Психологиялық ойындар
Ойынның оқыту және ғылыми, өндірістік, ұымдастырушылық тұрғыдағы мәселелерді шешу мақсатында қолданылатын түрлері көп. Оларға: оқу, имитациялық, рөлдік, ұйымдастыру-әрекеттік, іскелік, әскери, инновациялық, басқармалық т.б. ойындар жатады. Оқу процесіндегі ойын оқытудың формасы да әдісі де болып табылады.Ойын оқытушы мен студенттің іс-әрекетінің бірлескен, өзара баланысты техналогиясының дидактикалық категория ретінде де қарастырылады. «Ойын» сөзінің этимологиясына жүгінсек, ол «ой» деген сөзге тікелей қатысты болып шығады. Ойлану арқылы ойынның мақсатына жетуге болады. Сондықтан ойынның адамның ойлау әрекетімен ұштасып жатқандығын байқау қиын емес (Н.Ахметов, Ж.Хайдаров).
Оқу ойындары студенттің өзіндік білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталған әректі. Оқу ойындарының төмендегі сипаттарын атап өтеуге болады:
тікелей дидактикалық әсер ету, яғни студент пен оқытушы бірлесіп белгілі бір рөлді «ойнайды»;
жанамалай дидактикалық әсер ету, яғни оқытушы мен студент бақылаушы немесе жанкүйер ретінде «ойыннан тыс» қалады;
аралас дидактикалық әсер ету, бұнда оқытушы мен студент жүргізуші, төреші, эксперт, кеңесшінің рөлінде болады.
Ойын әдістерін оқыту процесінде қолдану Еуропа мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарыда,Францияның, Германияның,Англияның инженерлік және гуманитарлық жоғары оқу орындарында кең тараған. АҚШ-тың жоғары мектеп жүйесінде бұл әдістің барынша кең көлемде қолданылатындығын атап өткен жөн.Әсіресе Гарвард, Калифорния, Нью-Йорк,Стэнфорд университеттері,сондай-ақ Гопкинс университеті, Лихай, Массачусетс технологиялық институты т.б. көптеген атышулы университтер мен колледждері ойындық әдістерді қолдануда ең алдынғы қатардан орын алады.
Оқытудың ойын арқылы жузеге асыру жаңалық емес, ол ежелден қалыптасқан әдіс. Дегенмен Кенестер дәуірінде жоғары оқу орындарында іскерлік ойын әдісі алғашқы рет ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қолданылды.
Ойынды ұйымдастыру кеңестік педогогтар мен психологтардың төмендегі тұжырымдамаларына негізделген:
ойын субъектінің әлеуметтік дамуының мектебі (Л.С.Выготский);
ойынның қиял әрекетімен байланысы (С.Л.Рубенштейн);
ойын әрекетінің жалпылама сипаты (Б.Г.Ананьев);
ойын мен оқыту еңбекпен ұшталатын әрекеттің дайындық формасы;
ойын әрекетінің мотивациясы (Р.И.Жуковская,Л.С.Славина);
ойын практикалық танымдық әрекетінің құралы ретінде (Р.И.Жуковская, А.Н.Люблинская).
Ойынның оқыту процесіндегі рөлін зерттеуші шетелдік және отандық ғалымдар оны жоғары оқу орындарында қолданудың төмендегі мақсаттарын айқындайды:
оқу пәнінің мақсаты мен тұжырымдамасын безендіру (иллюстрациялау);
оқыту процесіне студенттердің белсенді араласуын қамтамасыз ету;
әрбір ойынға қатысушының жеке өсуін жеңілдету;
қабылдауды күшейту, яғни “НЕ?” деген сұрақ пен “ҚАЛАЙ?”, “ҚАШАН?” деген сұрақтардың арасындағы тоқырауды азайту;
мотивацияны көтеру, проблемалық сұрақты шешу үшін “жоспар” мен “құрылымды” дайындап алу;
бір-бірімен қарым-қатынасты белсенді түрде жүргізу (тұлғааралық және топаралық қарым-қатынасты берік қалыптастыру);
жоғары оқу орындарында ойында қолданудың жалпы мақсаты білімділік, тәрбиелік және дамытушылық сипатта болуы тиіс.
Өзіндік бақылау сұрақтары
Ұйымдастырушылық қабілетке анықтама беріңіз?
Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерінатаңыз?
Психологиялық ойындарға сипаттама берініз.
Достарыңызбен бөлісу: |