Кеңес және шетел тіл ғылымында психолингвистиканың көпшілік мақұлдаған белгілі бір нақты тұжырымға негізделген анықтамасы жоқ. Бұған психолингвистиканың кешенді синтетикалық ғылым болуы, әрі әлі де болса қалыптасу үстіндегі ғылыми ілімдердің бірінен саналатындығы дәлел болса керек.

Көптеген ресейлік ғалымдар қазіргі таңда жалпы мазмұнға ие А.А.Леонтьевтің анықтамасын ұстанғанды жақсы көреді: «Психолингвистика пәні ̶ сөйлеу әрекетінің қызметі мен құрылымын адам әлемінің бейнесін түзуші тілдік жүйемен өзара қатынаста қарастырады».
Психолингвистиканың зерттеу нысаны ̶ белгілі бір тілді қолданушы ұжымдық сана, сөйлеу әрекетінің субьектісі танылатын адамзат баласының тілдік санасы, сөйлеу коммуникациясы, сөйлеуді қалыптастыру процестерін және онтогенездік сипатта тілді меңгеру сияқты мәселелерді кеңінен қарастыруды меже етеді.