Дәріс тақырыбы: Психология пәніне кіріспе Жоспары: 1. Психология ғылымының анықтамасы, пәні, мақсат, міндеттері. 2. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері. 3. Ұлттық сананың психологиялық сипаты. 4. Психология ғылымының зерттеу әдістері, тәсілдері, салалары.
Негізгі әдебиеттер: 1. Немов Р.С. Психология 1к. М -2000 гл.1 2.Столяренко Л.Д. Общая психология М -2001 гл.-1 3.Рогов Е.И. Общая психология М -2001 4. Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология А -1998 Қосымша әдебиеттер: 1. Гамезо М.В. Курс психологии М.-1999 2.Климов Е.А. Общая психология М-2001 3. Н. Берікұлы Жантану Ақтөбе -2006. Психология ғылымының анықтамасы, пәні, мақсат, міндеттері. Психология дегеніміз – адамның психикалық әрекеттерінің өсіп даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері-ежелгі Греция. Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхе»-жан, «логос»-ілімдеген сөздерінен тұрады. Қазақша мағынасы «жан туралы ілім». Бұл ғылымның өзіндік таңбасы Ψ (псю деп аталатын грек әріпі).
Психологияның объектісі – әлемнің субъективті құбылысындағы процестерді адамның тану жағдайы.
Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психика айрықша ұйымдастырған материяның ең жоғарғы қасиеті. Айрықша ұйымдастырылған материя дегеніміз - ми, жүйке, сана. Психика мидың қасиетті функциясы. Психика материясыз болмайды. Материя психиканың негізі. Психика мен материяның, сана мен болмыстың бір-біріне қатынасуы туралы материалистік түсінік қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері материя алғашқы, ал сана соңғы, ол материядан пайда болады деп түсіндіреді. Орта ғасырларда шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде «дүние материядан құралады. Ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгереді», дейді. Ал жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды, деп ғылыми материалистік пайымдау жасады. Сөйтіп, психология адамды өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды. Психологияның мақсаты - психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді.
Психологияның міндеттері - әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру - психология ғылымының басты міндеті.