Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары



бет7/7
Дата13.10.2023
өлшемі61,83 Kb.
#185305
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психикалық дамуында тежелуі бар балалардың танымдық қабілетін дамыту жұмыстары

«Үш пішінді таңда» жаттығуы.
















Мына пішіндерді үш бос тор көздерге орналастыру үшін қалай таңдап алар едің?
Бұл жаттығуды 4 пішінді таңда деп күрделендіре беруге болады.
«Үш сөзден сөйлем құра!» жаттығуы
Мысалы, «көбелек», «аю», «өзен» деген сөздер беріледі. Осы үшеуін қатыстырып, сөйлем құрау тапсырылады. «Аю өзеннен су ішіп жатып, гүлге қонған көбелекке қарады».
«Мағынасын ашатын сөз» жаттығуы
Мысалы «Өзен» деген сөз беріледі. Астында жаға, су, балық, балдыр, бұлақ деген сөздер беріледі. Осы сөздердің ішінен өзен сөзіне мағынасы жақсын сөзді таңдап алу тапсырылады.
Осындай жұмыстарға балалар қызығушылықтары артты, ойлауы сәл де болса артқаны байқалады. Мысалы: ТДО сыныбындағы А.Әліпқалиев, С.Мұқташева, Ж.Айдаралиев, Г.Тілебалиевалар жылма-жыл қатырынан өз сыныптарына ауыстырылып отырса, арнайы ТДО сыныбындағы А.Айдаралиева, Б.Ғалымжанов сынды оқушылар тапсырманы жақсы орындайтын болды.
Сөзімді қорыта келе мүмкіндігі шектелгендер деп қарамай, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытып, өмірден өз орындарын тауып кетуі үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыстана берейік дегім келеді.
Соңғы мәліметімізге қарағанда, біздің елімізде 42,2 мың мүгедек балалар бар екен. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешеуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.
Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы туралы Декларациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы:
Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса, ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және де басқа адамдардың сүсйіспеншілігі мен түсіністігіне, егер ағайын-тумасы жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы...»
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамының белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің міндеті – қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни ауруының себеп-салдарын анықтап, оның бала ағзасының дамуына қандай бөгеттер жасап отырғандығын анықтау, мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлігін қамтамасыз етуге үйрету.
Есту қабілеті бұзылған баланың өмірге келуі шын мәнінде отбасына психологиялық өзгерістерге алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі – дефектологиялық негізгі ұғымдардың бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті - жалпы педагогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс.
Тәрбиенің бұл түрі тек педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асқаны орынды. Және бұл қарым-қатынас қалыпты жағдайда өзара түсіністік, бір-біріне көмек беру жағдайында өткені дұрыс.
Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжыма еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу керек. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор.
Мүмкіндігі шектелген балалар мектепте де, үйде де жеке ықпал жасауды қажет етеді. Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістікті оларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі жүргізу арқылы әлеуметтік жолмен толықтыруға болады» деп айтқан болатын. Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Соның бір көрінісі - жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың ашылуы. Біздің міндетіміз - даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-аналарға түзеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалып отырады. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткерген аурулар, негізгі әлеуметті жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы мүмкін.
Психиатр, невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада малярия, тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады.
Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары – интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері. Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді.
Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгірімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:

  • сабақ процесіне жай қосылады;

  • оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды;

  • берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;

  • оқуы мен жазуы жай;

  • оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;

  • есептер шығарған кезде қателер жібереді;

  • тез шаршағыш;

  • сыныптастарымен аз араласады;

  • өз ойын анық айта алмайды.

Психикалық дамуының тежелуі бар балалар көбіне олигофрения балаларға ұқсайды, Бірақ, егер де оқу процесі, әдістемелік нұсқаулары дұрыс ұйымдастырылған болса, 1-3 жылда өз құрдастарының білім дағдысын қуып жетуге болады. Бұл туралы Л.С.Выготскийдің: «Кемтар бала қалыпты баланың деңгейіне жету үшін қазіргі ерекше құралдарды қолданған жөн» деген сөзі бар.
Неміс педагог-дефектологы П.Шуман «Баланың психикалық немесе дене дамуы неғұрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғұрлым жоғары болуы қажет» - деп айтқанындай .
Түзету жұмыстары псаихикалық дамуы тежелген және ақыл-ой кемтарлығына шалдыққан оқушылардың зейіні мен еске сақтауын, кеңістіктік елестетуін, қисынды ойлауын дамытуға жағдай жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бір түрі – «шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде жазалайды. Мұндай отбасылардың балалары іштей күйзеліске түседі. Ата-аналардың сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл-күйі түсіп, сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, тәрбиесінде депрессияға тән көріністер пайда болады.
Психологиялық шеттету баланың интеллектуалдылығына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп, оны тым бос ұстап, еркелетеді, кез-келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы болып келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Сондықтан да әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Дамудың тоқтап қалуының негізгі ерекшелігі баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Бұл балаларға тән ерекшелік – зейіні мен жұмыс қабілеттілігінің төмен болуы. Кейбір балаларда іс-әрекеттің басында зейіндері жоғары күшті болады да, ал кейін ол төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді еске сақтаудың төмендеуі, есте сақтау беріктілігінің жетілмеуі, интеллектуалдық белсенділіктің төмендеуі – осы категориядағы балаларға тән ерекшелік.
Ойлау әрекетіне келетін болсақ, көрнекі - амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді. Көпшілік жағдайда нақтылы бейнелі ойлау бұзылады, яғни бейне, образдың жеткіліксіз түрде болуы. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға негізделсе де, баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, олар да қиындық туғызады.
Балалардың белсенді сөздігі айтарлықтай танылған, түсінігі толық дәл емес.
Танымдық белсенділігі жеткіліксіз, ол баланың тез шаршауымен, тежелгіштігімен сипатталады. Бұл балалар есептің шартын, диктанттық түрде айтылған сөйлемдері есінде сақтай алмайды, зейіндерін тапсырмаға бағыттай алмайды, мектеп тәртібіне бағына алмайды.
Мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, түзетіп оқытуды, емдеу мекемелерін талап етеді.
Психикалық дамудың тоқтап қалуы түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балаларға көмекті жалпы білім беретін мектепте ұйымдастыруға болады, ауыр жағдайларда балаларды арнайы мектептерде оқытқан жөн.
Бұл балаларға белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл-күйден жұмыссыздық жағдайына жиі өтіп тұру тән. Бұл баланың жүйкелік-психикалық жағдайымен байланысты. Сонымен бірге кейбір сыртқы жағдайлар баланы бір қалыптан шығарып, күйгелектікке, уайымшылдыққа алып келеді.
Мұндай балалар өз жұмыстарының нәтижесінде көп көңіл бөледі: мұғалімнен өзінің дұрыстығын талап етеді, жақсы бағаны ұнатады, бірақ жолы болмаушылыққа күйінеді. Балалар қандай да болсын тапсырманы орындауда ересектердің көмегін нәтижелі түрде қолданады.
Оқу әрекетін қалыптастырудағы түзету жұмысы сабақ уақытында қалаған оқу пәні кезінде жүзеге асырылады, әсіресе, еңбек сабағында баланың көптеген қасиеттерін (батылсыздық, енжарлық, баяулық т.б. ) дамытуға болады. Баланы айналадағы ересектермен, құрдастарымен араласуға, өзіне-өзі қызмет етуге үйрете білу қажет. Баланы қоршаған ортамен таныстыра отырып, оны саяхаттарға, серуендерге шығару қажет. Мұның барлығы оның дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет