ҚОРЫТЫНДЫ
Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін ол балалармен жұмыс жасайтын маманның көп ізденіп, көп еңбектенуі маңызды. Мақала жазу барысында аңғарғанымыздай психикалық даму тежелісі бар баламен жұмыс жасауда көбінесе тиімді болып көрнекілік әдістерді қолдану маңызды. Ал бұл мақаланы бастаудағы мақсат бойынша, өзін-өзі тану әдістерін қолдану арқылы ПДТ балалардың танымдық ерекшелігін дамытуда ұсынылған әдістердің нәтиже беруі үшін бірнеше тәжірибе жұмысын жасап, нақты жауап табылады деген ойдамыз. Рухани- адамгершілік білім берудің өзі тұлғаның рухани дүниесін дамытуға, әлеуметтік, психикалық,шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, осы аталған адамға қажет дүниелердің үйлесімді дамуына бағытталғаны белгілі. Сол себептен де ПДТ балалармен жұмыс жасауда өзін-өзі тану әдістерін де іске асыру, өз нәтижесін береді деп үміттенеміз.
Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
Т.Б. Кенжебаева., Арнайы психология., Павлодар – 2011, 122 бет.
Цыренов В.Ц., Коррекционная педагогика, Улан-Удэ, 2009г. – 75с.
Интернет-сайт: http://stepanova-logoped.umi.ru
Қосымша әдістер
(Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған өзін-өзі тану сабақтаранда қолдануға ұсынамын. Әдістерді мейлінше әр түрлі тақырыптарға жасап көрдім)
1–сыныптың оқу бағдарламасындағы «Сәлем берем ізетпен» тақырыбындағы сабаққа қолданылатын шығармашылық әдіс:
Сәлемдесу әдебін қалыптастыру мақсатында шығармашылық тапсырма ретінде мынадай көрнекіліктер ұсынамын
Достарыңызбен бөлісу: |