Э.Роттердам, Р.Бэкон, Я.Каменский - оқытуды ұйымдастыру; Р.Декарт, Б.Спиноза, Дж.Локк, Д.Гартли, Ж.Ж.Руссо - тұқымқуалаушылық пен ортаның әсері қарастырылды 3. ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ. Ұлттық сана - ұлт рухы мен психологиясының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған. Тарих өрісінен ұлттық болмысымыздың рухани негізіне айналған ұлттық сана құбылыстарын зерделеу қиын емес. Қазақ ұлтының ұлттық санасының тарих өрісіндегі құбылысы елдік, бірлік, ар-намыс, батырлық, ержүректілік, тектілік, кісілік, имандылық, адалдық, тазалық, намысшылдық, қамқорлық және ұлттық қасиетке терең болу. Қазақ қоғамының тарихи кеңістігінде ел болмысының рухани негіздеріне айналған ұлттық сана құбылыстары ең алдымен жеке адамның ерік жігерін қалыптастырып отырған. Табиғатпен етене араласқан қазақ халқы рухани өмірде елдікті, ұрпақтың ауызбіршілігін сақтайтын сапа-қасиеттерді қалыптастырып, кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен. Әрбір халық оқыту мен тәрбиелеу тәсілдері мен амалдарын, қарапайым педагогикалық амалдарды қалыптастырды. Ұлы педагог К.Д.Ушинский: «Алғашқы тәрбиеші – халық» деп бекер айтпаған. Халықтық педагогика өскелең ұрпақтың бойында рухани және физикалық қасиеттерді қалыптастырудың саналы және мақсатқа бағытталған іс-әрекеті тұрғысынан пайда болды. Дін, тарих, өнер, ғылымның пайда болуынан тәрбиенің мазмұны да күрделенді. Ұлттың тарихы ұлт пен оның тәрбиелеп шығарған тұлғаларының интеллектуалдық болмысының өрісінен шығады. Рухани болмыстың негізі ұлттық сана. Тарихты сақтау ұлттық сананы құрметтеу, тарихты білу ұлттық сананы иеленіп отырумен тең. Әрбір тарихи уақыт өрісіндегі жекелеген адамдардың интеллектуалдық қызметі оның бойындағы ұлттық санасымен көрініп отырады.