Психодраманың әдістемелері:
Психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер
қолданылады:
1. Өз-өзін көрсету (самопрезентаця);
2. Монолог;
3. Дублирлеу;
4. Рөлдермен ауысу;
5. «Бос» орындық және «биік» орындық;
6. «Айна»;
7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау;
8. «Артыңда»;
9. Идеалды басқа адам;
10. Сиқырлы магазин.
1. Өз-өзін көрсету (самопрезентация). Бұл ең қарапайым
техникалардың бірі. Ол қысқа рөлдік әрекеттер сериясынан
тұрады. Протагонист өз-өзін немесе өзіне маңызды адамды
бейнелейді. Бұл әрекеттерде протагонист жалғыз қатысушы
болып табылады және көрсетілім субъективті болып шығады.
2. Монолог. Бұл техника өзінің әрекеттерін сахна ортасында
түсіндіру сияқты көрінеді. Монолог проблема авторының
репликалары. Бұнда ол проблеманың мәнін ашады, өзінің ойлары
мен сезімдерін айтып жеткізеді. Актердің көрсететін персонажы
басқа адамдарға емес, өзіне арналады. Бұл тиімді әдіс
протагонистке өз эмоцияларына сырттан қарауға мүмкіндік
береді және жағдайға өзінің реакциясын анализдейді.
3. Дублирлеу. Психодрамада дублирлеу проблема авторының
рөлін алатын екінші біреудің көмегімен жүзеге асырады. Ол адам
автордың «ішкі дауысы» рөлінде болуы мүмкін.
Двойник немесе екінші «мен» - протагонисті кез-келген
уақытта алмастыра алатын қатысушы. Егер протагонист өз
әрекеттерін жалғастыра алмаса, двойник оған көмектеседі. Кейбір
топтарда топ қатысушылары әрекетіне біресе протагонист, біресе
двойник болып кіріседі. Двойник тура сондай күйді қабылдайды,
тура солай әрекет етеді, осылайша ол протагонистке өз рөлін
ойнауға көмектеседі. Ол нейтралды, ирониялы, құмаршыл және
оппозиционер бола алады.
Нейтралды двойник-протагонистің сезімдерін қолдайды
немесе біраз күшейтеді.
Ирониялы двойник-протагонистің рөлін ирониялы,
юмористік түрде орындайды және проблеманы тереңірек
зерттеуге итермелейді.
Құмаршыл двойник-протагонистің сезімдерін күшейтеді,
оларды ашығырақ, нақтырақ қылады.
Двойник-оппозиционер-протагонист позициясына қарсы
позицияны ұстауға тырысады. Ол оның зейінін альтернативті
қылық- әрекет түріне аударуға тырысады.
4. Рөлдермен ауысу. Рөлдермен ауысу кезінде протагонист
психодрамада қандай да бір фигура рөлін ойнайды, ал көмекші
«мен» протагонист рөлін алады. Рөлдермен ауысудың мақсатыкөмекші «мен» ретінде ойнайтын адам протагонистің
орындауына қарап өзінің рөлін анық ұғыну болып табылады.
Бұл әдістеме, бір жағынан протагонистің қиындықтарын
түсіну, өзінің ойларын нақты білдіруге көмектесу болса, екінші
жағынан- көмекші «менге» жағдайды өзіндік түсіну мен оған
өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мысалы,
жұбайылар арасындағы ұрсысты ойнағанда, протагонист рөлінде
әйел, ал көмекші «мен» күйеуі болғанда, оларды рөлдерімен
ауысуды сұрайды. Бұндай жағдайда психодрамалық әрекет мүлде
басқа бағыт алады: конфликтіні шешуге көмектесу немесе қандай
да бір жағдайда әрекет- қылықтың адекватты формасын табу.
Рөлдермен ауысу кіші және орта жастағы балалармен жұмыста
эффективті қолданылады. Балалар ата-ана мен үлкендер рөлін
қызыға таңдайды, осылайша жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгереді.
Үлкендерде рөлдермен ауысу-инсайтқа жетудегі эффективті
және тез әдіс болып табылады.
5. «Бос» орындық және «биік» орындық. «Бос» орындық
техникасын қолданғанда, клиент сахнадағы бос орындықта
отырған өзінің антагонистін елестете отырып, өз проблемаларына
әсер етеді. Клиент бұл фантоммен өзара әрекеттеседі, тіпті
рөлдерімен ауысады. Басқа сөзбен айтқанда, клиент жоқ индивид
позициясынан фантомды индивидпен әрекеттеседі.
«Биік» орындық техникасын қолданғанда қарапайым
орындықтың астына бірдеңе қояды, яғни басқалардан биігірек
болуы керек (ол басқалардан биік болуы үшін орындыққа шығуы
мүмкін). Бұл клиент- протагонистке күш беруі үшін жасалады.
«Биік» орындық тәжірибесі клиентке қауіпті шындықпен
тиімді күресуге көмектеседі.
6. «Айна». «Айна» жаттығуы мазмұны бойынша «Рөлдермен
ауысу» жаттығуына жақын келеді. Айна протагонистке оны
басқалары қалай қабылдайтынын ұғуға мүмкіндік береді.
Режиссер дәл осы әдісті қолдануға кез жеткенін сезгенде, ол
клиентке шетке тұрып, оны қосымша «мені» қалай бейнелейтінін
бақылағанды ұсынады. «Айна» өздерінің іс-әрекетіне сырттан
қарауға мүмкіндік береді және өзінің әрекеттеріне жаңа
көзқарасты қалыптастырады.
Бұл әдіс топта қолданылады. Мұнда өзін жағдайға
байланысты ұстауына басты назар аударылады. «Айна» клиент
пен өзінің қосымша «менінің» арасындағы визуальді және
вербалды байланысты тудырады.
«Айна» техникасы «Рөлдермен ауысу» сияқты, клиентке оны
басқалары қалай көреді және оған қалай әсерленетінін түсінуге
көмектесу үшін қолданылады. Режиссер бұл техниканы қолдану
дұрыс деп санағанда, протагонист шетке тұрады немес басқа да
көрермендермен бірге отырады. Ол қосымша «мен» актері оның
рөлін ойнағанын бақылайды, яғни протагонистің өзін бейнелейді
және протагонист жағдайының немес әрекет-қылықтың
психодрамалық көрінісіндегі басқа көмекші «мендермен»
әрекеттеседі. Олар клиенттің қылық-әрекетін өздері қалай көреді,
солай бейнелейді. Осылайша, клиент өзінің бір бөлшегін
басқалардың көзқарасымен көре алады. Бұл әдіс регрессивті және
аутентифті клиенттермен жұмыста эффективті болып табылады.
7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік жағдайларды ойнау.
Қатысушылар, егер драматизделген проблемалық жағдай
басқалай болғанда немесе басқа жолмен шешілген болса не
істейтіндерін елестетулері керек. Мүмкін болатын жағдайлар
ойналады. Бұл әдіс протагонисті болашақта мүмкін болатын
жағдайға дайындау.
8. «Артыңда». «Артыңда» техникасының мәні мынада, яғни
клиент сахнада орындыққа көрермендерге артпен отырады, ал
режиссер көрермендерді клиентті талқылауға шақырады.
9. Идеалды басқа адам. «Идеалды басқа адам» техникасын
қолдану клиенттің психодрамалық әрекеттің соңында
қысымдылықты төмендетуге көмектеседі, сонымен қатар өзіне
деген қатынасты сезінуге мүмкіндік береді. Психодрамада
бейнеленетін «басқа адам» жұбайылардың, ата-ананың,
достардың біреуі болуы мүмкін. «Идеалды басқа адам»- көмекші
«менді» бейнелеуші болып табылады.
10. Сиқырлы магазин. Психодрамада кең түрде
қолданылатын жаттығулардың бірі «сиқырлы магазин» ойыны
болып табылады. Бұл техника клиентке өмірдегі өзінің шынайы
мақсаттары мен армандарын түсінуіне көмектеседі: клиент
«сиқырлы магазин» сатушысымен әрекеттеседі, оны көбінесе
көмекші «мен» немесе режиссер бейнелейді. Режиссер
қатысушылардан сахнада дүкен ашылғанын және онда керемет
заттар: махаббат, ерлік, ақыл, дарындылық және т.б.
сатылатынын елестетуді сұрайды. Магазин сатушысы клиентке
қалаған нәрсенің барлығын ұсынады: байлық, бақыт, генийдің
интеллектісі. Мысалы, біреу «сыйласымды» сұрайды. Дүкен
қожасының рөліндегі режиссер нақтылайды: «қанша
сыйласымдық керек», «кімнен», «неге байланысты» және т.б.
Магазин сатушысы клиенттен төлем сұрайды, пациентке
қымбат бір нәрсе. Мысалы: денсаулық, махаббат, тәуелсіздік,
абырой. Бұл клиентті дилемма алдына қояды және әдетте тез
арада өзінің ішкі дүниесіне үңілуге итермелейді.
Психодраманың қасиеті болып белсенді жұмысқа барлық топ
мүшелерінің қатысуы табылады. Әсіресе көмекші «мен» рөліне
таңдалғандар. Психодрамаға топтық нормалар, ортақ топтық
тақырыптар сияқты топтық динамиканың аспектілері маңызды.
Тәжірибелі режиссер түрлі таңдаулы әдістемелерді
қолданады, олардың көмегімен психодрамалық әрекеттің дамуын
басқарады, катарсис пен инсайтты тереңдетіп, күшейтеді.
Дене терапиясы
Стресске тұрақтылық тренингі.
Мақсаты:
Өз денелерін түсіну;
Қатысушылардың эмоционалды босаңсуы;
Психикалық күйлерді басқару арқылы денені босату;
Қатысушылар: Заңгерлер
Өту формасы: ашық
Өту уақыты: 1,5-2 сағат
Ресурстар: екінші аяқ киім,жеңіл киініп келу;
Кездесу 1.
"Денеге бағытталған тренинг"
Жүргізуші: Ортаға бәріміз шығып, тренингте қалаған атымен танысуға болатынын жүргізуші айтады, содан кейін жүргізушінің командасы бойынша шеңбер арқылы жіпті беріп қатысушылар таныса бастайды.
Мақсаты: Өз денесінің иесі немесе қожасы болу.
Амандасу: Танысу жіп арқылы өтеді. Жіпті беру арқылы қатысушылар өздерінің тренингте өзі қалаған атымен танысуға болады, сонымен қатар жіпті оригиналды түрде бір –біріне беру және оны қайталамау керек.
Өту уақыты: 10-15минут
Рефлексия сұрақтары:
Өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Жіпті берген кезде қиындық туды ма?
Енді өзіңізді қалай сезініп отырсыз?
"Қозғалыс және дене"
Мақсаты: Өзін түсіну және өз денесін сенімді қарым –қатынас орнату.
Жүргізуші: Бәріміз тұрып дөңгелек құраймыз, және үшке бөлінеміз.
Бұл жаттығу қатысушылардың бір –бірімен амандасуға арналған.
топ: Европалықтар;
топ :Жапондықтар;
топ:Африкандықтар;
Әр бір қатысушы осы топтағылармен амандасып шығады. Бірінші топтар қолдарын беру арқылы амандасады; Екінші топ еңкею арқылы;
Үшінші топ мұрындарын үйкелеу арқылы амандасады және керісінше рөлдерді ауыстырып, қатысушылардың қалауы бойынша өздері амандасады. Соңында ұнамаған топтың немесе елдің амандасуымен және қоштасуын қолдануға мүмкіндік беруге болады.
Өту уақыты:10-15минут.
Рефлексия сұрақтары:
Сіз қатысушылармен жақындасқанда қандай сезім болды?
Қатысушылардан энергетика сезіндіңіз бе?
"Скульптор және глина"
Жүргізуші: Қатысушыларды ортаға шығарып, оларды екіге бөлінуін сұрайды, немесе қалаулары бойынша кім скульптор, кім глина екенін келісіп алуын сұраған соң бұл жаттығуға кіріседі.
Мақсаты: Өз денесін босату және партнерді сезіну.
"Глина" өз денесін еркін ұстап, скульптордың зейінінде болады. Жұмысын аяқтаған соң скульптор ат қояды, содан кейін рөлдермен ауысады.
Өту уақыты: 10минут
Рефлексия сұрақтары:
Өзіңіздің рөлінде қалай сезіндіңіз?
Өзіңіздің партнеріңізді сезіндіңіз бе?
Қолға бағытталған жаттығулар.
Жүргізуші: Қатысушыларды ортаға шыққандарын сұрайды немесе шеңбер бойына тұрып, жүргізушінің командасы бойынша бұл жаттығуды бастауға кіріседі.
Мақсаты:Денемізді сезіну
Бір уақытта екі қолыңызды қатты жұмасыз, шамаңыз жеткенше, команда бойынша қолдарыңызды босатыңыз. Бұл жаттығу әсіресе көп жазған адамдарға бағытталған. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталау керек. Келесі бұл енді саусақтарыңызды кең ашып тұрып,оны босату ол бұлшық еттің босаңсуына жағымды әсер береді. Бұныда бірнеше рет қайталау керек. 20сек сайын пауза болу керек.
Иығымызға бағытталған жаттығу.
Жүргізуші: Ортаға қатысушыларды шығарып, олар мен жұмыс жасауға кіріседі.
Иығымызға біз үнемі ауыр жүк артамыз, бұлар стресс пен қысымдар. Сондықтан бұл жаттығу иыққа арналған, бұнда біз иығымызды жоғары қарай көтеріп, құлақтың ұшына дейін тигіземіз. Сіз иығыңыздың ауырлығын сезіну керексіз.Бұл жаттығу иық бұлшық еттіңің релаксациасына арналған.
Өту уақыты:15-20минут
Рефлексия сұрақтары:
Өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Денеңізді сезіндіңіз бе?
Осы жаттығуларды жасауда қиындықтар туды ма?
"Кездей соқ позалар"
Жүргізуші: Қатысушылар шеңбер бойымен жүреді. Жүргізушунің немесе өз еркімен қатысушылардың шапалағы бойынша, кездей соқ позада өз денелерін қою керек, осыған байланысты олар өз позаларына түсініктеме беру керек.
Өту уақыты:10 минут
Рефлексия сұрақтары:
Неліктен осы позаны таңдадыңыз?
Бұл поза сіздің көңіл –күйіңізге байланыстыма?
Сізге поза таңдаған қиын болды ма?
Қоштасу ретуалы: Европалықтар,жапондықтар және африкандықтардың ретуалын қолданамыз.
ИМАГОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ИМАГОТЕРАПИЯ (И.) (лат. imago — бейне). Науқастың
емдеу мақсатымен белгілі бір бейнелер кешенін жасаудағы
жаттығудың психотерапиялық әдісі. Бұл әдіс И.Е.Вольпертпен
1966 жылы ұсынылған.
Имаготерапияны терапия мақсатында, ойын бейнелерін
көрсету арқылы жүргізеді. Адамның өзі динамикалық бейне
құрастырады. Нақты бір әдісті түрлі жағдайда пайданалады.
Мысалы: әдеби шығармаларды қайталап айту, шығармалар
мазмұны алдын –ала әзірленген диалогтың жауап арқылы айту,
алдын ала тапсырылған ситуациялық жағдайларды сахналау,
драматизациялау, спекткльдерге қатысу, образдық бейнелер қою.
Көбінесе имаготерапияда психотерапевт ассистенті ерекше роль
атқарады . Имаготерапияның негізгі мақсаты:
1. Қолайсыз жағдайға ұшыраған клиентке жағдай жасай
отырып, оның «мен» деген бейнесін дамыту .
2. Адамның эмоционалдық байлығын байыту және
нығайту, оның коммуникативтік жағдайын қалыптастыру .
3. Клиенттің өзінің мен деген жаңа ресурсын меңгеру
бойынша шығармашылық қабілеттілігін дамыту.
4. Өзін- өзі реттей білуін дамыту, өмір тәжірибесін
бағдарлай білуін іске асыру қабілеттілігіне жаттықтыру.
5. Клиент өмірін байыту.
Имаготерапиялық үдерісте күрделенген техникалық тәсілдер
қолданылады. Бірінші кезеңде ауруға айтушы немесе
тыңдаушының рөлі ұсынылады. Имаготерапияның бастапқы
және негізгі формасы – әңгіме, себебі науқас бейнеге кіріп, осы
сәттегі сезімдерді бастан кешіреді. Ауру үшін бейне оның
психологиялық мамнына сәйкес емдеу факторы ретінде
таңдалады. Жұмыстың негізгі формасы ретінде әдеби материалды
айтумен қатар типтік өмірлік жағдайды импровизациялық
көрсетілімі де қолданылады (экспромт театр).
Бұл жағдайда имаготерапияның міндеті психологиялық
теңбе-тең мінез-құлықты жаттықтыру. Имаготерапияның
бастапқы курсы бүкіл шығарманың мазмұны толығымен
баяндалу үшін, 3 айдан жарты жылға дейін қамтиды.
Имаготерапия топпен, және жеке формада сирек жүргізіледі.
Науқасқа күн сайын 1-2 сағат бойы өзін қалайтын «Мен»
бейнесін сомдауы ұсынылады. Бірте-бірте ойынның ұзақтығы
көбейеді, және қаланатын бейне науқастың үйреншікті мінезқұлық стереотипі болып қалыптасады.
Имаготерапияның екінші кезеңінде әңгіменің трагедиялығы
кіреді. Драмалық іс-әрекетпен және диалогтармен айқындалған
повесть немесе романның кейбір фрагменттері әр жақтан
ойналады. Сондай-ақ науқастар жұмыс жасайтын шығарма
ішіндегі кейбір эпизодтарды сахнаға қоюы маңыздылық
танытады. Шығармада жоқ жағдайлардың сахнаға қойылуы да
жүзеге асырылады. Сөйлеу техникасы, такт бойынша қөзғалу, би
бойынша сабақтар жүргізіледі. Екінші кезеңнің ұзақтығы бірінші
кезеңнің ұзақтығымен бірдей.
Имаготерапияның үшінші кезеңі емдеу драмалық студияда
жүзеге асады. Бейнені жасау үстіндегі жұмыста хореографиялық,
драмалық және комедиялық спектакльдер қолданылады.
Бейнелерді таңдау науқастардың клиникалық-психологиялық
ерекшеліктері есебінен жүзеге асады. Есірік сырқат адамдарды
талдауға бейім байсалды және ақылды бейнелер ұсынылады.
Психастеникалық сипатты науқастарға шындық өмірді тікелей
және эмоциональдық түрде сезінетін адамдар бейнесін жасауға
пайдалы.
Имаготерапияның қолданылатын емдеу факторларына
көңілді бұру, сендіру, түсіндіру, иландыру, имитациялық мінезқұлық, эмоциональдық көмек, мінез-құлықтың жаңа тәсілдеріне
үйрету жатады. И. шектік нерв-психикалық бұзылуларды емдеу
әдісі және науқастың тұлғалық дамуы арқылы емделу тәсілі
ретінде қолданылады.
ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Құм терапиясының маңыздылығы:
·Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды
сыртқа шығаруға көмектеседі.
· Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық
потенциалдарын босатады.
Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен
өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп
ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенің
көрсетеді. Юнгтің оқушыларымен бірнеше жолдармен тәжірибе
жинақталған, нәтижесінде олар қолайлы мінездемелерін барынын
қорытындысын келді. Мысалы осыған көгілдір түсті құмзар
жатады, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында
ойыншықтар қолданылады. Керекті пішіндердің тізімі бар.
Оларға:
● ағаштар
● өсімдіктер
● табиғи заттар, (тірі және өлі табиғат)
● лақтырым материалдар
● пластикалық немесе ағаш қиқымдары мен әртүрлі
пішіндер заттар.
Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеу барысында
балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының
кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте
төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы
және бір-біріне мейірімділік шындамдылық танытпауы басым.
Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген
қызығушылақтарының төмендеу, байланыстырып сөйлеуін және
сөздік қорларының аздғын болдырады, комуникативтік
дағдыларының дамуын тоқтады. Осындай ауытқулардың
бірнеше себептері бар. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы
және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және
теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-
аналардық денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын
отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен қарымқатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері
жоқ, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету.
Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен
теледидар алмастырады. Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен
жұмыс істеуге тура келеді. Біз өзіміздің тобымызда балалардың
сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау
жұмыстарына назарымызды аударамыз. Балалардың дамуын
және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер
бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір
түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді. Біз топта жыл бойы
құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді.
Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы
құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі
тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара
түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты
шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге
ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен
қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және
комуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс мезгілінде
де біз құммен ойындарымызды тоқтатпаймыз. Мен өзімнің
тобымда «шағынқұмзар» жасадық. Ол ағаш қорап ені мен
ұзындығы 70 немесе 80 см биіктігі 20 см болу керек. Құмзар
топтын арнайы бөлінген орнында орналасқан, тудырылған
жағдайға байланысты құмзарды басқа жерге қоюға болады. Біздің
шағынқұмзар кең қолданыста. Біз оны оқу әрекеттерінде,
балалармен бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда және
шығармашылық жұмыстарда қолданамыз.
Әрекет үстіндегі құмды қолдану.
Тіл құзіреттілік дамыту сабақтарында мен келесі әдістәсілдерді қолданамын:
1.Әңгімелесу «бөлмедегі құммен ойнау ережелері» бұл
сабақта мен топттағы не істеуге болады және не істеуге
болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа
жерге тасуға т.б.)
2. Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен
ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау
барысындағы туындаған қиялары туралы әңгімейлейді.
3. ТРИЗ. Ойын «Құм: жақсы- жаман» балалар құмның
пайдалы және пайдасыз қасиеттерін атайды.
4. Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің
сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып
отырып бұл процесті өте ұзақ қарастыра алады. Бұл көрініс
оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері
туралы әңгімейлейді.
Математика сабақтарында төмендегіндей жаттығуларды
қолданамыз:
1. «Өлше де сана». Балалар қасыкпен құмды өлшейді
және санын санайды.
2. «Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды
балалар түрлі белгілері бар қасықтармен өлшеп салыстырылады
және санын санайды.
Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданамыз:
1. «Құммен сурет салуды үйренеміз». Осы сабақты
балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз.
Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы
бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім
жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып
тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.
2. «Суретті құммен саламыз». Сабаққа түрлі түсті
гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды
қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке
алып отырып суретті шығарамыз.
3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар»
дымқыл құмнан мүсіндеу.
Құм ойындары
Қыстың суық күндерін де сырқа шығу мүмкін болмаған
жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар және
ойынсауықтар ұйымдастырылады.
81
Ойын түрлері:
1. «Ненің ізі».
2. «Келесіге бер»
3. «Еркін ойындар»
Қорыта айтқанда, құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде
дамытуда маңызды рөл атқарады. Құмзар ойындарды,
жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын,
шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс
көзқарастырын қалыптастыруға маңызды рөл атқарады.
ФИЗИОТЕРАПИЯ ӘДІСІ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Физиотерапия (гректің physіs – φύσις - табиғат және
θεραπεία - емдеу) –табиғи және жасанды түрде жасалынатын
физикалық факторлардың физиологиялық пен емдік әсерін
тигізетінін зерттейтін және профилактикалық және емдік
мақсаттармен оларды пайдалану әдістерін әзірлейтін медицина
саласы; физикалық емдеу әдістерінің жиынтығы және олардың
қолдануы.
Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен
емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады.
Физиотерапияның жеке бөлімі болып курортология болып
табылады. Осы немесе басқа физикалық фактордың қолдануына
негізделген олардың әрқайсысында бірнеше емдеу әдістері бар.
Еңкөпәдістерэлектрменемдеугекіреді (электр өңірін, тұрақты,
айнымалы, үздіксіз және үзік электр токтарын, айнымалы
электрмагнитті өңірін қолдануымен бірге әдістер):
1. - амплипульстерапия
2. - диадинамотерапия
3. - гальванизация
4. - дәрілік электрофорез
5. - электростимуляция
6. - флюктуоризация
7. - интерференцтерапияж.б.
Жарықпен емдеуге жарықтың энергиясын, соның ішінде
ультракүлгін және инфрақызыл сәулеленулерді қолданатын
әдістер кіреді.
Су және бальнеология емдеу әдістері тұзсыз суды, сонымен
қатар табиғи және жасанды түрде жасалатын минералды суды
қолдануға негізделген.
Жылумен емдеуге жылытылған парафинның, озокерит,
балшықпен емдеу, құмның, құрғақ ауаның жылуын организмге
беріп жылуды қолдануға негізделген әдістер кіреді.
Механикалық әсер тигізумен емдеуге ультрадыбыс терапия,
вибротерапия, уқалау, мануальді терапия кіреді.
Физиотерапияның қолданылуы физиотерапиялық шаралар
перифериялық, аймақтық және орталық қан айналымын
жақсартуға, ауруды басуға, ұлпаның трофикасын жақсартуға,
бұзылған иммундық үрдістерін реттеу әрекеттеріне негізделген.
Физиотерапияны тынышсыз жағдайларда, ісіп қызару
үрдісінде, организм қатты жүдеген кезде, инфекциялық ауру
асқынған кезде, туберкулезбен ауырған жағдайларда, қатерлі ісік
және оның бар болуына күдіктену жағдайларында, қан аурулары
бар кезде, қансырау және қанауға бейім жағдайларда, жүрек
ауруларында, аорта және ірі тамырлардың аортасы, орталық
жүйке жүйесінің аурулары кезінде қолдануға болмайды.
Физикалық факторлардың емдік және профилактикалық
қолданылуы физиотерапиялық кабинеттер мен ауруханалардың
бөлімшелерінде, емханалар мен басқа емдеу-профилактикалық
мекемелерінде, қажет болса ауруханалардың палаталары мен
үйде жасалынады.
Клиникалық медицинаның табиғи (су, ауа, күн сәулесі, күн
шұғыласы) және жасанды (электр тогы, сәуле қуаты, т.б.)
факторлардың адам организмінетигізетін әсерін зерттеп, осы
факторларды емдеу, аурудан сақтану мақсаттарына қолдану
әдістерін іздестіретін бөлімі.
ФИЗИОТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІНІНІҢ БІРІ –ФОТОТЕРАПИЯ
Жарықпен емдеу (фототерапия) – тірі организмге
жарықтың әсерімен, энергиясымен әсер ететін ем әдісі.
Жарықпен емдеуге жарықтың энергиясын, соның ішінде
ультракүлгін және инфрақызыл сәулеленулерді қолданатын
әдістер кіреді.
Жарық-ағзаның негізгі қызметтерін реттеудегі өте маңызды
факторлардың бірі болып табылады. Күн радиацияның 48%
көрінетін жарық диапазонынан, ал 45% инфрақызыл және 7%
ультракүлгін сәулелерден тұрады.
Жарықпен емдеу – физикалық терапияның ертеден келе
жатқан және көптаралған әдістерінің бірі. Ертедегі Мысырда,
Римде және Орталық Азияда ақжарықпен емдеу қолданылған.
Мысырлықтар күн сәулесінің шипалы күшін білген және арнайы
орналастырылған террасаларда күн сәулесімен емделген.
Ертедегі римдіктерде күн сәулесі қабылдауын кең
қолдауымен қоса гимнастикалық жаттығаларды жасайтын кун
алаңдары болған. Барлық уақыттарда дәрігер дарындылығы
қуатты ғарыш факторын қалай пайдаланатынымен бағаланған.
Ежелгі үнді Чакшу Девоя жинағында күн құдайдың көзі секілді
деп қаралған, ал Библияда «Күнді көру көз үшін жағымды әрі
әсерлі» делінген.
Жарықпен емдеудің жаңа кезеңі ХVIII ғасырдан басталды.
1774 жылы француз дәрігері Фор аяқтың ашық жараларын күн
сәулесімен емдеуді ұсынды. Деберейнер (1816) мәліметтерінде
сәуленің әсері термо-және хромотерапия деп екіге бөлінді, яғни
жылудың әсері мен түстік жарық спектріне деген бөлек түсінік
қалыптасты. Гершель ультракүлгін сәулелердің химиялық әсерін
ашты. Ниль Фринзен (1899) ұмытылуға айналған өзінің шешекті
емдеу жолын қайтадан жаңғыртты. 1981 жылы орыс дәрігері
Минин көк түсті шам рефлекторын ұсынды (Минин лампасы), ал
1894 жылы америкалық дәрігер Келлг жалпы тәжірибеге жарық
ваннасын енгізді.
Жарық өте күшті белгі беретін қоздырғыш. Жарық сәулелері,
көздердің тор қабықтары арқылы интеррорецепторлар
байланыстарының жәрдемімен ми қабына үздіксіз әсер етіп, сол
арқылы ағзалардың қызметтеріне рефректорлы ықпалын тигізеді
және белгілі бір мөлшерде зат алмасу процесін арттырып не
төмендетіп тұрады. Жарық организмге терінің кілегей
қабықтарының интеррорецепторлары арқылы биологиялық
әсерін тигізеді.
Жарықтың энергиясын дұрыс пайдаланыпауруларды
нәтижелі сақтандыруды және емдеуде тәулік ішіндегі жарықтың
жеткілікті мөлшерін, оның ұзақтығын және жарық көзінің күшін
дұрыс анықтау өте маңызды жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: |