Психология пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет2/3
Дата18.06.2020
өлшемі67,32 Kb.
#73992
1   2   3
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ мемлекеттік емтихан

Психологияның салалары

Қaзipri уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді. Адамның нақты ic-әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын былай жіктейді:



  1. Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы – адамды оқыту мен тәрбиелеу iciндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесі, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиістi оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-оқушы арасындагы өзара қарым-қатынастарды реттеудің мәселелерін қарастырады. Оқушылар ұжымындағы өзара қатынастар мен олардың психологиялық даралық ерекшеліктерін, санасын ажыратудың мүмкіндіктерін тәлім-тәрбие психологиясының мынадай тармақтары бар:

а) Оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын қалыптастыру мәселелерімен шұғылданады.

ә) тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету психологиясының негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.

II. Жас кезеңдерінің психологиясы - әрқилы психикалық процестердің табиғи нeгізi мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық саналарын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан тұрады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология). Бұл сала оқыту мен акыл-ойдың дамуын зерттейді.

III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының, 6ipқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр түрлі аурулардың себептерін қарастырады. Арнаулы психологияның тармақтары: олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясыньң дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психологиясын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен зағиптардың психологиялық дамуын зерттейді.

IV. Енбек психологиясы - адамның ic-әрекет түрлерінің психологиясын, ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық талаптарын зерттеумен 6ipre психология гылымының дербес салаларына айналган білімдерге жіктеледі. Олардың iшінде: инженерлік психология, авиациялык психология, ғарыштық психология, т.б. бар.

V. Медициналық психология - дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді.

VI. Әскери психология – азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын психологиялық тұрғыдан даярлау.

VII. Әлеуметтік психология – адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерін, адамдардың әр түрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініc беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

VIII. Спорт психологиясы – спортшылардың ic-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың, жағдайын анықтайды.

IX. Сауда психологиясы - әp6ip елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық кажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.

X . Ғылыми-шығармашылық психологиясы – шығармашылық адамның жасампаздық кызметі, өзіндік ерекшеліктepi, белсенділігі айқын көрініп ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы сезімдерінің рөлі, т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды

заңдылық - эвристика тәсілі.

XI. Салыстырмалы психология – психиканың физиогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ажыратады.

XII. Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді зерттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзеу психологиясы деп аталатын тармақтардан тұрады.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі  негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа  аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста  талдай отырып, Б.Ф.Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет