Өзіндік бақылау сұрақтары
Шиеленіс себептерін айқындаңыз?
Шиеленісті шешу жолдарын атаңыз?
Әдебиеттер:
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении . - М., 1987г.
Аникеева Н.П.Психологический климат в коллективе. - М, 1989 г.
Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология - наука о путях достижения вершин профессионализма. - М., 1993 г.
Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения, М., 1998 г.
№ 11-дәріс.Тұлғалық қабілетттер.
Педагогтің өзіне және оқушыларға талап қоюы.
Мадақтау және жазалау.
Тәрбие тәсілдері.
Педагогтің өзіне және оқушыларға талап қоюы.
Педагогтың тұлғалық қабілеті оның педагогикалық әдебінде көрініс табады. Педагогикалық әдеп айналадағылармен қарым-қатынас, әcipece бейімденушілерге талап қою барысында оларға құрметпен қарау арқылы айқындалады. Педагогикалық әдеп педагогтың оқушылармен әр сабақтың алғашқы және соңына дейінгі қатынасынан құралады.Сабақтың басында мұғалім аудиторияны түгел қарап алып оқушылармен сәлемдеседі.Ол әрбір оқушыны кезекпен қарап,өзінің бет-әлпеті арқылы тәрбиеленушілермен кездескеніне қуанышты екенін білдіреді. Жаңа сабақты түсіндіру,жаттығуларды орындау,қатемен жұмыс жасаған кезде педагогикалық мақсаттылықты ұстанған жөн. Сонымен бірге теореманы ұзақ түсіндіріп,көптеген дәлелдемелер келтіріп,оқушыларды бүкіл сабақ бойы сөгудің керегі жоқ.Оқушылар екі-үш ескертуді ғана жадына сақтайтынын есте сақтау керек.Сабаққа ынталы топтың ішінде кейбір оқушылардың қателіктеріне шамадан тыс тоқталудың жөні жоқ.Мұндай әрекеттер ол оқушының мұғалімге немесе оның пәніне деген жек көрушілік сезімін туындатуы мүмкін. Педагогикалық әдептілік оқушымен дұрыс қатынас орнатып қоймай,оның білімін тексеру мен қадағалау барысында да нәтиже беріп отырады.Сонымен бірге педагогтың әдептілігі оқушыны тәрбиелеу кезіндегі мақсаттылығы және иілгіштігі арқылы көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып олармен жұмыстар жүргізуде үлкен маңызға ие болып табылады.
Соңғы кездері балаларды тәрбиелеу күрделі процеске айналды,сонымен қатар тәрбие процесінде талап қою мен жазалау азайып,сендіру мен үлгі болу кеңінен таралуда.Оған қоса көптеген педагогтар ,тіпті ата-аналар да талап қою мен қатаң жазалауды ендіруді ұсынып отыр.Жазалауға қарсы шаралар адамгершілікті және де практикалық тұрғыда құнды болып табылады.Жазалау микроб тәрізді аберрацияны(рационалды емес ойлау) туындатады.Ал,бұл ойлау адамның творчествалық қызметінің даму жолдарында қиындықтармен қатар қоғамның дамуына да әсер етеді.Топ ішіндегі,сонымен қатар жеке тұлғада туындаған апатты жағдайлардан эффективті шаралар арқылы жол тауып шығу педагогтың тактісікөмектеседі. «Педагогикалық такт-педагогикалық қабілеттіліктің және оның педагогикалық шеберлігінің құрылымы болып табылады».Такт-педагогтың ең жақсы жағдайлар жиынтығы.Педагогикалық тактінің негізі-шыдамдылық пен салмақтылық.Тактикалық педагогтың керемет қасиеттерінің бірі-жоғары деңгейдегі талап қою мен тәрбиеленушілерге шынайы сыйластық.Тәрбиеленушілерге жақсы қатынас пен сыйластықты талап қою мен принципшілдікпен байланыстыру қажет.Бастысы педагогтың қабілеттілігі коммуникативтілікпен тығыз байланыста болуы керек.Өзіндік тактісі бар педагог әрбір қатысушының жетістігі мен сәтсіздіктеріне көңіл бөліп және қызғушылық танытып отырады.Қарым-қатынас кезінде ол қарапайым да шынайы,өзінің еңбекке бейім,құштар екенін көрсете біледі.Ол әркезде әрбір оқушыны жеке тыңдауға,олардың көңілдеріне сенім ұялатуға,топта болған жанжалды тез әрі тыныш шешуге дайын болады.Педагогтың кәсіпқой тактісі оның сырт бейнесінен,жағдайды тез әрі шеберлікпен шеше білуінен,оған қоса тәрбиеленушілерімен қатынаста сабырлылық танытып,өз сезімдерін реттеп,шиеленіскен жағдайда өзін-өзі ұстай білуінен көрініс тауып отырады.Сонымен бірге оқушыларға талап қою мен өзінің жұмысына сыни көзқарас танытуын да атап өткеніміз жөн.Такт түсінігінің компоненттері кең болып табылады,дегенмен олардың барлығы да оқушыларға деген қамқорлық,жан-дүниесін түсіне білумен және оларға көңіл бөлумен байланысты.Тактінің көрінуі әртүрлі.Бұл сөйлесу орнының епті таңдалуы,кеңес беру уақыты,тіпті сөйлеу мәнері де енеді.Кейбір тәрбиеленушілермен жеке дара сөйлесу керек болса,кейбіреулерімен достарының немесе ата-аналарының алдында сөйлескен жөн.Біреуімен мақсатқа лайықты
іс-әрекетінен кейін,ал екіншісімен белгілі уақыт аралығы өткеннен кейін сөйлескен дұрыс. «Әркім арнайы үйлесімділікті керек етеді,»-деп А.Н.Воробьев айтқан.Әрбір оқушымен жеке ерекше қатынас жасау керек. Әр педагогтың оқушылармен жеке және топпен жұмыс жасау формасы әртүрлі.Біреулері бір ауыз сөз айта алмаса,кейбіреулері салмақты болып келеді.Енді біреулері барлық жұмыстарын алдын-ала жоспарласа,екіншілері тамаша-импровизатор.Сонымен қатар кейбір педагогтар сөзбен көндірсе,кейбірі өзіндік тәжірибесімен тәрбиелейді.Дегенмен сыйластық,әдептілік және талап қою әрқайсысына да міндетті түрде барлық педагогтарға тән қасиеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |