Студенттен интервью алу парағы
Студенттің аты- жөні
Талқыланатын сабақ тақырыбы немесе проблема
|
Сұрақтар
|
Студенттің жауаптары
|
- Сабақ сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
- Сабақтың ұтымды жерлері қандай болды?
- Сабақ тақырыбының (проблеманың) Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?
- Бүінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?
- Осы тақырып бойынша тағы да білгіңіз келеді ме?
- Осы тақырып бойынша қандай ақпарат көздерін пайдаланасыз?
- Бұл тақырыпты қарастыруда сіздің үлесіңіз қандай болды деп ойлайсыз?
- сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?
- Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?
|
|
2 тақырып. Психика мен сананың дамуы.
Сабақтың мақсаты: теориялық зерттеу жасау дағдыларын қалыптастыру, критикалық ойлауды дамыту;
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктердің дамуы (Л.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев және т.б.)
2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары: тітіркенгіштік, сезгіштік, инстинкт, интеллект.
3. Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар.
4. Психиканың негізгі деңгейлері: сана және бейсана (И.С.Кон, А.Г.Спиркин, З.Фрейд)
5. Сана – психикалық дамудың жоғары сатысы ретінде.
6. Адам санасының дамуындағы еңбек пен тілдің маңызы.
Әдістемелік нұсқау:
а) 1-ші сұрақ бойынша анықтама беру және төменде көрсетілген әдебиеттерге сүйене отырып конспект жасау.
б) 2-ші тапсырма бойынша аудиторияда «Джигсо» әдісі арқылы топпен орындау
в) Сана мен бейсана түсініктерін қазақша және орысшы әдебиеттерді оқып талдау жасау
д) 4-ші сұрақ бойынша талдау жасап, терминологиялық сөздік құру керек
Әдебиеттер:
Жарықбаев Қ.Б. Жан тану негіздері. Алматы, 2002.
С.Жақыпов. Жалпы психология негіздері. Оқу құралы. А., Қазақ университеті, 2008.
Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология. Алматы, «Білім», 1996.
Шабельников В.К. Психика функциялық жүйе. Алмты, 1998.
Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері. Құрастырушылар: Н.Б. Беріков, Қ.Б.Жарықбаев Алматы, 1987.
Достарыңызбен бөлісу: |