Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор
Жас ерекшелік психологиясы
Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары:
2. Сурдопсихология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді;
3. Тифлопсихология– нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
Салыстырмалы психология
Салыстырмалы психологияға зоопсихология этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.