Өзіндік бақылау сұрақтары
1. Коммуникативтіқабілетке анықтама беріңіз?
2. Оқушылар темпераментіне сипаттамаберіңіз?
Әдебиеттер:
1.Кан – КаликВ.А. Учителю о педагогическом общении - М., 1987г.
2. Кузьмина Н.В. Способности, одаренность, талант учителя. СПб., 1995 г.
3. Самыгин С.И., Столяренко Л.Д. Психология управления-Ростов-на-Дону, 1997 г.
4.Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и
обучения М.,1998 г.
№ 10-дәріс. Шиеленіс.
Шиеленіс себептерін айқындау
Эмоционалды деңгейден рационалды деңгейге өту
Шиеленісті шешу
Шиеленіс себептерін айқындау
Шиеленістің туындап кетпеуінің бірден – бір жолдарының бірі психологиялық қорғаныс механизмдері болып табылады. Олар бір жағынан тұлғаның құрылымының қалыптасуына, екінші жағынан оның дамуына септігін тигізеді. Қорғаныс механизмдерінің индивидтің бойынан табылмауы, оның психикалық ауытқуы бар екендігін, толыққанды ем алуы керектігін көрсетеді. Қорғаныс механизмдері адамның өзіндік «менін» сақтап қалуға, алаңдаушылық қасиеттерден арылуға көмектеседі, дегенмен ол қоршаған ортадағы шындықты обьективті тұрғыда қабылдайды. Адамның бейсана арқылы қолданатын қорғаныс механизмдерін алғашқы болып З.Фрейд зерттеп, оларды топтады.Үрейді болдырмауды «шығарып тастау» деп атады. Бұл механизмдер адамның өткен өміріндегі және алдағы оқиғаларын, сонымен қатар әсерлі сәттерді ұмыттырады. Осы механизм арқылы жанжалды ғана емес, онымен байланысты барлық жайыттарды ұмытуға болады. Кейбір жағдайда жадтан өшірілген ақпараттарды интенсивті психотерапия немесе гипноз арқылы қайта еске түсіруге болады. Сонымен қатар «шығарып тастау» механизмі санадан тысқары, жанжалды жағдайда автоматты түрде жауап беретін реакция болып табылады.
Эмоционалды деңгейден рационалды деңгейге өту
Рационализация немесе бағасыздану механизмі ең қиын конфликтті жағдайда «менін»
сақтап қалуға көмектеседі.Өзіміз жоғалтқан заттың немесе құбылыстың құнын
бағасыздандырып, өз имиджіңді сақтап қалу жоғарыда айтылған механизмге мысал бола
алады. Рационализация саналы түрде төмендегіше жүзеге асырылады:
Теңестіру (идентификация) механизмі – бұл санадан тыс, көбінесе өзін біреудің орнына қойып, одан үлгі алу. Жүргізілген зерттеулер нәтижесіне сүйенетін болсақ жасөспірімдердің 30% өздерінің индивидуалдық ерекшеліктерін адекватты емес деп көрсетті. Осыған орай көптегн жасөспірімдер өздерінің тәртіпсіз, оғаш мінез-құлықтарына қарамастан олар өз идеалдары сияқты болуына лайықты деп есептейді. Өкініштісі, кейбір мұғалімдер оқушылардың идентификация мәселесіне назар аудармайды. Олардың идеалдарына қызығушылық танытпайды.Сондықтанда педагог оқушыларға өз идеалын дұрыс таңдауға, соған ұқсау үшін өзін-өзі тәрбиелеу проблемасына көңіл бөлуіне стимул болуы керек.
Проекция механизмінде индивид қарым-қатынас партнеріне өзінің жағымды немесе жағымсыз ойларын, қасиеттерін, іс-әрекеттерін қосып қояды.
Көбінесе бұндай жағдайлар жаңадан келген оқытушыларға ұжым мүшелері кеңес беру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: жаңадан келген маманға сабақ жүргізетін сыныбындағы әрбір оқушымен қалай жұмыс жасау керектігі жөніндегі кеңестер беру. Сонымен бірге проекция механизмінде басқа біреуді дұрыс қабылдамау, яғни бұрынғыдай емес басқа адамға айналдырып, онын көзқарсын, сөйлеу мәнерін, қарым-қатынасын өзгеше сипаттаймыз. Кейбір жағдайда жанжалды ситуациялардан және оқушылармен жеке қарым-қатынас жасаудан қорықпаған жөн.Топтағы тыныштықты сақтап қалу үшін де кейде жанжалдың тигізетін пайдасы зор. Олар топтағы берекесіздікті жойып, эмоционалды тонусты жоғарылатады. Алайда туындаған жанжалдың жағымсыз сезімдердің пайда болуынан шыққанын есте сақтаған жөн. Сондықтан да жанжалды ситуациялардың шешімін тапқанда компромисс іздеген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |