Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді.