Диалогтык
сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алы-
суы, түзілетін сөйлемнің кұрылымы толық болмауымен ерек-
шеленеді. Өзара түсіністік мұндайда бұрынғы эңгіме желісінен,
тақырып барысынан жэне іс-әрекет мазмұнына орай жетіледі.
Ауызша сөз, әдетге, эңгімелесуге қосылған адамның ниет, ықы-
ласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған
жауап ретінде жүзеге асады.
Монологтық
сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма
сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді.
Әдетте, бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып,
қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дэріс-
баяндар (лекция) ж. т. б.)- Дайындық барысында мұндай баян-
дардың кей жерлері бірнеше рет іштен қайталанады, жоспары
қайта түзілістерге түседі, орынды сөздер, сөз тіркестері мен
сөйлемдер іріктеліп, тандалады, көп жағдайда ауызша сөйлеу-
дің жоспары жазбаша түзіледі. Монологтық сөз құрылымы
жағынан күрделі болып, ой толықтығымен көрінеді, баяндалуы
бір ізді, қатал логикалық талаптарға бағынады. Монологгық
сөйлеу диалогтыққа қарағанда қиындау, сондықтан оның толық
формасы адамзат тарихында кейінірек қалыптасқан. Ал мұндай
сөйлеу түрін шәкірттерде қалыптастыру үшін ұстаздар арнайы
міндеттерді жүзеге келтіре отырып, еркін эрі мэнді сөйлеу тә-
лім-тәрбиесін бүкіл оқу-үйретім үдерісінде үзбестен жүргізіп
келеді.
Бүрын атағанымыздай, қалаған ақпаратты екінші адамға
жеткізу үшін таңбалар не таңбалар жүйесін қолданамыз. Осы-
ған орай ортақгасу үдерісінде вербалды (таңба ретінде — сөз,
баян) жэне вербалды емес (таңба ретінде — сөзден тыс белгі,
ишаралар) байланыстар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |