Психиатриядағы негізгі даму бағыттары. Стигматизация мәселесі



бет5/6
Дата16.05.2022
өлшемі1,18 Mb.
#143500
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бақытқан Әлия , 507А жм

Биологиялық психиатрия
Психикалық бұзылыстарды бас миының ерекше функциональды жағдайымен түсіндіруге талпынысты ежелгі дәрігерлер мен философтардың еңбектерінен табуға болады. Психикалық саулық және психисхикалық бұзылыстар кезіндегі жүйке жүйесі жағдайын арнайы сипаттау , сонымен қатар оларды емдеу рекомендациялары алғаш Гален еңбектерінде кездесті. Ол адам мүшелерінің ішінде негізгі рольді жүйке жүйесе берді. Мания мен естен адасу тәрізді дерттерді мида болатын ерекше қозу жағдайымен түсіндіріп, соған сәйкес емдеу рекомендациясын ұсынды.
И. П. Павловтың ілімі шетелдік психиатрияда бихевиоральдық концепцияның пайда болуына әкеп соқтырды. Бұл канцепция бағытының өкілдері психопатологиялық белгілердін патогенезін түсіндіру үшін невроздарды және басқа да психикалық бұзылыстарды балалық шақта қалыптасып қалған патологиялық байланыстың нәтижесі ретінде қарастыра отырып, шартты рефлекстердің құрылу механизмдерін, және де психодинамикалық концепция принцптерін қолданды.
И. М. Сеченов пен И.П.Павловтың ашқан нервизм теориясы соматиклық үрдістердің жүйелік реттелуінің маңызын ашты, организм қызметін тұтасып түсінуге алып келді. И.П.Павловтың экспериментальды невроз тудыру тәсілі, мысалы, жануарларда стресс арқылы кардиоваскулярлы бұзылыс шақыру тәжірибесінде қолданылады.
Психикалық аурулар кезіндегі нейроанатомиялық өзгерістерді зерттеу психиатарлардың және басқа да мамандардың субстратын табуға ұмтылисын көрсетті. Бұл зерттеу аспектісіне әр елдің алдыңғы қатарлы психиатрлары көп көңіл бөлді. Мидың органикалық зақымдануы кезіндегі психикалық аурулардың патологоанатомиялық зерттеу нәтижесі, оның табиғаты мен болжамын анықтауға мүмкіндік берді. Науқастарда бақыланатын мидағы органикалық өзгерістер мен психикалық бұзылыстардың сипаты арасындағы қатынасқа баға беру өте күрделі мәселе болды. Бұл психоморфологиялық концепция мидың үлкен жарты шарларының интегративті, тұтас қызметінің қалыпты және патологиялық өзгерістерін анықтайтын негізгі принцтерді елемейді. Психикалық денсаулық орталығы психиатрияның негізгі ғылыми мекемесі болып табылады.
«психиатриялық жәрдем...жөніндегі» Заңның қабылдануы қоғам моральды деп танитын жүріс-тұрыстың көптеген нормаларын бекітті: жақсылыққа ұмтылу, зиян келтіруге жол бермеу, әділеттілік, жауапкершілік, шыншылдық, өзге адамның құпиасын сақтау, өзгенің автономиясын сыйлау. Заңда бекітілген ережелер орындауды талап етеді және қоғамдағы моральды климотка әсер етеді, өйткені заңды бұзудың өзі аморальды болып табылады.
Заманауи демократиялық қоғамның кординальды, моральды принцптерінің бірі тәуелсіздік құқығы болып табылады. Науқастардың құқықтарын шектеу және олардың дискременациялауында тек дәрігерлер емес, науқастың туыстары, айналадағылар жалпы қоғамда да кінәлі. Психикалық ауруларды емдеудегі сәттіліктер ХХ ғасырдың соңында науқастардың реабилитациясына, оларды қоғамға қайта оралтуға, стигматизацияны жеңуге ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік берді.
Психиатрияның этикалық аспектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет