференцияға қатысу мақсатында бастаңыз;
50 балл – мамандармен кеңесе отырып, диссертация жұмысын бастаңыз;
Ғылыми зерттеу әдістері:бақылау,сауалнама, эксперимент. Бақылаудегеніміз-зерттелініп отырған объектіні мақсатқа бағытталған, ұйымдасқан және белгілі-бір жолмен қызмет ететін қабылдау және объекті жүріс-тұрыстарын тіркеу.
Бақылау әдісінің түрлері:
Бақылау объектісіне байланысты: тұтас бақылау және селективті бақылау;
Бақыланатын объектінің орналасуына қарай: сыртқы объективті дүниені бақылау және ішкі субъективті дүниені бақылау, немесе өзін-өзі бақылау-интроспекция;
Зерттеу мақсатына сәйкес: еркін бақылау (басқарылмайтын, мақсатсыз бақылау) және мақсатты бақылау;
Сипаттау, баяндау бірлігіне қарай: жүйеленген және жүйеленбеген бақылау. Жүйелік бақылау белгілі-бір жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылаушы жүріс-тұрыстың тіркелетін ерекшеліктерін көрсетеді және сыртқы ортаның шарттарын жіктейді. Индивидтің немесе топтың белгілі шарттардағы жүріс-тұрыс көрінісі. Жүйеленбеген емес бақылау зерттеу үстінде жүргізіледі. Ол этнопсихология, даму және әлеуметтік психологияда қолданылады.
Бақылаушының позициясына қарай: сырттай бақылау және қосарланған бақылау. Сырттан бақылаудың өзі ашық және жабық болып бөлінеді;
Бақылауды ұйымдастыру тәсіліне байланысты: лабораториялық бақылау, еркін жағдайдағы бақылау (полевое наблюдение), арнайы қалыптастырған жағдайдағы бақылау (спровоцированное наблюдение);
Бақылауды хронологиялық ұйымдастыруға байланысты: лонгитюдті бақылау, белгілі-бір кезеңдік бақылау, жеке жағдайды бақылау.
Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері:
Бақылаудың түрлері: бақылау мақсатына байланысты (мақсатқа бағытталған және еркін бақылау), бақылауды ұйымдастыруға байланысты (табиғи, лабораториялық және арнайы қалыптастырылған бақылау), хронологиялық ұйымдастыруға байланысты (лонгитюдті, кезеңдік және бір ғана бақылау), есеп беру түріне байланысты (стандартталынған және стандартталынбаған);
Бақылау қателері: гала-эффект қателігі, логикалық қателік, контраст қателігі, орталықтану қателігі.
Ғылымдар қатарында бақылау әдісі жалғыз эмпирикалық әдіс болып табылады. Классикалық бақылаушы ғылым астрономия болып табылады. Оның барлық жетістіктері бақылау техникаларын жетілдірумен байланысты.
Сауалнама жазбаша анкета және ауызша әңгімелесу және сұхбат болып бөлінеді. Анкета бақылау барысында өзгермейтін қатаң құрылымда болады. Егер бақыланатын адамның қатысуынсыз толтырылса анкета сырттай жүргізіледі және бақыланатын адамның өз сөзімен толтырылады. Анкеталау арқылы қысқа уақыт ішінде көп адамды қамтуға болады.
Анкета дұрыс құрылса, ол математикалық өңдеуге жеңіл түседі. Анкетаның бір кемшілігі- оның сенімділігінің аздығы. Сондықтан алынған нәтижені басқа да тәсілдермен тексеру қажет.Анкетаның сауалнама мақсатын және толтырылуы туралы қысқаша мәлімет көрсетілетін кіріспесі болады. Содан кейін бақыланушыны қызықтыратын және анкетамен жұмысын жеңілдететін кіріспе сұрақтар беріледі.Одан әрі бақыланушының зерттеу мәселесіне қатысын білдіретін негізгі сұрақтар қойылады.Зерттелушінің демографиялық мәліметтері туралы сұрақтар мәтіннің соңында беріледі. Анкета соңында зерттеу жұмысына көмек көрсеткені үшін зерттенушіге рахмет айтылады. Анкетаға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жабық сұрақтар қойылған дұрыс. Мұндай сұрақтарды матеметикалық өңдеу жеңіл болады.Әңімелесу анкетамен салыстырғанда құрылымы тұрақсыз. Оны жүргізу қиынырақ. Оған өнер элементтері қажет. Егер әнгімелесу зерттелушінің жеке өміріне қатысты болса, онда зерттеу мақсаты оған белгісіз болуы керек. Өйткені, зерттелуші жауабын өзгертуі мүмкін. Ал зерттеуші әрқашан жұмыс мақсатын есте сақтауы қажет және одан ауытқымауы керек.Олай жасамаса, бос әңгімеге айналады. Әңгімелесу сұрақтары қойылған мақсаты шешуге көмектесетін мақсаты және қолдаушы, әңгіме жүргізуге көмекші болып бөлінеді. Әңгіме жүргізу педагогикалық білімділікті талап етеді. Зерттеуші жауаптары ешқандай қауіп туғызбайтынына сенімді болуы керек. Әңгімелесу кезінде бөгде адам болмағаны дұрыс, ең дұрысы зерттелушіге жақсы таныс орында бетпе-бет жүздескен жөн. Әңгімелесу кезінде жазбаларды қолданған дұрыс. Бұл зерттелушінің жүйкесіне әсер етеді. Бірақ әңгіме аяқталған соң, бірден жазып алу керек. Егер әңгімелесу нәтижесі жасырын магнитафон көмегімен жазылып алынса, тәсілдің маңыздылығы артады. Егер зерттеуші өзінің сөздері жазылып жатқанын көрсе еркін әңгіме құру қиынға түседі.
Сұхбат әңгімелесуден өзінің бір жақты бағытталуымен ерекшеленеді. Зерттеуші сұрақ қояды, ал зерттеуші тек жауап береді.
Эксперимент – маңызды ғылыми тәсіл. Тәрбие және үлгірімі бойынша зерттеу жүргізуде педагогикалық эксперимент қолданылады.
Экспериментті жүргізуде 3 түрлі әдісті қолдануға болады:
бір ғана айырмашылық әдісі
бір ғана ұқсастық әдісі
сәйкес өзгерістер әдісі
Бір ғана айырмашылық әдісімен зерттеу жүргізгенде біріктірілген топ принципі қолданылады.(Эксперименттік және қорытынды.) Эксперименттік топқа тәрбие және білім беру экспериментатор белгілеген бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Қорытындыда - зерттеушінің қатысуынсыз жүреді. Нәтижедегі айырмашылық екі топта да тиімділік пен тиімсіздік жайында айтылады. Екі топтағы оқытылатын фактордан басқа шарттардың барлығы бірдей болуы керек. Мысалы: Оқытуда жаңа тәсілдердің тиімділігін үйрету барысында екі топта да сабақ саны бірдей болуы тиіс, оның қайталануы, екі сабақ арасындағы уақыт, сабақтан тыс уақыттағы орындалатын жұмыстар көлемі, т.б.
Біршама уақыттан соң эксперименттік және қорытынды топтарындағы өзгерістерге баға беріледі және алынған нәтиже салыстырылады.Эксперимент соңында қорытынды және ілгерілеуді көру үшін шешуші бақылау жүргізіледі. Егер олар сандар түрінде берілсе, алынған мәліметтерді математикалық түрде өңдейді. Эксперименттік және қорытынды топтар абсолют ұқсас болмаса, эксперименттің қиысу сипатының көмегімен айырмашылық анықталады. Бір ғана ұқсастық әдісімен эксперимент жүргізгенде зерттеуші бір ғана тексеру объектісін өзгеріссіз қалдырады. Мысалы: жаңа оқу бағдарламасы. Тәрбие және білім беру талаптары зерттеушінің еркіне байланысты емес. Бағдарлама әртүрлі педагогтармен, әртүрлі топта және шартта, көпшілікке жүргізіледі. Сәйкес өзгерістер тәсілі арқылы эксперимент жүргізгенде тәрбие немесе білім берудің әртүрлі кезеңдерінде іс-әрекетке әсерін немесе оқытудың нәтижесін ұғыну мақсатында жаңа әдістер енгізіледі. Мысалы: тәрбие беру мақсатындағы әдіс бір сыныпта, студенттік топта оқушыларға тыныштық немесе қозғалыс жағдайында, тығыз сабақтан шаршағанда немесе сергек жағдайда және т.б. ұзақ уақыт мөлшерінде қалай әсер ететінін анықтау үшін қолданылады. Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да жүргізіле береді. Сондықтан зерттелуші өзінің зерттеу жұмысына қатысып жатқанын білмейді.
Зерттеу мақсатына байланысты эксперимент сәйкестендіруші немесе қалыптастырушы болып бөлінеді.Сәйкестендіруші эксперимент мінез, білім, қабілет, дағды және т.б. оң және теріс сипаттарын анықтауға көмектеседі. Ол оқушының теориялық және практикалық дайындығын байқауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы эксперимент оқушының тәрбие және біліміне жаңа мазмұн бере отырып, жастар ұжымы өмірін ұйымдастырады. Оған мысал ретінде кез келген оқу пәніндегі теориялық және практикалық материалды меңгерудегі сөздік әдістің әсерін алуға болады. Педагогикалық эксперименттен лабораториялықты ажырата білу қажет. Қарапайым педагогикалық экспериментте оқушылар немесе зерттелуші топ кәдімгі, қарапайым жағдайда бақыланады.
Лабораториялық экспериментте оқшауланған, арнайы дайындалған зерттеу құбылыстары айқын көрінетін орындарда жасанды орта қалыптасады. Лабораториялық экспериментке тест тапсырмаларын орындау барысында жеке тұлғаның жағдайы мен қасиеттерін, психикалық процестерді бағалау және арнайы ұйымдастырылған зерттеуді мысалға алуға болады.
Лабораториялық эксперимент зерттелушінің ішкі дүниесін ғана ашып қоймайды, сонымен қатар, организмдердің жасырын физиологиялық реакцияларын да көруге мүмкіндік береді.
Педагогикалық эксперименттен соң алынған мәліметтерді міндетті түрде көп адамға тексеру қажет. Экспериментті өткізуде келесі міндеттерді қатаң сақтау қажет:
тәрбие және білім берудің педагогикалық принциптерін ұстану;
тапсырмалар мен зерттеу гипотезаларын дұрыс ұйымдастыру үшін әдебиет және практикада сұрақтардың мазмұнын алдынала зерттеу керек;
экспериментті өткізу жоспарын құру;
мазмұнын бөлшектеп жоспарлау және эксперименттік зерттеудің әрбір элементінің кезектесуі;
эксперимент жүргізуде зерттелетін процеске жүйелік қорытынды енгізу керек. Дәлелдерді нақты бейнелеу;
алынған мәліметтерді ескі мәліметтермен салыстыру;
эксперимент нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау;
Зерттеу барысында уақытында ескерілмей және жөнделмеген қателер болуы мүмкін. Алынған мәліметтердің дұрыстығына толықтай сенімді болу үшін міндетті түрде көпшілікке эксперимент, яғни өзінің әдістемесін басқа оқытушыларға ұсынып, әртүрлі педагогикалық жағдайлардың заңдылықтарын білу үшін бір ғана емес, көптеген педагогтардың тәжірибелерінен алынған дәлелдер қажет. Әрине, әрбір нәтиже алынған қорытындының сенімділігін нығайтады. Сонымен қатар, алынған мәліметтерді басқа да әдістермен қайта тексеру қажет. Эксперимент көмегімен алынған және басқа әдістермен тексерілген материалдар кез келген теориялық білімнің негізін құрайды. Ол дұрыс қорытынды жасауға, зерттелетін құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға, тәрбие және білім беру заңдылықтарын табуға мүмкіндік береді. Оқытушының жұмысына социометрия және шкала әдістері көп көмек болады. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас – сенімділік – жақсылық – олардың іс-әрекетіне әсер етеді, жақсы әдеттердің, жеке тұлғаның көптеген қасиеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар, әр оқушының ұжымдағы ролін білу педагогикалық әсерді тиімдірек етеді, іс-әрекеттің алуан түрін ұйымдастыру тапсырмаларды дұрыс орналастыруға мүмкіндік береді. Қай баланың қай топқа жататынын жақсы білу керек. Мұндай топта жақын достар арасында өздерінің қалыптары, құндылықтары және іс-әрекеттерін қалыптастыру пайда болады. Кіші топтың қолдауын бағындыру арқылы, оның мүшелеріне салыстырмалы түрде жеңіл әсер етуге болады.