Психиатриядағы негізгі даму бағыттары. Стигматизация мәселесі


Психиатриядағы негізгі даму бағыттары туралы түсінік



бет2/6
Дата16.05.2022
өлшемі1,18 Mb.
#143500
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бақытқан Әлия , 507А жм

Психиатриядағы негізгі даму бағыттары туралы түсінік.
Көптеген ғасырлар бойы психиатрияның даму тарихында психикалық аурулардың табиғатын ашуда материалистік және идеалистік бағыт арасында көптеген тартыстар болды. Материалистік бағыттағы өкілдер психикалық бұзылыстарды организмде болатын материалдық өзгерістермен, мида болатын өзгерістермен байланыстырса, ал, идеалистік бағыттағылар психикалық дерттің шығу табиғатын психикалық және материалдық үрдістердің тәуелсіздігі немесе параллелизмімен түсіндірді. Осы ұсынылған гипотезалардың құрылуына философиялық идеялар және ғылыми мәліметтер мен бақылаулар өз улесін қосты. Жалпы ғылыми процесске байланысты психиатрияда өздерінің теориялық ұстанымдарында клиникалық бақылауларды, психиатрия және өзгеде пәндер саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерін қолданған жеке бағыттар, мектептер құрылды. Бірақ , психиатриядағы мектептер мен бағыттар материалистік және иделистік болып бөлінуімен қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет