Салыстырмалы психология бұрын бұл зоопсихология деп аталатын психологияның салалары ішінен ерекше орын алады, өйткені ол жануарлардың психикасын зерттейді. Психологиялық бұл бағыттың мәні жануарлардың, әсіресе дамудың жоғары сатысындағы жануарлардың психикасын зерттей отырып, адам санасының алғашқы тарихын ашуға болатындығында. Педагогиклық психология білім беру мен тәрбиелеудің психолгиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және индивидуалдық ерекшеліктерін ескермейінше ашу мүмкін емес. Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің /естің, ойлаудың, қияалдың, сезімнің/ қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді. Міндеті: жастық ерекшеліктерді ашу, жасқа қатысты шақтардың біріншісінен екіншісіне өтудің заңдылықтарын белгілеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |