19
мысық – сүт, бөлке - май, бала
- машина, қыс –сырғанақ, үстел –пирог,
тіс –щетка, өзен - көпір.
8. «Шатастырғыш» Мақсаты: зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануын
жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: екі ойыншыдан тұратын екі топ құрылады. Әрбір
топта кімнің бірінші нөмірлі, кімнің екінші нөмірлі екені анықталады.
Бірінші ойыншылар екінші ойыншыға қарап дауыстап санай бастайды: бірі
100-ге дейінгі жұп сандарды атаса, екіншісі 99 ға дейінгі та санды атайды.
Әрқайсысы соңғы санға қарсыласынан бұрын жетуге ұмтылады. Әрбір
топтың екінші ойыншылары өз қарсыластарын мұқият
тыңдап қателессе
жетекшіге хабарлайды. Мұнан кейін екінші рольдегілер біріншілермен
ауысады.
9. Психогимнастика (тотықұс, аққу, күнге қыздырынып жатқан итбалық,
судағы итбалық, маймыл, жылан)
10. «Бірдей заттарды тап». Мақсаты:
логикалық ойлауды дамыту,
нысаналарды элементтері бойынша салыстырып дамытуды жетілдіру.
Жаттығудың жүргізілуі: екі түрлі суретке мұқият қарап алып, ондағы бірдей
заттарды табу. Бірдей затты табу ұсынылады. Мұнда баланың назары ұқсас
заттардың көлемінің әртүрлі болуына аударылады. Бірдей заттар: машина,
аю, доп, тасбақа, тікұшақ, қоян, ат.
11. «Шатастырғыш»
Мақсаты: ойын топтық бірлікті көтеруге бағытталады.
Ойынның жүргізілуі: Санамақ арқылы жүргізуші таңдалады. Ол бөлмеден
шығады, басқа балалар бір бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрады.
Қолдарын жіберместен олар қалауынша шатасады.
Шатасу пайда болғанда,
жүргізуші бөлмеге кіріп, балалардың қолын ажыратпай шешеді.
12. «Айналмақ» балалар бір бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді.