"психология" курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


МОДУЛЬ 11-дәріс: “Семинар сабағына дайындық әдістемесі”



бет2/2
Дата28.06.2017
өлшемі426,86 Kb.
#20356
1   2

3 МОДУЛЬ 11-дәріс: “Семинар сабағына дайындық әдістемесі”


“Семинар” терминінің түпкі тамыры “seminarium” – білімдерді егуші деген бұрынғы сөзден шыққан. Оқу үрдісі жүйесіндегі семинардың форма ретіндегі орны мен спецификасын мынадай жағдайлармен анықтауға болады:

  • біріншіден, семинарлар теорияларды терең зерттеуге, студенттердің бойында өз бетінше шығармашылық ойлауды қалыптастыруға біршама жақсы мүмкіндікті білдіреді;

  • екіншіден, семинарлар – бұл жас оқытушылардың педагогикалық іс-әрекеті басталатын, оқу формасы;

  • үшіншіден, семинардың жетістігі оқытушыларға да, студенттерге де тәуелді.

Осыдан шыға отырып, семинардың, практикалық сабақтардың қызметтері туралы және тіпті олардың субординациясы жайлы да мәселелер бүгін де педагогтар, методисттер, психологтар үшін пікір-талас тудыратын мәселе болып табылады.

Семинардың негізгі қызметтерін былайша көрсетуге болады:



  1. оқу-танымдық қызмет – дәрістерде және өз бетінше жұмыс жасау барысында алынған білімдерді бекіту, кеңейту және тереңдету;

  2. оқытушылық қызмет – ел алдында сөйлеу мектебі, материалды таңдап алу және жалпылау дағдыларын дамыту;

  3. ояту қызметі – біршама белсенді және мақсатқа бағытталған жұмысқа дайындық күйін талдау негізінде ояту;

  4. тәрбиелеуші қызмет – дүниетаным мен сендірудің қалыптасуы, өз бетіншелікті, ғылыми ізденісті, орындаушылықты тәрбиелеу;

  5. бақылаушы қызмет – студенттердің білім деңгейін және өз бетінше жұмысының сапасын бақылау.

Семинар сабақтарын өткізу формалары әртүрлі. Олардың ішіндегі біршама кең тарағандары мыналар:

  • бақылау-оқыту семинары, оның барысында фронтальды сұрақтама, жазбаша сыныптық бақылау жұмыстары өткізіледі. Басты мақсат – оқушылардың максималды түрде толық бақылау.

  • оқыту семинары, онда зейіннің орталығы студенттердің өз бетінше баяндауы, кеңейтуші және толықтырушы дәрістік материал болып табылады;

  • шығармашылық семинар, ол пікір-талас, пресс-конференция, диспут, елдің алдында реферат қорғау формаларында оқушылардың шығармашылық өз бетіншелігін максималды қамтамасыз ету;

  • практикалық сабақ, ол нақты әдебиетті зерттеу бойынша, іскерлік (рөлдік) ойындар түрінде, компьютердің көмегімен тапсырмаларды шешу, экскурсиялар немесе ғалымдармен, практиктермен, оқытушылармен және басқа жоғарғы оқу орны студенттерімен кездесі түрінде өткізілуі мүмкін.

Семинар сабағының жетістігі мен тиімділігіне оқытушы мен студенттердің жақсы дайындығымен қол жеткізуге болады. Оқытушының дайындығы теориялық және әдістемелік аудандарды біріктіреді. Теориялық тұрғысынан алғанда, оқытушы жоспарды терең түсінуі және семинардың мәнін қалыптастыруы керек, ол әдебиеттерді зерттеп, ең маңызды және күрделі сәттерді айқындауы тиіс. Әдістемелік тұрғыдан алғанда, ол семинарды өткізудің жалпы әдістемесін де, алда тұрғанның әдістемелік ерекшеліктерін де толық білуі қажет.

Студенттер семинарға дайындалғанда семинардың тақырыбымен және жоспарымен танысады, оның мәні мен әдістемелік ерекшеліктерін айқындайды, баяндама жасауға материалдар жинақтайды. Қиындықтар мен мәселелер туындаған жағдайда студенттер кеңес алуға келеді (топтық және индивидуалды). Осылайша, практикалық сабақ, семинар ұсыналған әдебиеттерді өз бетінше оқудың нәтижесі болып табылады, ол еркін жағдайда пікір алмастыруға, әлі толық айқын емес және көрген нәрселерін анықтауға мүмкіндік береді.



Семинар сабақтарының әдістемелік құрылғысы.

  1. Сабақтың тақырыбы.

А) Тақырыптың курс бағдарламасындағы негіздемесі мен орны.

Б) Сабақтың мақсаты мен міндеттері: танымдық, тәрбиелік, дамытушы, әдістемелік.

В) Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді таңдау.


  1. Семинарды ұйымдастыру формасы:

  • Сұрақ-жауаптық;

  • Әңгімелесу;

  • Баяндамалар;

  • Жазбаша рефераттарды талқылау;

  • Пікір-талас;

  • Рөлдік ойын және т.б.

  1. Сабақтың жоспар-конспектсін құрастыру, онда қарастырылып отырған мәселені шешу барысында негізгі тақырыпты, міндеттерді, қарама-қайшылықтарды бейнелейді.

  2. Талқыланған тақырыптың резюмесі.

  3. Семинар сабағының өткізілгеннен кейінгі барысының талдамы.


12-дәріс: “Жоғарғы мектептегі тәрбие үрдісінің психологиялық негіздері”

Жоғарғы оқу орнындағы тәрбие үрдісі оқушылардың (студенттердің) тұлғасымен, олардың жастық және психологиялық ерекшеліктерін білумен байланысты бір қатар сипаттамаларды, сонымен қатар жоғарғы мектептегі оқытудың спецификасын есепке ала отырып құрылуы қажет. Жоғарғы оқу орнындағы тәрбиелік үрдісті комплекстік идеясын есепке ала отырып іске асырылуы тиіс. Бұл идея тәрбиелеу үрдісінің барлық элементтерін, тәрбиелік тапсырмаларды проекциялаудан, мазмұнды, тәрбиелік әсерлердің формалары мен әдістерін таңдаудан, тәрбие жұмысының барлық қатысушыларының бірлескен іс-әрекетін ұйымдастырудан тәрбиенің нәтижелерін талдауға дейінгі элементтерін органикалық сәйкестендіруді талап етеді. Тәрбиеге комплекстік бағытта студенттің мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін ашу мүмкін болып табылатын, студенттің барлық іс-әрекеттерінің ұйымдасуы болады. Ю.П. Азаровтың пікірінше: “Бұл оқыту-тәрбиелеу үрдісі тәрбиенің барлық бөліктері, тәрбие үрдісінің барлық жүйелері сәйкес өзара әрекетте болатын біртұтастықтыбілдірген жағдайда мүмкін болып табылады.

Ондай жүйелерге мыналар жатады:

1 – технологиялық (материалдық жағдайлар, режим, іс-әрекеттің түрлері, әдістері, оқу және тәрбиелік жоспар, жобалаудың, жетекшіліктің және бақылаудың бірдей жүйесі);

2 - әлеуметтік-психологиялық (қатынастардың барлық түрлері: заттық әлемге, адамдарға, өз-өзіне қатынас);

3 – этикалық жүйе (студенттің бүкіл рухани-эмоционалды өмірі, оның танымдық белсенділігі, ұнамдылығы, жетілдіруге талпынысы)”.



Технологиялық жүйе немесе технология формальды және шығармашылық істердің жүйесін білдіреді. Ең алдымен тәрбиеші өз іс-әрекетінде студенттердің практикалық іс-әрекетіне бағытталуы тиіс. Бұнда оқытушы мен студенттер арасында формальды және шығармашылық істердің жүйесін жақсылап бөлу қажет. Қалыптасып келе жатқан қатынастың механизміндегі негізгі қозғаушы – студенттерді белсенді практикалық іс-әрекетке тартудың тиімді формасы ретіндегі студенттік өзін-өзі басқару. Кез-келген оқытушы өз іс-әрекетінің мазмұнына үнемі көңіл аудару, өзара аз байланысты жұмыстың жеке түрлерін орындау, студенттердің ішкі позициясына қызығу жоқ болғандағы олармен формальды байланыс тиімді іс-әрекетке алып келмейтіндігін естен шығармауы қажет.

Кез-келген тәрбие технологиясының мәні мынада: мақсат қою, оған қол жеткізу жолдарын анықтау, тәрбие жоспарын құрастыру; осыған ұқсас істерді орындау тәжірибесімен танысу; жұмыс қалай жүруі керектігін айқындау; көмекшілерді, орындаушыларды таңдау; қызметтерді бөлу; не істеу керектігін түсіндіру; жұмысты бақылау; іс-әрекеттің қорытындысын жасау. Психологиялық-педагогикалық техника студенттердің тәртіптілігін басқаруға, оқытушыға қажетті иілгіштікті қалыптастыруға, психологиялық-педагогикалық әсерлердің әдістерін дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.



Әлеуметтік-психологиялық жүйе топ ішілік өзара қатынастар мен әсерлерді ұйымдастыруды білдіреді. Ол үшін тәрбиеші коллектив ішілік қатынастарды және тәуелділіктерді, қарама-қайшылықтар мен конфликтлердің табиғатын білуі қажет. Олардың қатарында мыналар бар:

  • студенттік топтың әрбір мүшесінің дәрежесі мен қызметтік жүріс-тұрыспен анықталмаған жеке студенттердің әсері арасындағы қарама-қайшылықтар;

  • іс-әрекетті ұйымдастырумен ізделетін мақсаттардың тұлғалық мәнді мақсаттарға сәйкес еместігі;

  • микро ортаның ұнамды тәжірибесінің қоғамдық мораль бағдарларымен сәйкессіздігі;

  • бір жағынан, студенттерде жеткілікті дамыған еріктік сфераның, жинақылығының екінші жағынан, оқытушының талап қойғыштығының жоқтығы.

Әрбір студенттің танымдық және тиімді қатынастар жүйесіне енуі мыналармен шарттанады:

  1. әрбір студентпен жұмыста жақын психологиялық-педагогикалық тапсырманы қою;

  2. өзара ақниеттік және өзара көмектесу атмосферасын қалыптастыру;

  3. күнделікті өмірдегі жақын қоршаған ортаның тәрбиелік әсерлерін есепке алу;

  4. коллективтің құрылымы, студенттердің тұлғалық қасиеттері туралы ақпараттарды пайдалану;

  5. бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру;

  6. студенттерді объективті бағалау және оларға бірдей қатынас.

Этикалық жүйе оқытушы мен студенттер арасындағы өзара қатынастың, сонымен қатар студенттердің адамдарға, іс-әрекетке және өз-өзіне деген қатынасының нормаларын береді.

Тәрбие үрдісінде тәрбиешінің тұлғасына үлкен жауапкершілік түседі. Жоғарғы оқу орны жағдайында бұл тәрбие қызметін барлық жоғарғы мектеп оқытушылары орындайды. Жоғарғы оқу орнындағы оқыту-тәрбиелік үрдістің қазіргі кездегі күйі оқытушыдан белгілі-бір икемділіктердің болуын талап етеді. Тәрбиешінің маңызды икемділіктеріне мыналарды жатқызуға болады:



  • әртүрлі психологиялық-педагогикалық жағдайлардағы студенттер ортасында, әрбір жеке студентте болатын үрдістерді дұрыс қабылдау икемділігі;

  • жағдайды таңдауға қатысты “мақсат-құрал-нәтиже” сәйкестігін талдау икемділігі;

  • студенттер өмірін ұйымдастыру икемділігі;

  • талап ету және сену икемділігі;

  • тез арада бейімделу және зейінді аудару икемділігі;

  • жағдайды әртүрлі көзқарастар тұрғысынан бағалай алу икемділігі;

  • психологиялық-педагогикалық фактлердің көп түрінен мәндісін бөліп алу икемділігі;

  • бір ғана жағдайда әсер етудің әртүрлі тәсілдерін пайдалана алу икемділігі;

  • өз көңіл-күйін, сезімдері мен ойларын сөзбен, мимикамен және қозғалыстармен дәлме-дәл бере білу икемділігі.

Оқытушы-тәрбиешінің жетістікті іс-әрекетінің басты негізі тек реалды көрінген психологиялық-педагогикалық салдарларды ғана емес, сонымен бірге психологиялық-педагогикалық әсер етулердің нәтижелерін проекциялауды анықтау болып табылады.




13-дәріс: “Студенттік топтың сипаттамасы және оны зерттеудің психологиялық әдістері”

Студенттік топ тұлғаның жоғарғы оқы орнындағы оқуы барысында әлеуметтенуінің маңызды агенттерінің бірі болып табылады. Топтағы адамдардың жүріс-тұрысы индивидуалды жүріс-тұрысқа қарағанда өзінше ерекше болып келетіні мәлім. Онда сенгіштік, конформизм, билікке бағыну механизмдерінің негізінде топтық нормалар мен құндылықтарға бағыну мен оның қалыптасуы есебінен топ мүшелері жүріс-тұрыстарының унификациясы, ұқсастығының өсуі сияқты, топқа өзінің жауаптық әсерін тигізу мүмкіндіктерінің өсуі де болады. Студенттік топта тұлға аралық (эмоциялық және іскерлік) өзара қатынастардың, топтық рөлдерді бөлудің және лидерді анықтаудың және т.б. құрылымдануының, қалыптасуының және өзгеруінің динамикалық үрдісі болады. Осы барлық топтық үрдістер студенттің тұлғасына, оның оқу іс-әрекетінің және кәсіби құрылуының жетістігіне, оның жүріс-тұрысына күшті әсер етеді.

Студенттік топтың ерекшеліктері мыналар:


  1. Құрамының бірдейлігі (жастық айырмашылықтар әдетте 5 жастан көп емес), қызығулардың, мақсаттардың, психологиялық ерекшеліктердің жастық ұқсастығын шарттандырады, топтың ұйымшыл болуына көмектеседі.

  2. Студенттік топ іс-әрекетінің негізгі түрі – оқу, ал оқу ұйымшылдығының факторы өндірістікке қарағанда әлсіздеу, сондықтан ұйымшыл коллектив қосылмайды, әрқайсысы өзінше болады.

  3. Студенттік топтар өзін-өзі басқарудың негізінде қызмет жасайды, оқытушы-куратардан белгілі-бір басқарушы әсер етуге түседі.

  4. Студенттік топта “коллективтік қайғыру және көңіл-күй”, “коллективтік пікір”, еліктеу, сену немесе конформизм құбылысы, сайысу құбылысы сияқты әлеуметтік-психологиялық құбылыстар көрінеді.

“Коллективтік қайғыру және көңіл-күй” – бұл коллективтегі, қоршаған әлемдегі жағдайға коллективтің эмоциялық реакциясы. Коллективтік көңіл-күй конфликтге алып келе отырып, коллективтің іс-әрекетін стимулдандырады немесе өшіре алады.

“Коллективтік пікір” – коллективтік өмір сұрақтары бойынша пікірлердің, көзқарастардың ұқсастығы, белгілі-бір жағдайларды, топ мүшелерінің қылықтарын мақұлдау немесе мақұлдамау.

Еліктеу, сену немесе конформизм және сайысу құбылыстары - өз іс-әрекетінің нәтижелеріне эмоциялық қызғанышпен қарайтын, жетістікке қол жеткізуге талпынатын адамдардың өзара әрекет формасы.


  1. Студенттік топ “ассоциациялар” типінен коллектив деңгейіне дейін дамиды немесе “корпорация” типіне дейін өзгереді.

Ассоциация - өзара қатынастар тек тұлғалық мәнді мақсаттармен (достарымен, таныстарымен) ғана жанамаланатын топ.

Кооперация – реалды шын мәнінде ұйымдасқан құрылымымен ажыратылатын топ, іс-әрекеттің жеке түріндегі нақты тапсырманы орындаудағы талап етілген нәтижеге қол жеткізуге бағынған іскерлік сипаттағы тұлға аралық қатынастар.

Корпорация – ішкі мақсаттармен ғана біріктірілген, оның шегінен шықпайтын, өзінің топтық мақсаттарын кез-келген жолмен, соның ішінде басқа тортар арқылы іске асыруға талпынатын топ. Кейде корпоративті рух топ топтық эгоизм қырларына ие болғанда еңбектік және оқу топтарында орын алуы мүмкін.

Коллектив – уақыт бойынша тұрақты, бірлескен қоғамдық пайдалы іс-әрекетпен және топ мүшелері арасындағы формальды (іскерлік) және формальды емес өзара қатынастардың күрделі динамикасымен біріктірілген, арнайы басқару органдары бар өзара әрекеттесуші адамдардың ұйымдасқан тобы.

Коллективті зерттеудің психологиялық әдістері: “Әлеуми тип” сандық тесті (В. Мегель, А. Овчарова); “Басқару стильдері” тесті; “Топтық рөлдер” тесті; социометрия, референтометрия.

14-дәріс: “Педагогикалық шеберліктің психологиялық негіздері”

Зерттеушілер М.И. Дъяченко және Л.А. Кандыбович, педагогикалық шеберлікті анықтай отырып, былай деп жазады, “бұл оқытушының кәсіби іс-әрекетінің жоғарғы деңгейі. Сырттай ол өте әртүрлі педагогикалық тапсырмаларды жетістікті шығармашылық шешуде, оқу-тәрбиелік жұмыстың тәсілдері мен мақсаттарына тиімді қол жеткізуде көрінеді.

Ішкі жағынан педагогикалық шеберлік – бұл педагогикалық тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ететін, білімдердің, дағдылардың, икемділіктердің, психикалық үрдістердің, тұлғаның қасиеттерінің қызмет ететін жүйесі”.

Педагогикалық шеберліктің тағы да бір анықтамасы педагогикалық энциклопедияда кездеседі: “бұл қабілеті бойынша жұмыс істейтін әрбір педагог жасай алатын тәрбиелеу мен оқытудың жоғарғы және үнемі жетілдіріліп отыратын өнер”.

Осылайша, педагогикалық шеберлік түсінігінің мазмұнына мыналар енеді: 1) жалпы жоғары мәдениет, эрудиция; 2) оқытылып отырған ғылымның ауданындағы кең және терең білімдер; 3) педагогиканың, жалпы, жас ерекшелік және педагогикалық психологияның білімдерімен жабдықталғандық, оларды практикада пайдалана алу икемділігі; 4) оқу-тәрбиелік жұмыстың жетілдірілген әдістемесін меңгеру.

Педагогикалық шеберліктің құрылымында келесі өзара байланысты элементтерді бөлуге болады: психологиялық-педагогикалық бағыттылық, кәсіби білімдер; сабақ беру іс-әрекетіне қабілеттілік; психологиялық және педагогикалық техника ауданындағы икемділіктер.

Сабақ беру іс-әрекетіне психологиялық-педагогикалық бағыттылықты бір қатар психологиялық тесттердің көмегімен анықтауға болады. Психологияда бағыттылық түсініледі.

Кәсіби білімдерге өтіліп отырған пән, жас ерекшелік, педагогикалық және жалпы психология және педагогика, пәнді оқыту әдістемесі бойынша білімдер жатады.

Оқыту іс-әрекетіне қабілеттілікке мыналар кіреді:



  1. Дидактикалық қабілеттер – материалды қол жететіндей етіп, логикалық негізделген, қызықты, айқын және анық етіп жеткізе білу икемділігі;

  2. Ұйымдастырушылық қабілеттер дәлдік, тиянақтылық, жауапкершіліктік, жинақылық сияқты тұлғалық мәнді қасиеттердің көмегімен оқушыларды ұйымдастыру қабілетінде және өзінің оқытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру қабілетінде көрінеді;

  3. Коммуникативті қабілеттер – оқушылармен дұрыс өзара қатынас орнату, пікір алмастыруға коммуникациялық, қарым-қатынасшылдық, ашықтық;

  4. Перцептивті қабілеттер – оқушының ішкі әлеміне ене білу икемділігі, оның көңіл-күйі мен өзіндік сезімін тану және оған жауап қату икемділігі;

  5. Суггестивті қабілеттер – оқушыларға эмоциялық-еріктік әсер ете алу, оларды сендіру, өзінің дұрыс айтқандығын дәлелдеу икемділігі;

  6. Ғылыми-танымдық қабілеттер – жаңа ақпараттарды, ғылымның сәйкес аудандарынан алынған білімдерді меңгеру икемділігі;

  7. Эмоциялық тұрақтылық - өзін-өзі ұстай алу қабілеті;

  8. Рефлексия және оптимисттік жобалау - өз студенттерінің және өзінің әрекеттері мен жүріс-тұрыстарын талдай алу, оқу-тәрбиелік үрдістің жетістіктігін қамтамасыз ете алатын факторларды есепке ала отырып жағдайдың ары қарайғы дамуын жобалау қабілеті.


15-дәріс: “Педагогикалық іс-әрекет және жоғарғы мектеп оқытушысына қойылатын кәсіби-тұлғалық талаптар”

Педагогикалық іс-әрекет оқытушыға бір қатар талаптар қояды. Педагогикалық қызметті тиімді орындау үшін қазіргі кездегі оқытушы педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын, оның негізгі компоненттерін, сонымен қатар жоғарғы мектеп оқытушысына қойылатын талаптарды білу аса маңызды.




ПІ кезеңдері мен компоненттері

Педагогикалық әрекеттер

Кәсіби-тұлғалық икемділіктер мен психологиялық қасиеттер

1. Дайындық кезеңі

  1. Мақсаттарды қалыптастыру;

  2. Оқушылардың оқығандық ерекшеліктері мен деңгейін диагностикалау

1. Жоғары ғылыми кәсіби білімдер

2. Конструктивті іс-әрекет

  1. Болашақ сабақтардың оқу материалының мазмұнын таңдау;

  2. Оқыту әдістерін таңдау;

  3. Өзінің және оқушылардың әрекеттерін проекциялау

2.Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер.

3.Оқу-тәрбиелік әсерлердің әдістемелерін практикалық меңгеру.



3.Педагогикалық үрдісті іске асыру кезеңі

  1. Сабақтардағы тәртіпті және жұмыс жағдайын бағдарлау;

  2. Оқушылардың іс-әрекетін стимулдандыру.

4.Бақылаушылық, студенттердің психикалық күйін түсіну, топтағы көңіл-күйін толығымен түсіну.

5.Жағдайға тез бейімделу, жүріс-тұрыстың иілгіштігі.



4.Ұйымдастыру іс-әрекеті

  1. Оқу материалын беру бойынша өз іс-әрекетін ұйымдастыру;



  1. Реалды жағдайларда өз жүріс-тұрыстарын ұйымдастыру;

3) Студенттердің іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

4) Педагогикалық әсерлердің және коррекцияның нәтижелерін бақылауды ұйымдастыру.



6.Материалды ұсынудағы жеңілдік, логикалық, біртінділік, эмоциялық.

7.Сөйлеу мәдениеті, эрудиция.

8.Экспрессивті қабілеттер.

9.Зейінді жақсы бөлу, мағыналық ес, иілгіш шығармашылық ойлау.

10.Өзін-өзі басқару, өзінің көңіл-күйін реттеу икемділігі

11.Өз денесін, дауысын, мимикасын, жесттерін басқару икемділігі.

12.Ұйымдастыру қабілеттері.

13.Түсіндірілген материалдың меңгерілу деңгейі туралы кері ақпаратты алу икемділігі.



5.Коммуникативті іс-әрекет

1) оқушылармен дұрыс өзара қатынас құру;
2) тәрбие жұмысын іске асыру;

14.Қарым-қатынас қажеттілігінің болуы.

15.Педагогикалық такт.

16.Педагогикалық импровизация, психологиялық әсер етудің түрлі құралдарын қолдану икемділігі.

17.Қарым-қатынас пен жетекшіліктің демократиялық стильі.



6.Нәтижелерді талдау кезеңі (гностикалық іс-әрекет)

  1. Оқыту мен тәрбиенің нәтижелерін талдау;

2) Қойылған мақсаттардан нәтижелердің ауытқуын анықтау;

3) Сол ауытқулардың себептерін талдау;

4) Ол себептерді жою бойынша шараларды проекциялау;

5) Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін шығармашылық іздестіру.



18.Өз тұлғасы мен іс-әрекеттерінің жетістіктері мен кемшіліктерін сыни бағалау.

19.Өзіне-өзі білім беру, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін зерттеу.



20.Педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық ыңғай.


Емтихан сұрақтары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет