5
1.
Оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін арттыруға
арналған түзете-дамыту бағдарламасы
Баланың
мектепке
бейімделуіндегі
қиындықтың
бірі
оқу
бағдарламасын игеруге кедергі келтіретін танымдық процестердің төмен
деңгейде болуынан туындайды. Бала мектепке келгеннен психолог танымдық
процестердің даму деңгейін анықтайды. Анықтау нәтижелері бойынша қиял,
есте сақтау, зейін және ойлау процестерін түзетуге бағытталатын арнайы топ
қалыптасады. Бағдарлама құрамында:
психогимнастика жаттығулары,
босаңсу, аутотренинг тәсілдері бар. Арт-терапия техникасы (сурет, сазбен
жұмыс жасау және т.б.) денелік –басқару
терапиясы, әлеуметтік
психологиялық тренингтер т.б.
Мақсаты
–
сыныпта ауызбіршілік орнату, танымдық процестерді
дамыту.
Міндеті
–
есте сақтауды дамыту; зейінді дамыту;
ойлауды дамыту;
балаларда жағымды эмоция қалыптастыру;
коммуникативті дағдыларды
қалыптастыру;
Коррекция пәні:
балалардың танымдық сферасы.
Топтың ауызбіршілігін көтеруге,
танымдық процестерді дамытуға,
қарым
қатынас
дағдыларын
дамытуға
бағытталған
ойындар.
Психогимнастика элементтері, әңгіме, изотерапия.
Қорытынды бөлім мақсаты:
топқа
қатыстылық сезімін тудыру,
жағымды эмоцияларды бекіту.