Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары
Қазіргі таңда адамзат ғылым мен білімді игеруде психология ғылымынсыз өркениеттің өріне еркін қол жеткізе алмайды. Өйткені психология барлық салаларда қамтылады. Осыған орай менің тоқталып кеткелі тұрған мәселем қазіргі кездегі балалардың дамуындағы бұзылыс түрлерінің жиі кездесетін бір түрі – психикалық дамудың тежелуі. Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында елу пайыз психикасы дамуының тежелуі бар (ПДТ) балалар кездеседі.
Психикалық дамудың тежелуі бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі.
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен тежелуі бар (ПДТ) балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі жеті-сегіз жастан анық байқалады.
Оның негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі байқалмайды, берілген Тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады.
Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30 төмен деңгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелері бойынша ойлау, сөйлеу тілінде және шығарманың мазмұнын айтуда қиындықтар кездесетіні, сонымен қатар есте сақтау қабілетінің артта қалғаны да анықталады.
Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседі.
Психологиялық дамуында тежелуі бар балаларды басында жан-жақты терең тексеру және балаларды зерттеу кезінде, арнайы эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесіне жүгінісек, оқу кезіндегі қиындық көретін балалардың 50-ден жоғарғысы, зейіні бұзылғандары бірінші орынды құрайды. Бұл зерттеулерді жүргізуші белгілі дефектологтар Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.В.Демьянов, Л.Ф.Чупров және басқалары Т.А.Власова мен М.С. Певзнердің айтуынша психологиялық дамуының тежелуінің негізгі белгісі – ерік-жігер аймағының жетілмеуі. Бұл жетілмеушілік оқу тапсырмаларын орындауда тұрақтана алмауға әкеп соғады.
Сабақ кезінде психологиялық дамуының тежелуі бар балалар жиі қозғалғыш, отыра алмайды, берілген тапсырмаға өздерін 5-10 минут зейінін тұрақтандыра алмайды. Бұл жерде психологиялық дамуының тежелуі бар балалар сабақ кезінде жиі қозғалғыш, отыра алмайды, берілген тапсырмаға өздерін 5-10 минут зейінін тұрақтандыра алмайды. Бұл жерде психологиялық дамуының тежелуі бар зейіннің даму деңгейін біркелкі деп айтуға болмайды.
Кейбір оқушылардың зейіндері сабақтың басында тұрақты болады да, сабақтың ортасында зейін тұрақтануы төмендейді. Екіншілерінің зейіні сабақ кезіндегі бірнеше тапсырма орындағаннан кейін ғана тұрақтанады.
Ал, үшіншілерінікі кезеңмен сипатталады. Зейін шоғырлануының деңгейінің төмендеуін шаршаған, қажыған балалардан байқауға болады. Бұл балалар оң материалдарын қабылдауға қиналады, нәтижесінде оқу үлгерімінде кері әсерін тигізеді, үлгермеушіліктер болады. Зейіннің белсендіден белсенсіз жағдайына жиі ауысуы, жұмыс және демалу көңіл-күйі кезі баланың психикалық жағдайымен тығыз байланысады, еш себепсіз пайда болады. Сыртқы жағдайлар (қиын тапсырма, үлкен көлемді жұмыстар) баланы қобалжытады, зейіннің тұрақтылығын төмендетеді. Әсіресе, бұл жағдай қиын сабақтың соңында байқалады. Өзінің әлсіздігі, тапсырма орындауда шоғырлана алмауы баланы тітіркендіреді, кейбіреулері – жұмыс жасаудан түбегейлі қарсылық білдіреді, әсіресе жаңа оқу материалын меңгеруде. Ақыр соңында балаларда өз күшіне сенімсіздік, оқу әрекетіне қанағатсыздық пайда болады.
Психологиялық дамуының тежелуі бар балалардың көпшілігіне ауызша мәлімет алу зейіннің әлсіздігі тән. Тіпті қызықты, тартымды, сезімді әңгімелерді тыңдау кезінде бұндай балалар есінеп, көңілі басқа нәрсе ауысып, әңгіме жүйесін жоғалтады. Әсіресе айналасында басқа көңіл аударатын фактор болса, зейін деңгейі анық белгілі болады. Сыныпқа бөтен кісі кірсе, есік қағылса, кенеттен құлап қалған, зат осының барлығы баланың зейінін сондай алаңдатады. Мұғалім тапсырмасын есінен шығарып алады. Педагог бұл балалардың жұмыс белсенділігін арттыру үшін көп күш жұмсайды. З.Тржеслова, Г.И.Жарикова, Л.А.Перменова тағы басқалардың психологиялық педагогикалық зерттеулерінде психологиялық дамуының тежелуі бар балалардың зейін ерекшеліктерін ұсынады:
Зейін ауытқушылығы қиын тапсырмалар орындауда, өзін бақылауда ұстауда жүйке жүйесінің өз дәрежесінде дамымағаны туралы айтылады. Баланың өнімді жұмыс жасау қабілеті 5-15%; содан, біраз уақыттан кейін, ең болмаса 3-7% «тынығып» келесі жұмыс жасау кезеңге күш жинайды. Сол «тыныққан» кезде, басқа бір нәрселермен айналысып кетіп, жұмыс жасаудан ада болады. Күш жинаған соң, бала өнімді жұмыс жасай алады.
Шоғырлану төмендігі. Бұл белгі бағдарлама орындауда, іс-әрекет жасағанда, тез шаршап қалу болып табылады. Соматикалық және церебралды-органикалық факторы бар екенін білдіреді.
Зейін көлемінің төмендеуі толық көлемде мәлімет қабылдауы қиын.
Зейін шашыраңқылығының төменділігі баланың жұмыс жасауына айналасындағы қосалқы тітіргендіргіш көптігі.
Зейіннің бөліну төмендігінен бала тапсырманы жаңадан меңгеріп жатса, бір мезетте бірнеше тапсырма орындай алмайды.
Зейіннің «жабысып қалуы». Бұл тапсырманың бір түрінен екіншіге ауыса алмауы, жағдай өзгеруін тез арада қабылдамауынан айқын білінеді. Зейіні тұрақсыз балалардың іс-қимыл қозғалысында не істеу керектігі маңызды?
Қалай жасауға болады. Жасалынатын іс-қимылдың жоспары, өзін-өзі басқарудың басты міндеті болып табылады. Бірінші кезеңде жоспарлау, 2-ші кезеңде іске асыру және жасалынатын жұмысқа деген өзін дайындау психологиялық дамуы үдерісінде тежелуі бар балаларда зейіннің тұрақсыздығы, ерікті түрде зейін аудара алмау себебінен даму үдерісінің ең маңыздысы ойлау іске аспайды. Баланың зейін тұрақсыздығы жеткілікті мөлшерде әртүрлі талдағыштардың жеткілікті жұмыс жасамауы болып табылады яғни сенсорлық функциялары іске қосылмайды. Көре отыра талдау және жинақтау жасай алмау себебінен де зейін тұрақтылығы қалыптаспайды, ойлау үдерісі іске аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |