PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет44/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Өзіндік бақылау сұрақтары
1. Перцептивті қабілетке анықтама беріңіз?
2. Тұлғааралық механизмдеранықтама беріңіз?
3. Топаралық механизмдердің түрлерін атаңыз?


Әдебиеттер:
1. Самыгин С.И., Столяренко Л.Д. Психология управления-Ростов-на-Дону, 1997 г.
2.Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и
обучения М.,1998 г.
3. Селезнева Е.В. Развитие акмеологической культуры личности. - М., 1999 г.

9-дәріс.Коммуникативті қабілеттер.


1.Эффективті педагог.


2.Оқушылардың әлсіз жақтарына шыдамдылық таныту:
А.Оқушылар темпераменті
Ә.Әрекет себептері
Б. Жағдаяттың кілттік нысанасы
Эффективті педагог.
Комуникативті қабілет– педагогтыңөзгелермен, олардың ішінде студенттермен жеңіл, оңай байланыса білу, қалыптасқан оң қарым-қатынасты ұзақ мерзім бойы сақтау мүмкіндігі. Әpбip дәрісті, сабакты демократялиялық жағдайда өткізіп, білімді бағалау, бақылау барысында әдісті танытқан педагог оқу топтарында ұйымшыл ұжымның қалыптасуына, оқу-тәрбие жұмысының қызықты да көңілді өтуіне ықпал етеді. Оқытушының әрбір оқушыға сабақта қызықты әрі пайдалы іспен шұғылдану шарттарын қамтамасыз ету, тамаша психологиялық климатты қамтамасыз ету, жақсылық тілеуді көрсету, оқушы тұлғасына сыйластық білдіру, байланыс орнату, тәрбие және білімділікті орнату оқытушының ең басты жұмысы. Бұл сәйкестіу емес, заңдылық. К.Д. Ушинский “Адам жұмыссыз, ойсыз қалса, оның басы, жүрегі, өнегелігі бұзылады” деген пікіді айтқан. Эффективті педагог өзінің оқушыларға демократиялық қарым-қатынасымен ұжымда сабырлы қанағаттану мен қуаныш жағдайын құрады. Күлімдеген педагог- мықты педагог. Қатаң, талап қоюшылық педагогке қарағанда, байыпты достық көзқарас таныту күштірек әсер етеді. Бұйрық беруге қарағанда, қатаң айтылған өтініш немқұрайлықсыз орындалады. Жеткіншек бала дөрекілік танытпау үшін, онымен құрметті адамға қарағандай етіп қарау керек. Оқушыларға деген құрметті көрсетіңіз, көргенсіздікке қатты әсерленбеңіз. Тәрбиеге шақыру, жекіру,үйрету жақсы іс-әрекетті үйретпейді, мінездің жағымды жақтарын тәрбиелемейді.Үлкендердің өзін-өзі ұстау шеберлігі, оның құрметті сарыны ең қиын жағдайларды- бетімен кеткендер үшін керемет үлгі, ал саналы еліктеу жиі кездеседі.Жастар жоғарғы әсерленгіштікпен ерекше көзқарасты талап етеді. Олармен жұмыс істей отырып, ескертулерді қысқартып, қорқытулар мен жазғыруларды жою керек. Олардың жолдастарының алдындағы мінезінің теріс жағы туралы қарапайым ескертпелер, олақ жауап берудің, жаттығуларды олақ орындаудың, дөрекілікке жол берудің, сабақта немқұрайлы отырудың, оқытушыға қарсы шығудың негізін қалаудың демонстрациясы болып табылады. Керісінше, достық күлімсіреу,сабырлық, үлкеннің сабырлы дауысы эмоционалды күштенуді жояды, стрессті реакциялар жайында белгі береді.
Мысалы: оқушыларға деген жақсы қарым-қатынасы жайлы “Розенталь эффектісі” айтуға болады. Американдық профессор Р.Розенталь он шақты оқытушыны өздерінің оқушыларының арасында болашақ данышпандар бар екеніне көздерін жеткізді. Бір жылдан кейінгі тексеріс, барлық потенциалды данышпандар біраз жақсы оқи бастағандарын көрсетті.
Розентальдің ойы бойынша, оқытушылар әрбір тәрбиеленушіге лайықты қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, мұқият назар аударылған бөлектеп алынған жастарды оқуға бар ықыласымен, оқытушымен жақсы байланыс орнатуға міндеттейді. Айналаға деген құрмет, мәдениеттілік, кішіпейілділік- бұл адамның ішкі дүниесінің құрамдас бөліктері емес. Мұндай қасиеттер міндетті түрде оның іс-әрекетінде, оқушыларға деген қарым-қатынасында, жақындарына, жұмыс істейтін жолдастарына деген қатынасында көрінеді. Іс-әрекеттің моральді принципі мен мәдениет ережесін ескеру- адамның өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.
Мәдениетті педагог оқушыларға, әкімшілікке, әріптестеріне, техникалық жұмысшыларға, ата-аналарға, бастықтарға бірдей жұмсақ болу керек. Қарым-қатынастың өнегелі мәдениеті, адамның іс-әрекетіне және сырт-келбетіне белгілі бір талапты көрсетеді. Жалғыз киім, лас аяқ киім, сән үлгісінен қалған шаш үлгісі, әңгіме барысында қолды сермеу, әңгімелесушіге айқайлау, әдепсіздік, сөйлеудегі нашар сөздер, мекемеге кіргендегі бас киімді шешпеу- бұның бәрі тәрбиесіздіктің белгісі. Олар қарым-қатынас мәдениетіне мүмкіндік тудырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет