Өзіндік бақылау сұрақтары
1. Ғылыми-педагогикалық қабілетке анықтама беріңіз?
2. Ғылыми зерттеу әдістерін атаңыз?
Әдебиеттер:
1.Кан – КаликВ.А. Учителю о педагогическом общении - М., 1987г.
2. Кузьмина Н.В. Способности, одаренность, талант учителя. СПб., 1995 г.
3. Самыгин С.И., Столяренко Л.Д. Психология управления-Ростов-на-Дону, 1997 г.
4.Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и
обучения М.,1998 г.
№ 8-дәріс. Перцептивті қабілеттер.
1.Оқушыларды түсіне білу қажеттілігі
2.Өзара түсінісу механизмдері
3.Тұлғааралық механизмдер
4.Тәрбиедегі топаралық механизмдер
Оқушыларды түсіне білу қажеттілігі.
Перцептивті қабілет-(латынның қабылдау деген cөзi) деп әp6ip білім алушының ішкі дүниесімен қабылдау, психикалық ахуалын сезіну, оның мамандыққа, сабаққа деген қатынасын анықтай білуді атайды.Кейбір студенттер мамандық таңдау барысында ата-анасы, таныстары, дос-жолдастарының ықпалы немесе басқа да белгілі субъективті себептерді (мысалы, жоғары оқу орнына түсу балы төмен мамандықтарды таңдау, т.с.с) әсерінде болады. Әрине бұндай факторлар студенттің айналасына, қоршаған ортаға деген көзқарасының өзгеруіне әкеп соқтыруы мүмкін. Оның бойында ештенеге қызығушылығының, енжарлық сезімі пайда болады. Студентке дұрыс бағыт-бағдар беру, тepic әсерлердің себебін анықтау, тәрбие мен оқытудың оңтайлы тәсілдерін пайдалану аталмыш қабілеттің құрамдас бөлшектері болып табылады.
Талдап-сұрыпталған арман-мұрат-тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге арналған ең толық әрі сенімді үлгісі.Бірақ,өзінің кемшіліктерін түсінетін жастар үшін қиыншылықпен жету болып табылады.Ол үшін ең жақын арадағы көрініс керек.Сондықтан бірінші уақытта еліктеу үшін нақты үлгісін таңдауда көмектесу керек.Бірақ,нақты және талқыланған мұратты таңдау бәрі болды деген сөз емес.Мысалы: оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгере бермейді.Бұл жағдайда үлгі өзінің тәрбиелік мәнін жоғалтады.Біреуге ұқсағысы келіп,армандап жүрген жастар,арман-қиялындағы кейіпкерінің сол мақсатқа қалай жеткенін білмей,кейіріпкерінің ішкі әлеміне кіруге тырыспайды.Сондықтан мұратқа тәрбиелеудің басты жұмысы кейіпкердің іс-әрекетінің мақсаты мен мотивін ашу,оның арасында байланыс орнату.Еліктеудің ішкі және сыртқы көрінісінің айырмасын ажыратуды үйрету маңызды.Осы мақсатпен тәрбиеленушіні өзінің іс-әрекеті арқылы,нақты бір жағдаятта өзін қалай ұстау керкетігі туралы терең ойланып,өзіне мінездеме беруге үйрету тиімді.Ең бастысы-мақсатқа жету,үлгі бойынша алынған адамның іс-әрекетінің азаматтық мотиві дәлелге айналуы,ой-түйін беруі маңызды болып есептеледі. Зерттеу жүргізу барысында сенімді құлшыныстың,оқушылардың оқуға,еңбекке,қоғамдық жұмысқа жауапты қарауына,өзі ұстай білуге,жалқаулықтың алдын-алуға,барлық сала бойынша жетістікке жетуге үйретеді.Тәрбиеленушіге еліктейтін кейіпкерінің өнегелі бейнесін қадір тұтқызу көбірек болса,соншалықты еліктеудің тәрбиелік нәтижесі көп болады.Осыны есепке ала отырып,оқытушыға шығармашылық туындыны ажыратуда өзінің жақындары туралы айтып отыру керек.Сол себеп бойынша олардың зейінін жетістіктерге ғана емес,әлеуметтік еркіндік қасиетіне,оқуға,жұмысқа,жолдастрына деген ара-қатынасына көңіл аударту керек.
Бұл жағдайда идентификация көшірме емес, жай ғана еліктеу болып тұрады.Бұл кумирмен шығармашылық диалог жасау.Идентификация тұрақты бақылауды және назарды талап етеді.Оны бақылаусыз жіберуге болмайды.Отандық психологтар пікірінше,жоғарғы өнегелік мұрат тәрбиемен ұштасып қана қоймай, тәрбиенің бірден-бір шешімі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |