Өзіндік бақылау сұрақтары
Экспрессивті қабілетке анықтама беріңіз?
2. Сөздің дыбыстық және мағыналық мәні.
Әдебиеттер:
Станкин М. И. "Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и
обучения" М.,1998 г.
Деркач А.А. Акмеологические основы развития профессионала. - М.; Воронеж, 2004 г.
Деркач А.А. Психология, педагогика и акмеология непрерывного образования. - М.:
Изд-во РАГС, 2006. - 249 с.
А. Е. Әбілқасымова, Р. Омарова "Мұғалімнің танымдық іздемпаздығын
қалыптастыру негіздері" А.,2003ж.
№ 5- дәріс. Дидактикалық қабілеттер.
Оқытудың тәрбиелілік қағидасы
Саналылық қағидасы
Белсенділік қағидасы
Байқағыштық қағидасы
Оқытудың тәрбиелілік қағидасы
Дидактикалық қабілеттер-оқытушының оқу материалын оқушыларға терең, әрі берік түрде меңгеруі, оқу тәрбие процесін тиімді құра білу қабілеті.Оқытушы (дидактикалық қабілетін көрсете отырып),оқушыларды ғылым тарихымен,пәннің теориясы мен әдіснамалық негізіне қызықтыруы арқылы дидактикалық қабілетін көрсетеді.Оқуға деген қызығушылығы бар студент өз еркімен қызыға отырып,өз қабілеттерін дамытады.Тәжірибе көрсеткендей,вундеркинд нышандары емес,қазіргі өз мамандығын жетік білетін,тәжірибелі педагог қана оқытуда керемет дүниелер тудыруы мүмкін.Бірақ бұл үшін оқытушы дидактикалық қабілеттерді меңгеруі және өте көп білу тиіс.Дидактикалық қабілеттер оқытудың тәрбиелік,саналылық,белсенділік,жүйелілік,беріктік қағидаларынан тұрады, мұнан басқа дидактикалық қабілеттер оқытудың әдістері,мазмұны және ұйымдастыру формалары нақты білуге байланысты.
Оқытудың тәрбиелік қағидасы оқу мен тәрбиенің ажырамас бөлігі. Тәрбиелеу барысында жастарға өнегелі тәрбие, жоғары сапалы білім, белсенді өмірлік қағида аға буын өкілдерінен беріледі. Мұғалім оқушылармен, үлкендермен қарым-қатынас жасауды, еңбекқорлықты, еріктік әрекеттерді, ар мен ұятты, мақсатқа жетудегі табандылықты, мәдениеттілікті және т.б. туралы әңгіме етеді.Бірақ әрбір сабақта жоғары моральдық қасиеттерді игерген азаматты тәрбиелеу мүмкін емес екекндігін ұмытпау керек.Әрбір сабақ оқушыларға тәрбиелік ықпал ете алмайды.Оқытушы әрбір сабаққа мұқият,әрі жоғары деңгейде дайындалуымен,әр сабақты қызықты,есте қаларлықтай етіп өткізді,яғни оқытушы өзі үлгі бола отырып,өз ісіне қатынасы арқылы тәрбиелейді.Сабаққа кешікпей келуі,сабақты нақты ұйымдастыруы,уақытында бастап,уақытында аяқтауы,педагогтың сыртқы келбеті,дұрыс,әрі таза сөйлеу,жоғары мәдениеттілігі-оқушыларды жай,әрі байқатпай тәрбиелейді.
Оқытудың негізгі міндеттерінің бірі-күнделікті өмірдегі, тәрбиедегі, саясаттағы, экономикадағы, техникадағы оптимальды шешімдерді іздеу процесін көрсету.Ұжымда осы міндеттерді шешуде жағымды қатынас қалыптастыру.Ұжымдағы бәсекелестік,дұрыс ұйымдастырылған сайыс оқушылардың ортақ мақсатқа жетуге деген ұмтылысын дамытады.Егер әрбір сабақта оқытушы оқушыларды жақсы істерін (тәртібі,үлгерімі) мақтап,марапаттап отырса,олардың жақсы оқуға ұмтылысы, тәртіптілік, еңбексүйгіштік т.б. қасиеттері қалыптасады.
Педагогтың маңызды,моральдық белгілерінің бірі-әділдік.Әділдік оқушылардың шынайы еңбегінің бағалаумен сәйкестігін көрсететін оқытушының обьективтік деңгейі. Оқытушының әділдігі оқу тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың қасиетті шарты болып табылады. Көптеген оқушылар мен студенттер көп білетін,әрі әділ педагогті жақсы көреді.Олар оқытушының ең алдымен шиеленіске бармайтын адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалайды. Оқу пәндерінің оқушылар тұлғасын жан-жақты,үйлесімді дамытуға мүмкіндік береді.Нақты ғылымдар логикалық ойлауын,тиянақтылық, ақыл-ой, тарих пен география,отанға деген сүйіспеншілікке,әдебиет,сурет,ән-күй, эстетикалық тәрбиені,дене шынықтыру ерік жігерін,биология, экология тәрбиені қалыптастыруға мүмкіндік береді.Қойылған оқу міндеттерін дұрыс жүзеге асыру мүмкіндіктеріне тәрбиелеу оқытушының жеке тұлғасының үлгі болуымен бекітіледі.Философ Сенека айтқандай, «Жақсылыққа үйрету қиын,мысалмен үйрету оңай».
Достарыңызбен бөлісу: |