~ 106 ~
алькогольді галлюциноз кезінде бақыланады. Шизофрения кезінде естілетін
дауыстар жиі тікелей науқасқа бағытталған, бҧйрық береді, оның іс-әрекетіне
талдау жасайды. Созылмалы алкогольді галлюцинозда дауыс ҥшінші
жақтағы адам даусымен науқас жӛнінде сӛйлейді, оның маскҥнемдігін
кінәләйді.
Кӛру галюцинациясы орталық жҥйке жҥйесінің улануымен,
инфекциясымен байланысты жедел психоздарға тән, бас миының
органикалық зақымдануларында кездеседі. Бӛртпе тифозды психозда ауру
бӛлме ішіндегі ӛртті кӛреді; ақ қызбада /белая горячка/ кӛз алдында
жануарлар, қорқынышты қҧбыжықтар келеді. Жақын адамын жоғалтуға
байланысты дамыған психоздарда ӛлген адамның бейнесі кӛз алдына келеді:
әдетте тҥн уақытында, қараңғы жағдайда кӛрде немесе бӛлме бҧрышында ақ
жабындымен кӛреді. Шизофренияға кӛру галлюцинациялары тән емес, олар
кездескен жағдайда кҥрделенбеген тҥрде, қысқа уақытқа созылады, жедел
жағдайға байланысты пайда болады.
Шизофения клиникасында иіс сезу галлюцинациясының пайда болуы,
дерттің емге тҧрақты жайсыз ағымға ауысқанының белгісі.
Кокаинмен уланғанда ауру тері астында жәндіктер, инелер, майда тірі
жәндіктер қозғалып жҥргенін сезінеді /Маньян симптомы/.
Достарыңызбен бөлісу: