Психология ғылымының салалары:
** педагогикалық психология (оқыту, тәрбие, мұғалім психологиясы),
**жас ерекшеліктер психологиясы (балалар, жеткіншектер, жасөспірімдер, ересектер, қарт адамдар психологиясы),
** арнаулы психология (олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған адам психикасын, тифлопсихология - нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді),
** патопсихология (бұл сөз грек тілінде «патос» - зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді) - туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейді,
** еңбек психологиясы (инженерлік, авиациялық, космостық),
** медициналық психология (нейропсихология, психоформакология, психотерапия, психопрофилактика және гигиена),
** әлеуметтік психология (адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады) және т.б. салалары бар.
Бекіту сұрақтары:
1. Психология ғылымы нені зерттейді?
2. Психология ғылымының анықтамасы, пәні, мақсат, міндеттері қандай?
3. Психология ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері?
4. Психология ғылымының зерттеу әдістері, салалары қандай?
Дәріске қатысып, зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |