Психология ғылымында «тұлға» категориясы базалық ұғымдарға жатады



бет5/7
Дата18.12.2021
өлшемі27,96 Kb.
#102440
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жеке тұлға

3. Жеке тұлға бағыт-бағдары.

Жалпы,адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады:

1.Бағыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді.

2.Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады.

3. Кеңдігі. Баланың ұйқысын қандыруы,тойып тамақ ішуі,әдемі киінуі-оның бағытының өресіздігі,тарлығы.Бағыт-бағдар кендігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына,оның әр тарапты дамуына байланысты.

Мұндай қасиеттер баланы тоғышарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыранқы болуы-ұнамсыз қасиет.Осы орайда,»Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген мақалдың тәлімгерлік мәні ерекше.Оқушы үшін қызығу кеңдігі,яғни оның тиянақты білім алып,белгілі бір мамандықты игеруі-саналы азамат болудың шарты.

4.Қарқындылығы.Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті тілек-ынтаға ден қою,белсенді әрекет етіп,іске жігермен кірісу адамның сенімін арттырады.

5.Бағыт-бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп,үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді.Одан кейін зерігеді,ақырында сол үшін өкінеді.Бұл-бағыттың тұрақсыздығы.Мысалы,жас маман үздік оқып,белгілі математик не филолог маман болғысы келеді.Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат,бақытты отбасы,қоғам қайраткері болуды арман етеді.Бағыт тұрақтылығы адамды игі мақсатқа жеткізеді.6. Оқушының әрекетшілігі –оның бағыт-бағдарындағы шешуші кезең. Жас қыз ұстаздық мамандықты не себепті таңдады.Оған бұл мамандықтың несі ұнады.Тандаған мамандығы бойынша жемісті іс атқара ала ма.Мұның бәрі іс-әрекетке байланысты.Кәсіптік-техникалық училищеге түскен оқушы,менеджер болғысы келетін кәсіпкер,шаруашылық орындарында маман,кеңшарда малшы,сауыншы болып істеу-мұның бәрі іс-әрекет арқылы жүзеге асып,адамды арманына жеткізбек.



Жеке адамның бағыт-бағдар түрлерін қарастырғанда өзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктерадамның қажеттіліктері мен мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі.Сондай қажеттіліктердің бастылары-биологиялық (тамақты,ауа мен суды,жылылықты)қажетсіну тарихи дамуда қалыптасатын заттық(киімкешек,тұрғын үй т.б.) қажеттіліктері рухани ақыл-ойын дамыту,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық-көркемдік т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет