PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет52/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелілік дәрежесіне байланысты таңдалады және тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен мазмұнымен анықталады.
Тәрбие формасы – бұл тәрбие процесінің сыртқы түрі. Форма мен мен мазмұн бір-бірімен өзара байланысты, себебі, мазмұн қалыптасады, ал форма мазмұнмен толтырылады.
И.П.Пидкасистый тәрбие формаларын сандық критерийге негіздеп жіктейді. Бұл критерий бойынша тәрбие формалары жекелеме, шағын топтық, топтық (ұжымдық), және жалпы болып бөлінеді. Тәрбие процесінің тиімділігі оны ұйымдастыру формасынан тәуелді. Сонымен қатар мектептен тыс тәрбие жұмысы, тәрбиелік әсер ету әдістеріне байланысты сөздік, көрнекі, практикалық формалары да белгілі.

  1. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген комммуникациялық құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі) жатады.

  2. Тәрбие әдістерін топтастыру.

Тәрбие әдісін жіктеудің көптеген түрлері бар. Соның ішінде Т.Е.Конникова, Г.Щукина тәрбие әдістерін 3 топқа бөледі.
Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жүйесі бойынша тәрбие әдістерін жіктеу



Тәрбие әдістері

Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері:



Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері

Мадақтау және жазалау әдістері

  • қоғамдық пікір;

  • үйрету;

  • бақылау;

  • жаттығу;

  • педагогикалық талап;

  • арнайы тәрбиелік ситуациялар құру.

  • саяси, этикалық әңгіме;

  • әңгімелесу;

  • диспуттар;

  • лекциялар;

  • түсіндіру;

  • өнеге.




  • Мадақтау;

  • Жазалау.

Жоғарыда көрсетілген тәрбие әдістерінің жіктеуінде баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген.


Мектеп өмірінде В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің классификациясы ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістері 4-топқа бөліп қарастырылады.

В.А.Сластенин жүйесі бойынша тәрбие әдістерін жіктеу





Тәрбие әдістері

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері

Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері:

Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері

Бақылау, өзін-өзі бақылау және өз-өзіне баға беру әдістері

  • әңгіме;

  • лекция;

  • диспут;

  • өнеге.

  • педагогикалық талап;

  • қоғамдық пікір;

  • тапсырма;

  • жаттығу;

  • тәрбиелеуші ситуация.




  • мадақтау;

  • жазалау;




  • педагогикалық бақылау;

  • әңгіме;

  • сұрау (анкета, ауызша);

  • қоғамдық пайдалы

  • іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау;

  • балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау

Тәрбие әдістерін жіктеудің бірыңғай болмауының негізгі себебі – тәрбие өте күрделі процесс болғандықтан, әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуін талап етеді.



  1. Тәрбие әдістеріне сипаттама.

Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері:
Педагогикалық талап – мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежеу функциялары бар.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі.
Жаттығу - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру. Олар белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданады.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Үйрету әдісі баланың орындағыштық, мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Жаттықтыру әдісі - әртүрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы.
Үйрету, жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау беру, машықтандыру, тапсырма.
Арнайы тәрбиелік ситуациялар құру – жеке адамның жағымды әрекеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға, оқушыға тапсырма беру тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері:
Этикалық әңгімені төменгі және орта сыныптарда қолданады. Этикалық әңгіменің нәтижелілігі келесілерге байланысты:

  • әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;

  • әңгіменің қызықты, әсерлі болуы, жарқын мысалдар келтірілуі;

  • оқушыларды әңгімеге тарту, олардың өз ойларын білдіре алулары;

  • әңгіме барысында көрнекіліктер қолдану;

  • мазмұндау тілінің әдеби сауатты болуы.

Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрі бар: тікелей бақылау, ашық бақылау, жасырын бақылау, қысқа мерзімді бақылау, т.б. жеке адамның тәрбиелілігін зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет