Әлеуметтік адаптация және әлеуметтік реабилитация мәселелері және т.б.
Әдістер – ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Адамның психикалық әрекеттерін белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары, бізге оның ойлау мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.