Психология ғылымында «тұлға» категориясы базалық ұғымдарға жатады



бет4/7
Дата18.12.2021
өлшемі27,96 Kb.
#102440
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жеке тұлға
жеке тұлға
2. Жеке тұлға мотивтері.

Адамды әрекетке келтіруші күш-қажетсіну.Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар-саналы түзілген бейне не елес,ой не түсінік,идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін.

Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі мотив-бұл адам санасында қаланып,оны белгілі бір қажеттілікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш.Ал кең мәнінде мотив шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі(Р.Г.Агеева). Қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық-әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.

Сонымен,адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді,оның нәтижесіне жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады,іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін және керісінше,бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды.Мотив дамуы мен басталған іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады,ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әртүрлі болады.

Жоғарыда аталғандардың қорытындысы мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік-қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік-қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып,дамып барушы барша түрткілерінің жиантығын аңдатады.Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы,өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп,дамуда болады.Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты,басымдау келіп, адам өмірінің бағыт-бағдар өзегіне айналады.

Мотивтердің қайдан және қалай пайда болатыны жөніндегі мәселе психологиядағы басты проблемалардан. Мысалы,А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен қажетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, аброй қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра. Бірақ А.Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс,қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.

Б.Ф.Ломов,басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнелеуіне негізделеді. Б.Ф.Ломов мотивтік-қажетсіну аймақтың мәнін(құрамы, құрылымы,қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс,қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелдігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес,жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін бірде ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін бірде ұмыту лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б. Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұндай құрылымдардың ең қарапайым түрі- нақты тұлға мұшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бір деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастарынан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын процес екенін ұмытпау керек.

Адамның көптеген мотивтерінде өзі араласқан әртүрлі қауымдастықтарға тән қажетсінулер бейнеленуі мүмкін. Осыдан, мотив өте күрделі де ауыспалы құбылыс. Дегенмен, адам қара басына ықпал жасаушы өзінің руғани күштерін(жеке адам мақсаттары, мұраттары, қажетсінулері, өмірлік бағыт –бағдар және т.б.). көп жағдайда сезе бермейді. Егер олай болғанда, адам мүлтіксіз өзіндік санаға ие болумен, өзі жөнінде шексіз хабардар болып, өзіне өзі нақ баға бере алған болар еді. Ал, шынына келсек, нақты адам өзі жөнінде өзгелерден кемдеу біледі, басқалардың ол турасында бағасы шындыққа сәйкестеу келеді. Әлбетте, әрбір адам дәл мезеттегі нақты әрекеттерінің тікелей мақсатын айқын сезеді, өз өмірінің бүгі-жігін одан артық ешкім де білмейді. Ал танданғандай жәйт адам өзінің қандайда бір қылық, әрекеттерінің дәл себептерін көбіне анықтап бере алмайды, не айқын білмейді. Адам әрекеті, қылықтары түрткілерінің көбі оның өзі сезіп білмеген ықпалдар жетегінде жүреді.

Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі-психикалық көрсетпе – талаптар. Көрсетпе талаптар психалогияда жеке адамның қандай да қажеттігін қанағаттандыру үшін болған әрекетке өзі сезінбеген дайындық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап айтқанда,- обьекті белгілі бір күиде қабылдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға күні бұрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналық дайындықты өткен тәжірибемен ұштастыра әрекетке кіргізуге негіз..Тұрақтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның әрекет қылықтарын айқындап отырады. Мүндай көптеген көрсетпе-талаптардың мәнін құрайтын сипат-алдын ала шешімін дайындап қою – адамның жеке тәжірибесінен алынған асығысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе белгілі қоғамдық топта қабылданған сіңірлі пікір – ой стандарттарына бағынышты болудың нәтижесі.

Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз болып, сенім сипатын алуы мүмкін. Көрсетпе талаптар құрылымы үш бөліктен тұратыны зеріттелген когнитивтік бірлік- адамның біліп, қабылдайтын бейнесі көңіл-күи- бағалау бірлігі-обьектіде болған адамның ұнатуы мен жек көруі әрекетқылық бірлігі-іс обьекті бағытында қандай да әрекет етуге дайын болу, еріктік күштерді іске қосу. Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексізденген ықпал ниет ретінде құмарлық та кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет