Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары



бет4/7
Дата13.10.2023
өлшемі61,83 Kb.
#185305
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары

Қолданылған әдебиеттер

  1. Аверин В.А. Психология развития детей дошкольного возраста. СПб:. — 2000.

  2. Выготский Л.С. Проблемы возрастной периодизации детского развития //Вопросы психологии. — 1972.- с.114-123.

  3. Ермағамбет Ә. Психологиялық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Алматы, — 2008.

  4. Көшембаев Р.Қ. Психотехникалық жаттығулар және коррекциялық бағдарламалар. Алматы, – 1999.

  5. Есенжолова Г.Ж. Хрестоматиялық материалдар, сергіту жаттығулары мен дамыту ойындары арқылы балалардың эмоциялық-танымдық қызметтерін қалыптастыру және дамыту. Алматы, – 2008.


Психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін анықтау және түзету дамыту жолдары


Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырып, жылдан-жылға көбеюде.
Мектепте де, үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістікті оларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі жүргізу арқылы әлеуметтік жолмен толықтыруға болады» деп айтқан болатын.
Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Соның бір көрінісі - жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың ашылуы. Біздің міндетіміз - даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-аналарға түзеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалып отырады. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметті жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы мүмкін.
Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада малярия, тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады.
Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары – интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері. Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді.
Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгірімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:

  • сабақ процесіне жай қосылады;

  • оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды;

  • берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;

  • оқуы мен жазуы жай;

  • оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;

  • есептер шығарған кезде қателер жібереді;

  • тез шаршағыш;

  • сыныптстарымен аз араласады;

  • өз ойын анық айта алмайды.

Психикалық дамуының тежелуі бар балалар көбіне олигофрения балаларға ұқсайды, Бірақ, егер де оқу процесі, әдістемелік нұсқаулары дұрыс ұйымдастырылған болса, 1-3 жылда өз құрдастарының білім дағдысын қуып жетуге болады. Бұл туралы Л.С.Выготскийдің: «Кемтар бала қалыпты баланың деңгейіне жету үшін қазіргі ерекше құралдарды қолданған жөн» деген сөзі бар.
Неміс педагог-дефектологы П.Шуман «Баланың психикалық немесе дене дамуы неғұрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғұрлым жоғары болуы қажет» - деп айтқанындай .
Түзету жұмыстары псаихикалық дамуы тежелген және ақыл-ой кемтарлығына шалдыққан оқушылардың зейіні мен еске сақтауын, кеңістіктік елестетуін, қисынды ойлауын дамытуға жағдай жасайды.
Сондықтан барлық танымдық психикалық үрдістер ( қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) «таза» күйінде болмайтындығын, өзінше тұтас бір жүйені білдіретіндігін, соның негізінде кешенді түрде дамитындығын есте сақтаған абзал. Мысалы, «графикалық сынақхат» жаттығуын кеңістіктік-бағдарлық тапсырмаларға жатқызуға болды, сонымен қатар ол зейіннің, есте сақтаудың, өзін-өзі бақылаудың, қолдың ұсақ моторикасы қызметінің дамуына ықпал етеді.
Оқушылардың ойлауын төмендегідей тапсырмалар беріп дамытуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет