Өзіндік бақылау сұрақтары
Тұлғалық қабілетке анықтама беріңіз?
Педагогтің өзіне және оқушыларға талап қоюы.
Тәрбие тәсілдерінатаңыз?
Әдебиеттер:
Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении . - М., 1987г.
Аникеева Н.П.Психологический климат в коллективе. - М, 1989 г.
Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология - наука о путях достижения вершин профессионализма. - М., 1993 г.
Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения, М., 1998 г.
№ 12-дәріс.Ұйымдастырушылық қабілеттер.
Педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері
Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері
Психологиялық ойындар
Педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелері
Ұйымдастырушылық қабілет-педагогтың әpбip әрекетін көп уақытты жоғалтпай, анық та айқын өткізе алу мүмкіндігін білдіреді.
Педагогтың ұйымдастырушылық қабілеттің құрылымына:
• айналадағыларды өзінің энергиясымен жандандыра білу;
• әp6ip студентке оның қабілеті бойынша тапсырма беру;
• шығармашылық және орындаушылық бастамашылдық;
• өзіне және өзгеге талап қоя білу;
• белсенділік, көпшілдік, табандылық;
• жоғары деңгейде жұмыс жасай білу қабілеті жатады.
Педагог мамандығы тәрбиелеу және басқару ролін бір уақытта орындайтын мамандық болып табылады.Осындай мәселердегі біліктілік – тұлғаны дамыту процесін басқаруға тікелей қатысатын педагогикалық әс - әрекетті тиімді ұйымдастыруға арналған қажетті шарт саналады. Педагог – психологтың кәсіптік біліктілік ұғымы оның тұлғалық тұтас құрылымындағы теориялық және практикалық іс - әрекетінің бірлігін көрсетіп кәсіптік деңгейін сипаттайды. Кәсіптік біліктілік мазмұны педагог – психологтың кәсіптік білімі, икемділігі мен дағдыларының ғылыми негіделген құрамын қамтитын біліктілігінің нормативтік үлгісімен, теориялық және практикалық іс – тәжірбиесі деңгейінде ұстазға қойлатын талаптар жиынтығы мен анықталады.Психология пәнінің болашақ оқытушысының психология – педагогикалық дайындығы педагогикалық қызметтің мазмұнды және операциялық құрылмдарының бірлігін қамтып, ізгілікке бағдарланған ойдың негізін қалайды, педагогика мен психологияның әдістемелік негізіәнің әлеуметтену заңдылықтары және тұлғалық, мәндік, мақсаттық даму мен тәрбиелеу және оқтыу технологияларын, балалардың анатомиялық – физиологиялық және психикалық дамуының жас ерекшеліктерге байланысын кең ауқымда ұсынады. Мұндағы педагогикалық шеберлік – педагогикалық іс - әрекеттерінің сыртқы немесе ішкі жоспарында ішінара автоматттандырылған түрде кезекпен іске асатын жиынтық әрекеттерден құралады. Педагогикалық шеберлік мағынасын былай түсіну мына қызметтерді атқаруға ықпал етеді:
Педагогтың практикалық дайыдығының қалыптасуындағы теориялық білімінің жетекші ролі мен оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігін анықтайды;
Мұратты жүйе және пәндік іс - әрекет жүйесі ретінде көрініс беретін педагогикалық ойлау және педагогикалық іс - әрекет шеберлігін қалыптастыруды көздеу;
Педагогикалық шеберліктің көп деңгейлі сипатын айқындайды;
Ішкі құрылымда, яғни іс - әрекеттердің өзара негізделген байланысын тұсінуге көмектеседі, бұл педагогикалық шеберліктердің бірлігі, олардың практикалық өрістегі шартты таралу мүмкіндіктеріне жол ашады;
Психология оқытушысының іс - әректіндегі педагогикалық және психологиялық міндеттерді шешудің ақырғы циклі «ойлау - әрекет ету- ойлау» үштігіне жинақталып, педагогикалық қызмет пен олардың тиісті шеберліктерімен сәйкес келеді. Ал психология оқытушысының кәсіптік біліктілігінің үлгісі өз кезегінде оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде ұсынылады. Мұнда педагогикалық шеберлік мынадай төрт топқа біріктіріледі:
Оқыту мен тәрбиелеудің нақты міндеттеріндегі әлеуметтенудің обьктивті процесіне ауыстыруға байланысты педагогикалық міндетттерді қоя білу;
Педагогикалық өзара әрекеттестік тәсілдерін бағдарлау сол арқылы білім беру тәрбиелеу және даму міндеттерін кешенді жоспарлау, білім беру пройесінің мазмұнын, оны ұйымдастырудың формасы, әдістері мен құралдарын іріктеу іске асады;
Педагогикалық іс - әрекеттер - тәрбиелеу және оқыту құрауыштарымен факторлары арсындағы өзара байланысты ерекшелеу және бекітуді орындай білу, қажетті жағдайлар т.б. жасау;
Педагогикалық және психологиялық міндеттер өзіндік талдау және педагогикалық процесс пен педагог – психолог іс - әрекеті барысына талдау процестері мен нәтижелерін зерттей білу.
Педагог – психологтың кәсіптік біліктілігі оның педагогикалық шеберлігінің қалыптасуы мен дамуына жағдай жасап, педагогикалық мәдениет мазмұнын құрайды. Педагог мәдениеті бұл оның стандартты емес міндеттерді шешудегі өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және жетілдру қабілеті, сапалы түрде, мақсатқа талпынған шығармашылық белсенділігі болып табылады.Педагог - психолог мәдениті – адамзатқа тән ойлар мен құндылықтардың кәсіптік – ізгілікті бағдарлану және тұлғалық сапалардың педагогикалық қызмет пен ізгілікті технологиялардың кешенді тәсілдерінің оңтайлы жиынтығы. Дәл осындай мәдениеттің болу оған оқушылардың даму деңгейін зерттеу және диагностикалауға, оларды түсінуге, рухани мәдениет әлеміне енгізуге, рухани қанықтырылған іс - әрекетті ұйымдастырып, әлеуметтік – құндылықтар бағдарын қалыптастыруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |