Психиатриядағы негізгі даму бағыттары. Стигматизация мәселесі



бет3/6
Дата16.05.2022
өлшемі1,18 Mb.
#143500
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бақытқан Әлия , 507А жм

Клиникалық бағыттар.
Психиатриялық басты бағыты ол- клиникалық бағыт. Психиатрияның клиникалық бағытта дамуын фрацуз психиатры Ф.Пинель реформасын байланыстырса ,отандық психиатр Н.Н.Баженованың бейнелік сипаты арқылы «ақылынан адасқандар» науқас адамдар ретінде қабылданды.
Клиникалық бақылаулар негізінде психикалық бұзылыстар табиғатының гипотезасы құрылды. Гипотеза-систематикалардың көпшілігі шектеулі мағына береді, тек кейбіреулері ғана психиатрияның дамуына елеулі әсер етті. Соның ішінде жалпы психоз концепциясы , туылыс концепциясы –дегеренацияға байланысты, бұл кезде психикалық аурулар тұқым қуалаушылық және сыртқы факторлардың әсерінен дамып, ерекше даму сатылары болады. Бірінші буында тұқым қуалаушылық бейімділік және қолайсыз факторлар , оның ойы бойынша жеңіл психикалық бұзылыстар мен жүріс тұрыс бұзылыстарын шақырады, кейінгі ұрпақтарында психикалық бұзылыстар ауырлап, ақыл кемістігімен, салданумен аяқталады.
Аурудың этиологиялық факторлары мен клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып суреттеу психиатрияның басқа да медициналық мамандықтармен методологиялық бірлестігін және клиникалық бағытының болашағы зор екендігін дәлелдеді. Клиника ерекшелігіне және психикалық аурудың салдарына сүйене отырып Э.Креплин оның жүйесін құрды. Клиникалық психиатрияның дамуында теориялық және практикалық тараптан қарағанда психикалық бұзылыстарды нозологиялық жіктеу сатысы маңызды болады, бұл ұсыныс неміс психиатры Э.Крепелинмен Юрьев университетіне қызмет етіп жүрген кезеңінде жасалады. Ол алғаш жеке ауру ретінде ашып, кейіннен ол шизофрения деген атауға ие болды. Э.Креплин аурудың нәтижесін анықтады.
Психикалық ауруларды жүйелендіруде С.С.Корсаков аурудың бастапқы белгілеріне және дамуының сатылығына үлкен мән берді. Нозологиялық принциптің психиатрияға енгізілуі, психиатрияның медициналық мамандық екенін дәлелдеді.
Кейінірек, клиникалық психиатрия жаңа мәліметтер мен зерттеулерге толығып өсе түсті. Ерекше көңіл психикалық аурулардың симптомдары психикалық бұзылыстардың динамикасындағы ортақ заңдылықтар анықталып бөлінген. Клиникалық психиатриының дауына кеңес ғалымдары көп еңбек сіңірген. Жалпы психипатологияның және психикалық аурулардың клиникасын анықтауда П.Б.Осиповтың еңбегі зор болды. П.Б.Ганнушкин психопатияның әртүрлі варианттарын нақты зерттеп, динамикасының ерекшелігін сипаттады.
Экзогенді және эндогенді психоздарға тән психопатологиялық көріністер арасындағы шекаранаң жақтығы көрсетілді. Маниакальді- депрессивті психоз және шизофренияға тән аффективті және сандырақтық, психопатологиялық көріністердің созылмалы соматикалық, жұқпалы ауруларда пайда болуы бақыланды. Соматикалық аурулардың психикалық жағдайларын арнайы зерттеу психиатриялық бағытта соматопсихиатрияның дамуына әкелді. Балалық шақта кездесетін психикалық аурулардың болжамы мен клиникасының ерекшеліктері анықталды, осылайша жалпы психиатрияның жаңа бөлімі балалар психиатриясы туындады.(Г.Е.Сухарев, Т.Г.Симсон, Н.Н.Озерецкиий). Психикалық ауруларды зерттеудегі динамикалық көзқарас психикалық аурулардың даму үрдісінде анықталған синдромдардың кең спектрінкасы суреттеуге мүмкіндік берді. Осының негізінде симптоматикасының айқын бейнеленуімен синдромдардың глоссарийі құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет