Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері


Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологи



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі119,81 Kb.
#85904
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психолингвистика семинар 5

Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады.

  • Психологиялық бағытты ұстанушылар арасында жеке мәселелерге байланысты көптеген қайшы пікірлер бар. Олардың бір тобы индивидуалистік психологизмді басшылыққа алса, екінші бір тобы әлеуметтік психологизмді басшылыққа алады.
  • Әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің «ақиқат бар нәрсе – тек индивуумдар тілі ғана» дейтін қағидаларына қарсы: тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам дегенді айтады.
  • Әлеуметтік социологизм бағытын негіздеушілердің бірі И.А.Бодуэн де Куртенэ «Адамзат тілінің мәні тек қана психикалығында. Тілдің өмір сүруі, дамуы таза психикалық заңдармен шарттас» дей келіп: «Тіл тек адам қоғамында ғана бола алатындықтан, біз онда психикалық жақтың барлығымен қатар әлеуметтік сипаттың барлығын да әрқашан естен шығармауымыз керек. Тіл біліміне тек индивидуалдық психология ғана емес, сонымен қатар социология да негіз болады», – деп жазады.
  • Психологиялық көзқарас кейінгі жылдарда пайда болған лингвистикалық мектептер тұжырымдамаларынан да орын алып отырды. Солардың бірі – жас грамматистер мектебі.
  • Жас грамматистер тілді жеке адамдардың психофизикалық әрекеттерінің жемісі деп санайды. Бұл – олардың бүкіл концепцияларының негізі. Олар тілдегі өзгеріс-құбылыс атаулының барлығы да индивидуумның психофизикалық құбылыстарына, яғни сөйлеу әрекеттеріне байланысты дейді.
  • Ф. де Соссюр концепциясында «тіл мен сөйлеуді бөлу арқылы, – деп жазады де Соссюр, – біз әлеуметтікті индивидуалдықтан бөліп аламыз. Сөйлеуде ұжымдық ештеме жоқ, ол түгелімен индивидуалдық».
  • Психологиялық бағыттың үлкен бір тармағы Америка лингвистикасынан орын алып отыр. 1953 жылы АҚШ-тың Блумингтон қаласында бір топ лингвистер мен психологтардың, этнографтардың семинары болды. Екі айға жуық созылған осы семинардың қорытындысы 1954 жылы жеке кітап болып жарияланды.
  • Кітапта психолингвистиканың негізі – сөйлеу әрекеті және оның коммуникативтік сипаты делінген. Америка психолингвистерінің ғылыми тұжырымдамалары бойынша тіл білімінің негізгі міндеті – тілдік ақпаратты кодқа түсіру, сөйлеу, сөйлесу әрекеттерінің қалай жүзеге асатындығын, сөйлеу әрекетінің сөйлеушілер психикасымен қатынасын; қабылдау, түсіну процестерін зерттеумен шұғылдану дегенді айтады.
  • Осы бағытта жүргізілген теориялық, экспериментальды зерттеулер негізінде жинақталған, шет тілдерді меңгеру, онтогенездегі адамның сөйлеу алу қабілетінің қалыптасуы, адамзат қоғамында сөйлеу коммуникациясын жүзеге асырудың ерекшеліктері сияқты гносеологиялық, фактологиялық материалдар негізінде талданады.
  • Осылайша, психолингвистика – адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеу коммуникациясы мен индивидуалды сөйлеу, сөйлесу, ойлау әрекеттерін психологиялық және лингвистикалық аспект тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы ретінде ХІХ ғасырдың 50-жылдары лингвистика мен психология ғылымдарының тоғысуы нәтижесінде пайда болған.
  • Кеңестік психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы А.А.Леонтьев жаңа ғылым саласының пайда болуын адамзат қоғамының дамуымен, оның ішінде, адамның интеллектуалды әрекеттерінің психикалық табиғатын зерттеудегі ғылыми танымның даму қажеттіліктерімен байланыстырады. Өйткені адамның санасы, ойы, қиялы, сезімі т.б. психикалық қасиеттері сөйлеу әрекеті үстінде көрінеді.
  • Мәселен, ойлау психологиялық тұрғыдан әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің адам санасында жалпы және жанама бейнеленуі болса; сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың субьективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс қиял болып табылады. Бұл бейнеленулер адам ойының талдану және біріктіру әрекеттері арқылы айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет