А.Залевскаяның: «Ресейлік психолингвистиканың негізі «сөйлесім әрекетінің теориясы» екені ешкімге дау туғызбайды», – деген пікіріне сүйенсек, сөйлеу әрекеті, осы әрекетті жүзеге асырушы тілдік таңбалар қызметі лингвистика мен психологияның логикалық бірлігін танытатын тілдік құбылыс ретінде психолингвистиканың зерттеу пәні болып табылады. Олай болса, адамзат баласына тән интеллектуалды іс-әрекеттердің ең жоғары функцияларының бірі – сөйлеу әрекеті, сол сөйлеу әрекетінің психологиялық мазмұны, құрылымы, оларды жүзеге асырудың әдістәсілдері мен формаларын қарастыру психолингвистиканың маңызды зерттеу пәндерінің бірінен саналады.

Психолингвистиканың келесі зерттеу пәні – индивидуалды сөйлеудегі ойлау әрекетін іске асырушы құрылым мен мазмұн ретінде тілдік жүйе, сөйлеу коммуникациясы процесіндегі тілдік таңбалардың қызметі қарастырылса, осы сөйлеу әрекетін жүзеге асырушы тәсіл ретінде адам баласының сөйлеу қабілеті қарастырылады. Өйткені, сөйлеу ̶ айтылатын сөз, ой-пікірлерді туғызушы және қабылдаушы процесс.