Психокоррекция бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады



Pdf көрінісі
бет1/29
Дата10.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#147383
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29



Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 
облыстық оқу әдістемелік кабинеті 

 
 
 
 
 
Орал, 2014 



Облыстық білім басқармасының Мектепке дейінгі, жалпы орта, 
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу 
әдістемелік кабинетінің кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға 
ұсынылады. 
Құрастырушы: Н.Е.Казимова, Жаңақала ауданының психологиялық- 
педагогикалық түзеу кабинетінің екінші санатты педагог-психологі. 
Сараптама комиссия мүшелері: 
Маселова Р.Е
(Облыстық психологиялық –дәрігерлік- педагогикалық 
кеңес беру орталығының меңгерушісі) 
Бауетдинова Ш.Қ.
(Арнаулы және инклюзивті білім бөлімінің әдіскері 
ОББМДЖОТ және КББҰООӘК) 
Рецензент: 
Шуиншалиева С.А.,
Облыстық психологиялық-дәрігерлік-
педагогикалық кеңес беру мекемесінің жоғарғы санатты педагог-психологы. 



Мазмұны 
Кіріспе…........................................................................................................4 
1.
Оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін арттыруға арналған 
түзете дамыту бағдарламасы...................................................................5 
1.1.
Есте сақтауды, зейінді, ойлауды дамыту, балаларда жағымды 
эмоция қалыптастыру, коммуникативті дағыларды арттыруға 
арналған жаттығулар.....................................................................6 
2.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың танымдық процесіне 
арналған түзете дамыту бағдарламасы................................................17 
2.1.
Танымдық процестерін дамытуға арналған психологиялық 
тренингтер……………………………………………………..18 
3.
Психология сабағының құрылымы. 
Психологиялық сабақтардың қысқаша мазмұны……………………….33 



КІРІСПЕ 
Оқу құралында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық 
қызмет көрсетудің психокоррекциялық бағыты қарастырылған. Жеке бас 
дамуын теориялық деңгейде негіздей, жас кезеңдерге бөліп, коррекцияның 
негізгі түрлері: тренинг, ойын, сабақтар бойынша жаттығулар түзете дамыту 
сабақ түрлері ұсынылған. Психолог қызметінде психокоррекциялық 
материалдарды жеке және топтық түрде өткізу жолдары нақты көрсетілген. 
Оқу құралы психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінің психологтары 
мен мектептердегі түзете - дамыта оқыту сыныптарында дефектологтарға 
және ата- аналарға ұсынылады. 
Психокоррекция бағыты - индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне 
психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас 
және дара психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоционалды-еріктік, 
қалыпты мінез-құлық және жеке қасиеттеріне) қарай жүретін қалыпты 
процесс.
1. Коррекция, алдын-алу және дамыту міндеттерінің жүйелілік 
ұстанымы. Онтогенезде психиканың даму сипаты мен оның күрделілігін 
жүйелі есепке алудан тұрады. Кез-келген түзете- дамыту бағдарламасы осы 
негізде құрастырылады.
Мақсаты мен міндеттері үш деңгейді мақсат жүйесінде қалыптасуы 
қажет: 
1. Коррекция арқылы – дамудағы ауытқу мен қиындықтарды ескеру
қиындықтарды жою. 
2. Профилактикалық (ағарту) дамудағы ауытқу мен қиындықтарды 
ескерту. 
3. Дамыту – даму маңызын қолайлы ету және жағдай жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет