Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызығушылықтарын өзін-өзі тану сабағында қолданылатын әдістер бойынша арттыру



бет1/7
Дата04.06.2017
өлшемі1,06 Mb.
#17522
  1   2   3   4   5   6   7
Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызығушылықтарын өзін-өзі тану сабағында қолданылатын әдістер бойынша арттыру
Әбілпатталова А.Ү.,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

мамандыңының 3-курс студенті

эл.пошта:akerke-0195@mail.ru
АҢДАТПА
Мақала авторы жалпы және инклюзивті білім беру жағдайында оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мәселесін өзін-өзі тану сабағында қолданылатын әдістері арқылы қарастырады. Зерттеу барысында өзін-өзі тану сабақтарында қолданылатын тыныштық сәті және шығармашылық жұмыс әдістерін қолдануға ұсыныс жасалынады. Сонымен қатар бейнематериалдар көру, сабақтың дәйексөзі, шығармашылық жұмыс әдістері де қолданылып көріледі.

Кілттік сөздер: психикалық даму тежелісі, танымдық ерекшелік, зейін, түйсіну, танымдық қызығушылық, әдістер.
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда, өзіміз бір мүшесі болып саналатын қоғамда ұлттық тәлім-тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп өскен, дені сау ұрпақ тәрбиелеу басты міндет болып отыр. Барлығымызға белгілі жайт, өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі болып табылатын, ерекше көмекті қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандардың да бары өзекті мәселе.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3-бабында: баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі және де білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы туралы айтылған. [1].

Сәйкесінше, қоғам мүшесі болып табылатын әрбір болашақ азаматтардың жан-жақты тәрбиеленіп, білім алуына құқығы бар. Республикамыздың барлық аумағындағы жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі. Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. [2.34].

Психикалық дамудың тежелуіне алып келетін себептерге: гармониялық инфантилизм, соматикалық аурулар, орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылуы. Әлсіретуші факторлар ретінде жайсыз әлеуметтік-мәдени шарттарды да атап өтуге болады. П. Улбаның зерттеу нәтижелері бойынша ПДТ-дің басты себептері болып, биологиялық механизимдер көрініс табады: жүктілік патологиясы, толғақтың дұрыс болмауы, алғашқы жылдары балада соматикалық аурулардың жиілеуі. [3.46]

М.С. Певзнердің пікірінше, эмоциональдық ерік-жігер дамуының тежелуі уақытша болуы мүмкін және баланың жас ерекшеліктерімен санасатын дамыту бағдарламалары жүзеге асырылса – бұл кемшіліктер толық жойылады. Сондықтан, психикалық даму тежелуін уақытша құбылыс деп санауға болады. [2,34]

Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық ерекшеліктерін тереңірек қарастыру маңызды.

Ең алдымен, ПДТ балалардың түйсінуі мен қабылдау дәрежесіне тоқталайық. Жалпы бұл балалардың қоршаған орта туралы білімі өте шектеулі, фрагментарлық болып келеді. Қабылдаудың заттық және құрылымдық түрлері жеткіліксіз болып келеді. Ұқсас әріптер мен әріп элменттерін үнемі шатастырады. Көру арқылы қабылдау қабілеттерінің кемшілігі олардың оқу процесінде айтарлықтай қиындық туғызады. Сондай – ақ тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған. Бұл балалар сыртқы дүниені қабылдауда оның көптеген элементтерін көрмейді. Жалпы ПДТ балалрға енжарлық тән. Бұл балалар көбінесе тапсырмаларды тездетіп орындап құтылуға тырысады. [2,37]

Балалардың зейін ерекшеліктері туралы айтып, сипаттар болсақ, ең алдымен ПДТ балалардың зейін ерекшеліктерін қарастырған ғалымдарды айта кеткен жөн. Бұл балалардың зейін ерекшеліктерін: В.А. Пермякова, З.Тржесоглава, Л.И. Переслени, С.А. Домишкевич сияқты ғалымдар зерттеді. Атап өтілген ғалымдардың зерттеуі бойынша, психикалық дамуы тежелген балалардың зейін ерекшеліктерін былайша сипаттауға болады:


  • бала зейінінің тұрақсыздығы салдарынан бала өнімді жұмыс жасай алмайды. өнімді жұмыс істаей алу уақытының өзі 5-15 минутты ғана құрайды;

  • Бала объектіге назарын толық аудара алмайды. Бұл бала зейінінің шоғырлануының төмендеуінен болып табылады. Сәйкесінше баланың жұмыс өнімділігі төмендеп, қарқынын бәсеңдетеді;

  • Келесі ерекшелігі бала зейінінің аздығы салдарынан ақпаратты толықтай қабылдай алмайды;

  • Бала зейінінің өмен таралуы себебінен бала берілген бірнеше апсырма бірдей орындай алмайды;

  • Психикалық даму тежелісі бар балаларға тән тағы бір ерекшелік деп, олардың қобалжуын, көңілінің жиі бөлінуінің, алаңдаушылығыны жоғары дейгейде болатыны айта кетуіміз керек;

Ресейлік мұғалім логопед, «Халық ағарту ісінің үздігі» Г. Степанованың ПДТ балалармен жүргізілген тәжірибе жұмысы көрсетілген сайтты [4] қарау барысында мыналарды аңғаруға болады:

  • Пдт балалармен жұмыс жасауда оларға сын есімдерді көбірек қолдануды үйрету олардың танымдық және сөйлеу қызметтерінің дамуына әсерін тигізеді. Дегенмен де ПДТ балаларға алдына қойылған затты сипаттау барысында қиындықтар туындайды.

  • Сөздік ойындарды сабақ барысында және де серуендеу кезінде де үздіксіз жүргізіп отырған жөн.

Жоғарыда атап өткен ғалымдар мен логопедттердің жасаған тәжірибелеріне сүйене отырып, мен өзін-өзі тану әдістемесін психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызметін арттыруда қолданып көруді қарастырар едім. Осы орайда өзін-өзі тану сабағында қолданылатын әдістерді атап кеткен жөн.

Рухани – адамгершілік білім беруге негізделген өзін-өзі тану сабағында қолданылатын әдістер:



  • оқу құралдарын тексеруде қолданылатын «5Т» әдісі. Яғни 5Т: Тәртіп, Талап, Тазалық, Татулық, Тыныштық;

  • Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену», «Теңіз түбіне саяхат», «Орманға серуен»;

  • Дәйексөз;

  • Әңгімелесу;

  • Шығармашылық жұмыс;

  • Топпен ән айту;

  • Қорытынды тыныштық сәті.

Ал енді, психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілетін арттыруда өзін-өзі тану әдістерін қолдану барысын сипаттама келтірейін. Біріншіден, 1- сынып оқушысы, жас мөлшері 6 да деп алар болсақ. өзін-өзі тану бағдарламасы бойынша 1-сыныптағы «Арайлап атсын әр таңым» атты сабақ барысында қолданатын әдіске ұсыныс жасаймын.

- Тыныштық сәтін ұйымдастыруда әдеттегідей ұзақ мәтін орынан көбірек баяу музыканы тыңдату. Ұзақтығы шамамен 1,5 – 2 минутты алады. Тыныштық сәтінің мазмұны ПДТ балалардың әлемді қабылдау түсініктері бойынша сөздерден құралады. Мәтін: ( мәтіндегі көп сөздердің екі мағынасының бірі болуы мүмкін, себебі олар көп сөздерді жалпы мағынасында немесе ұқсас мағынада қабылдайды) ақырын (баяу) музыканы тыңдаймыз (естиміз). Көзімізді жұмамыз (ашпаймыз, жабамыз). Тыныш отырамыз (шуламаймыз)...

Мәтіннің аз, әуенді ұзағырақ тыңдату оларға әуен арқылы жағымды көңіл-күй сыйлауға мұмкіндік туғызады деп ойлаймын.

Келесі әдістеме ретінде «Шығармашылық жұмысты» алатын болсақ. Балалардың ұзақ жұмыс жасай алмайтындығын, тез шаршайтынын ескерген абзал. Сонымен бірге шығармашылық жұмыс орындату барысында алдын ала көрнекі әдістерді дайындап қою маңызды. ПДТ балалар көбінесе көрнекі құралдармен орындауға берілген тапсырмаларды әлдеқайда жақсы орындайды. Енді шығармашылық тапсырманы орындау әдісіне көшсек. Алдын ала дайындалған түрлі түсті қағазда берілген суреттер болады. Олар: күліп тұрған адам бейнесі, кітап, дос, киім, т.б. адамға қажетті заттардың суреті болады. Бұл сурет арқылы балаға адамның суреінің қасына ол күлуі үшін маңызды заттарды қосуын сұрау, орындау барысында баладан әр заттың сипатын сұрап отыру керек. Көрнекіліктер мынадай ретте болуы мүмкін:



+ +++
Сонымен бірге осы тақырыпқа орай бейнематериалдар көрсету де маңызды деп ойлаймыз. Өзін-өзі тану сабағындағы қолданылатын қорытынды «Тыныштық сәті» әдісі арқылы ПДТ балаларға өмір сүрудің кереметі, артықшылығы, күресудің маңызы секілді мазмқұндағы бейнематериал мен аяқтау тиімді деп ойлаймыз.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет