Үшінші кезен жұрыс-тұрысты зерттейді ХIХ ғ бірінші жартсында
психология жұрыстұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады.
ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның
дамуы өз алдына әртүрлi мақсаттарды белгiлеп, әртүрлi зерттеу
тәсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар
таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ
ғасырдағы бiршама тағылымдар сананың осы интроспектік
психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Бұл теориялар бойынша
психологиялық зерттеулердің көбіне қоршаған орта мен адам iс-
әрекетi не байланыссыз жан толғаныстары мен көрiнiстерi негiзделдi.
Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм
бағытында шешiмiн тапты.
Интроспекттiк психология аймағындағы теориялардың бiр-бipiнен
айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны және белсендiлк
дәрежесiне қарай әрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама
жетекшi деп есептелiндi. Осы тұрғыдан сана психологиясы өз
зерттеулерiн 5 бағытта алып барды:
саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер);
саналық әрекеттер психологиясы (Ф. Брентано);
саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс);
дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);
суреттеме психологиясы (Дильтей).
Бұл теориялардың бәрi не ортак. Tәрciнiк: қоршаған дүниемен
белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар iс-әрекетi
сана белсендiлiгi деп танылды.
Психологияда эксперименттiк әдiстiң орнығуына қарамастан, бұл
дәуiрде аталған теориялардың бәрiне тән ерекшелк — психикалық
құбылыстардың мәнiн түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау.