PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет47/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Шиеленісті шешу
Жанжалдасушыларға әсер ету жолының бір түрі-сенім. Төрешінің басты мақсаты қарама-қарсы жаққа жанжалдың әсерін, соның ішінде ұжымға әсер ететіндігін сендіру. Содан кейін жанжалдың мақсатты түрде шешімін табу. Бір уақытта екі жақпен де жеке жұмыстар жүргізіліп отырылады. Қарама-қарсы жақты жарастыру мақсатындағы іс-әрекеттерді жүргізбес бұрын, оны алдын-ала жағдайды талдап алу керек. Ол үшін жанжалға қатысушыларды, жанжалды туғызушыны, жанжалдың туу себебін, топ мүшелерінің болған жағдайға қатынасын анықтап алуымыз қажет. Егер мұғалім жанжалды шешуге дұрыс бағыт алмаса немесе алдын-ала дұрыс дайындық жасалмаса, ойластырылмаған жағдаят жанжалды одан әрі ұлғайтып, жанжалдан шығу жолы тым қиындауы мүмкін. Жанжалды шешудің ең тиімді жолы талассыз, кінәлілерді іздемей, достық қатынаста, жан ашырлық таныта отырып, әдепті шешкен жөн. Педагог жанжалдасушыларды біртіндеп шақыра отырып, әрқайсысына жанжалдың туу себебін түсіндіріп беруді сұрайды. Сонымен қатар ол эмоциялық күйлерін білдірмей, қалыпты жағдайда баяндап беруді өтінеді. Мұғалім екі жақтың да пікірлерін тыңдап, барлық фактілерді ескере отырып, жанжалдың обьектісін анықтап өзінің шешімін шығарады. Одан кейін жанжалдасушыларды шақырып шешімін айтады, екі жақ келіспеген жағдайда топта талқыға салып, қорытындыны топтың мүшелері шығарады. Егерде топтық жиналыстан да нәтиже шықпаса әкімшілік шаралар қолдану керек.
Жанжалды жанама жоюдың жолдары:

  1. Жанжалдың обьективизациясы – алдыменен қақтығыстың себептерін қарастыруымыз керек. Әрбір пунктті талқылауда екі жақ та қатысады. Жанжал кезінде эмоциялық күш жоғалады, осыған орай оны реттеп отыру керек.

  2. Эмоциялық қоздыруды жою – жанжалдасушыларды туғызушыларды ретпен өзіне шақыра отырып, мұғалім олардың ашылып ойын айтуына мүмкіндік береді. Мұнда барынша сабыр танытып, сөйлеп отырған адамға кедергі келтірмей, оның сөзін бөлуге болмайды. Оны эмоционалды тұрғыда да қолдау қажет және де эмоционалды қолдау (ересектердің аяушылық танытуы, жан ашу, жест) жасау бұл мүлде оның жасаған іс-әркеттеріменен келісу деген емес. Жан ашу мен келісу-екеуі мүлдем басқа. Ойындағысын барынша ашып айтқан адам қарсыласының мінез-құлқында да жақсы жақтары бар екендігін еске түсіріп, оныменен жұмсақтау сөйлесу, ақылдырақ болу керектігін түсінеді. Латынның мақалында сөз етілгендей: «Айтып жан дүниені жеңілдету. Өзіңнің жан дүниесіндегі әсерленушілікті жеңілдету эмоционалды күштерді де жеңілдетуге алып келеді». Финляндия психологы Н.Лифсен барлық ренжіген, ашуланған, қиналып жүрген адамдарға өздерінің проблемалары жөнінде толық сипаттап оған хат жазуды ұсынды. Бірде Н.Лифсеннің алдында оның ғылыми бәсекелесі кешірім сұрады. Оппонент Лифсеннің «дүмбелігіне» қатты ашуланып, өзінің наразылығын хатпенен жолдаған. Бірақ жазып, оны жібергеннен кейін ол сабасына түсіп, өз проблемасын біреуге айту арқылы адамның жан дүниесі жеңілдейтіндігін түсінді. Ал Лифсен өз оппонентін бір жылдан кейін көргенде, ол кешірім сұрағанда Лифсен: «Кешірім сұрамаңыз, мен ол хаттарды мүлдем оқымаймын» деп жауап берді.

  3. Мадақтауды көбейту-жанжалдасушылардың біреуін тыңдай отырып, оның

мінез-құлқындағы жақсы қасиеттерін, зор еңбектерін атап өту қажет. Бірақ міндетті түрде бойындағы бар қасиеттерді ғана атап өту керек. Осыдан кейін оның қалайша жанжалға түскендігіне таңырқай қарау керек. Мысалы: «Сіз кітаптарды көп оқисыз, поэзияға қызығушылық танытасыз, қалайша дөрекі сөйледіңіз, сіз қабілеттісіз, басқалардан ерекше дамығансыз. Ал білемісіз жанжалға кінәлі көп жағдайда ақылды адамдар деп, осыдан нәтиже шығаруын өзіне қалдырасыз.» Бұл жағдай достық әрекеттерге ұмтылуға себеп болары анық.

  1. Қарсыласыңның айтқан сөздерін қайталап айтып беру-жанжалдасушылардың

біреуінен оппонентіңіздің екі-үш сөзін қайталап айтып беруін сұраймыз. Оппонентінің сөздерін еріксіз қайталап отырып, оның пікірінің де дұрыс екендігін түсінеді. Қойылған мақсатыңызға байланысты жанжалдасушыларды бір-бірінің орнына қою арқылы бірі екіншісінің позициясын түсінуіне септігін тигізеді.Жанжалдасушылардың рухани және интеллектік қабілеттілігіне байланысты.Зерттеуші техникалық құралдарды пайдалана отырып (фотоаппарат, камера, магнитафон), жанжалдасушылардың бет-әлпетін, яғни мимикасын, қолданған аргументтерін бекітіп, кейін жанжалға түскен екі жақтың да қатысуымен кешірім танытпай жанжалдасушылардың бет-ауыздарының қисаюшылықтарын, аргументтеріндегі қателіктерін көрсетеді. Ешбір аяушылықсыз оппоненттердің әдепсіздігі, өрескел мінез танытуы байқалады. Бұдан шығатын қорытынды болған жағдайдың себебінен ұялу, оны жақсы жаққа қарай өзгеру және екі оппонентті достық қарым-қатынасқа итермелейді. Тіпті екі оппонентке ортақ тапсырма берілсе, араларында болған конфлиттіні жоюға да болады. Топтағы екі адамның арасында пайда болған конфликтті тым созбай оны шешу керек. Себебі осы туындаған жанжалдың әсері басқа да топ мүшелеріне де септігін тигізуі және топ мүшелерінің бір-біріне деген жек көрушілік сезімдері де байқалуы мүмкін. Көптеген ғалымдар топ ішіндегі жанжалдың туындауына себеп топтың даму деңгейімен байланысты екендігін атап көрсетті. Осы топтың деңгейі жоғарылаған сайын топ мүшелерінің де қызығушылығы да арта түседі және конфликттің пайда болуына әсері мол. Мұндай жағдайдағы конфликтті шешу үшін жариялылық, шындық, жұмсақтық және екі жаққа да сыйластық таныту, нақты себептер мен толыққанды аргументтер қажет, тек осындай жағдайда топтын бірлігін нығайтуға, топ ішіндегі жанжалды алдын алуға және топтағы қарым-қатынас ахуалын нығайтуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет