Психолингвистиканың жаңа бағыттары Орындаған: Шайых Асылзат



Дата28.11.2019
өлшемі70,06 Kb.
#52708

Психолингвистиканың жаңа бағыттары

Орындаған:Шайых Асылзат

Иманжан Лаура

Қабылдаған:Сулейменова Г.Ж

Жоспар:

  • 1.Психолингвистика ұғымына жалпы түсінік
  • 2.Психолингвистиканың жалпы қарастыратын мәселелері
  • 3.Психолингивтиканың жаңа бағыттары

Психолингвистика (фр. linguistigue — лат. lingua - тіл) — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатарэтнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды

Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымныңлогиканың желісімен байланысты

Психолингвистиканың жаңа бағыттары

1.Инженерлік психолигия

2.нейро-патологиялық психология

3.Шет тілдерін үйретудің әдіснамасы

Инженерлік психология (француз инженер-технологы, технология саласындағы маман) – бұл адам мен машина арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесу процестері мен құралдарын зерттейтін психология саласы. Ол өндірістік еңбек психологиялық құрылымын өзгерткен ғылыми-техникалық революция жағдайында пайда болды және дамыды. 

Патология(грек. pathos – қасірет және logos – ілім) – патологиялық процестер мен жеке ауруларды зерттейтін ғылым; қалыптан тыс ауытқу әдетте патология деп аталады. Медицинаның адаммен жануарлар организміндегі әр түрлі ауытқуларды зерттейтін клиника саласы. Патологияның негізгі екі саласы бар: Патологиялық анатомия Патологиялық физиологиясы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет