PsA 3209 Педагогикалық акмеология пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет36/68
Дата09.12.2022
өлшемі1,18 Mb.
#162149
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ¼íå ºûëûì ìèíèñòðë³ã³

Әдебиеттер:

  1. Деркач А.А., Кузьмина Н.В. Акмеология - наука о путях достижения вершин профессионализма. - М., 1993 г.

  2. Кузьмина Н.В., Зимичев А.П. Проблемы акмеологических наук. - СПб., 1990 г.

  3. Селезнева Е.В. Развитие акмеологической культуры личности. - М., 1999 г.

  4. Станкин М. И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения, М:1998 г.

6-дәріс.Авторитарлық қабілеттер.





  1. Беделді педагогтың ықпал ету тәсілдері

  2. Оқушылардың сұраныстарын ескеру

  3. Беделді педагогке қойылатын талаптар



Беделді педагогтың ықпал ету тәсілдері.
Мұғалімдік қызмет қоғамда, оқушылар арасында өзінен-өзі беделді қамтамасыз етеді.
Мұғалімнің тікелей адамгершілік қасиеттері – оның ең жоғарғы білімі, әдісті дұрыс пайдалану және оны жеткізу, оқушылардың шығармашылық қабілетін оята білу, дағдыландыру, мәдиенеттілік. Шынайылық пен мейірбандылық – беделді педагогтың қасиеттерінің бірі, мейрімділік нұрын шашушы, үйретуден жалықпайды. Осы қасиеттерінің арасындағы жас жеткіншектер мұғаліммен ашық, сеніп пікір алыса алады және мұғалімнің ақылына сеніммен қарайды. Ұжымдағы шынайы таза қарым- қатынас, педагогтың жоғары беделі.Егер оқытушылар тәрбиеленушілердің тәртіп бұзуына, пәнге ұқыпсыздығына көзін жұмып қарайтын болса, олар түсінеді деп, онда ұжымдағы қарым-қатынас бұзыла бастайды, ал ұжым – тарқай бастайды. Жетекшінің беделінің төмендігінен тәртіп бұзушылық орын алады: сабаққа кешігу , сыныптың ластығы , үлкендермен сөйлесу мәдениетінің болмауы т.б. Талаптың төменгі деңгейде қойылуы , тәртіптің , үлкендерге деген сыйластықтың төмендеуіне әкеп соқтырады. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін, мұғалім өзіне және өзінің қол астындағыларға қатал талап қоя білу керек, әрдайым өзінің жеке және оқушыларының адамгершілігін бақылау қажет.
Педагогтың авторитарлық қабілеттері тез арада сыйластыққа қол жеткізу, биік бедел арқылы, тәрбиеленушіге жігерлі әсер етуінен байқалады. Педагогтың беделді болуы оның жеке бойындағы қасиетіне және профиссионалдық сапасына, оның қоғамдық жауапкершілігіне тікелей байланысты.Педагогтың беделі дегеніміз – тәрбиеленушілердің сана сезіміне рухани күш арқылы әсер етуі, ол күш педагогтың бойында қызметтік жағдайының арқасында және профиссионалдық, өнегелік қадір-қасиетінің арқасында пайда болады.Биік құрылған іс-әрекеттің, табысты басқарудың бірде бір шарты – биік абройдың болуы. Егер мектепте немесе жоғарғы оқу орындарында оқушылар бейтаныс оқытушыға дейін аса құрметпен қараса, онда сол ұжымдағы оқушылардың тәртібінің жоғары екенін көрсетеді. Бірақ педагогтың өз сыныбында дәріс беретін тобында, сыйластық оның терең білімі, жұмысқа деген ынтасы, талап қойғыштығы және оқушыға деген құрметі, шынайы қамқорлығы арқылы қалыптасады.Егер оқушы сабақты үлгірмесе, өз күшіне сенбесе, кейбір пәндерден түсінбеушілік танытса, оған сабақтарды игеру тәсілдерін көрсету керек. Ол істі шыдамдылықпен, әзілдей отырып, балалардың ойын қиыншылықтан аудара отырып жасау керек. Бугуруслон педагогы Н.Н.Квордонова былай дейді:«Мен жеңіл материал түсіндірдім – ал балалар «түсінбедік» дейді. Келесі сабақта бір оқушыны тақтаға шығарсам ол: «Менің бұл пәнге қабілетім жоқ» - дейді. Сонан бәрі: «Біз түсінбедік! Өте қиын. Қайта түсіндіріңіз» - деді. Қойылған сұрақтың еш қиыншылығы жоқ болатын, сондықтан қайта түсіндірмедім. Балаларға бұлары дұрыс емес екенін айттым. Сөзімнің дәлелі ретінде афоризм келтірдім: «Ынтасы бар адам – түсінуге тырысады, ынтасы жоқ адам – себеп іздейді». Бұл да көмектеспеді. Сеземін, жағдай күрделенетін түрі бар, бойындағы ашуларын шығару керек сияқты.Сонан мен: «Мен сендерге бір қызық оқиға туралы айтайын» - деді. Бәрі тынышталып тыңдай қалды.Кішігірім алакеуім бөлмеде креслода жастар отырды. Олардың біреуін профессор: Мен ол кезде студент болатынмын, психотерапевт профессор В.И.Райковтың лабораториясына жүргенмін. Ол гипноздың көмегімен қабілетті тану мүмкіндігін тексеретін . Кішкентай қараңғылау бөлмеде жас жігіттер отырды. Біреуіне профессор: «Сіз – Репинсіз! Кімсіз?» - деді. Ол үндемеді «Сіз Репинсіз! Сіз Репинсіз!». Еш нәтиже жоқ. Кенеттен Райков жігіттің жағына тартып жіберді. Ал жас жігіт болса «Мен Репинмін, Репинмін» - деп айғайлады. Сонда Райков: «Міне қалам, сурет сал!» - деді. Жігіт сурет сала бастады. Профессор Райковтың гипнозының әсерімен студент қыз актрисадан бетер ойнай бастайды. Шахматты жаңа үйренген адам, оған гроссмейстерсің деп ұғындырса, өте күшті ойнай бастайды.Сондықтан, балалар, сендердің әрқайсыларыңда үлкен потенциялдық мүмкіншіліктерің бар. Адам өзінің мүмкіншілігін шексіз дамыта алады. Мен сендерге Райковтың мысалы арқылы бір ғана тәсілін көрсеттім. Қалай көреміз бе? Күлкі естілді. Бір кезде қол көтерілді: «Жауап беруге бола ма?».
Ал мына оқиға информатика сабағында болды. Есікті ашқан оқытушы, балалардың күлімсіреген түрлерін көріп тоқтап қалды. Оқушылар бір нәрсенің болатынын күтіп отыр – не болар екен? Оқытушының көзі тақтадағы «басымен төмен қарай» ілулі тұрған ЭВМ-нің блок схемасын көрді. Белгілі жағдай: балалар оқытушыны сынап отыр. Не істеу керек? Схеманы дұрыс ілгізу керек пе? Өкпелеу керек пе? Оқытушы командасы, оқушылар командасымен қарама-қарсы тұр. Бір сикунд қана уақыт бар. Бір секнуттан кейін, оқытушы еш нәрсені өзгертпестен сабақты түсіндіре бастады. Оқытушы пәнді өте жақсы білгендіктен, ол оңды солды схеманы көрсетіп түсіндіріп шықты, сөйтіп сабақ сұрауға кірісті. Бірінші сұралған оқушы «екілік» алды. Екінші оқушы жауап беруден бас тартты. «Неге?» - деп сұрады мұғалім.Схема «басымен төмен қарап» тұрғой! - «Онда» дұрыс іліп қой. Маған бәрі-бір. Сендерге схеманың солай тұрғаны қиындық туғызбайды екен деп ойладым. Тәрбиеде ұсақ-түйектің болмайтыны белгілі жәй. Бұл ақиқатты дәлелдеудің де, күмән келтірудің де қажеті жоқ. Бірақ күнделікті іс-тәжірибеде «ұсақ-түйек» пен кездескенде бұл қағида тыс қалып отырады. Кейде, жас өспірімдердің теріс әрекеттеріне қақтығыс тудырмау мақсатында күле салудың орнына немесе әзілмен жауап берудің орнына, жанжал туғызып, мораль оқып, жазалап оқытушы беделін түсіріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет