Психология пәніне кіріспе Жоспары: Психология ғылымының анықтамасы, пәні, мақсат, міндеттері. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері


Халыққа ортақ қасиеттер мен тәжірибелерге тұнып тұрған ұлттық сана тарих даналығымен ортақ құндылыққа айналады



бет4/5
Дата21.04.2023
өлшемі158,59 Kb.
#175098
1   2   3   4   5
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ пәніне кіріспе №1 -

Халыққа ортақ қасиеттер мен тәжірибелерге тұнып тұрған ұлттық сана тарих даналығымен ортақ құндылыққа айналады.
Жеке адамның өзіндік санасының интеллектуалдық қызметі, болмысы арқылы ұлттық сана деңгейіне өтуінің негізінде адам бойындағы рухани қасиеттердің қызметі мен күші жатыр. Мәселен, халыққа түрлі сала бойынша еңбегі сіңген қазақ тұлғалары халық тарапынан хан, батыр, би, шешен, ұлт ақыны деген атауға ие болған. Зиялыларды елдік, мемлекеттілік идеясына біріктіретін ұлттық сана. Сондықтанда, алаш зиялылары айтқандай елдің ел болуын, ұрпақтың ер болып өмір сүруін көздейтін мемлекеттер тарихты иман дәрежесіне көтереді.
4. Психология ғылымының зерттеу әдістері негізгі
және қосалқы болып бөлінеді:
Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Оның екі түрі бар:
1. Табиғи эксперимент - психологияға 1910 жылы орыс ғалымы А.Ф. Лазурский енгізді. Бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. 2. Лабораториялық эксперимент -адамның сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабораторияда жүргізіледі. 1879 жылы Германияның Лейпцик қаласында В.Вундт әлемдегі тұңғыш лабораторияны ашты. Психология ғылымында кеңінен тараған негізгі әдістің бірі бақылау- арқылы байқалған фактілер мен құбылыстардың табиғаты психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Өмір тәжірбиесінде әдеттегі бақылаудан ғылыми бақылаудың негізгі айырмашылығы құбылыстардың себеп - салдар принципі бойынша әрбір нәрсенің сырын ашып көрсетеді. Психология ғылымында басқада қосалқы немесе психодиагностикалық әдістер бар: әңгіме, анкета, тест, социометрия, сұхббаттасу, коррекциялық әдістер, аутотренингтер, тренингтер және т.б.
Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімен тығыз байланысты болып отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет